Дістемелік кешені



бет3/30
Дата06.02.2022
өлшемі312,5 Kb.
#54322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Егер қазақ журналистикасының тарихына үңілсек, жалпы публицистиканың дамуына назар аударсақ көп жайды аңғаруға болады. Ал мұның бәрі өздігінен болған нәрсе емес, қайта көптеген тұлғаларымыздың басқа да елдердегі секілді, қазақ журналистикасының негізін салып кеткеніне байланысты. Өткен ғасырдағы Шоқанның «Жоңғария очерктерінен» бастап, Абай мен Ыбырайдың еңбектеріндегі публистикалық сарындар мен элементтер қазақ журналистикасының бастау бұлақтары десе де болады. Одан соң мерзімді басылым ретінде дүниеге келген «Түркістан уалаяты» мен « Дала уалаяты» газеттерінің, «Шолпан», «Сана», «Садақ» журналдарының атқарған рөлі қалай айтуға да тұрарлық. Ал, Мұхамеджан Сералиннің орны тіпті бөлек. ХХ ғасырдың басында қоғамдық өмірге блсене араласқан, журналистикаға да публицистикалық мақалалармен үлес қосқан « ақтаңдақ» аталған тұлғаларымыз Ахмет Байтұрсыновты, М.Дулатовты, М. Жұмабаеты, Ж.Аймауытовты атамай өтпейміз. Тағы бір шоғыр классиктеріміз С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров еңбектері ше? Бұлардың таза әдеби шығармаларымен бірге, толып жатқан публицистикалық материалдары өз кезіндегі журналистиканың құнды дүниелері болғандығына сөз жоқ. Одан беріде М.Әуезовтың, С. Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың, Ғ.Мұстафиннің ел өмірінен жазған көркем очерктері мен деректі мақалалары, публицистикалық жинақ кітаптары шыққаны аян. Сайып келгенде мұндай классиктеріміз тек қазақ әдебиетін дамытып қана қоймай, қазақ журналистикасын, публицистикасын да параллелді түрде дамытты деп батыл айта аламыз. Ал олардың творчестволық ізденістері, творчестволық еңбек лабораториясы қалай болып еді, публицистикалық еңбектеріндегі әдіс – тәсілдері мен қалдырған мұраларынан не үйренуге болады? Міне, бұл кеңінен қарастыруға болатын нәрсе. Публицистикадағы дәстүр жалғастығы, алдыңғының кейінгіге үлгі – ұлағаты туралы айту студенттерге пайдалы болары түсінікті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет