ҚҰнанбай арғынбек бақ тіліндегі жаңа атаулар



Дата20.03.2020
өлшемі23,26 Kb.
#60466
Байланысты:
БАҚ тіліндегі жаңа атаулар

ҚҰНАНБАЙ АРҒЫНБЕК

БАҚ тіліндегі жаңа атаулар
Қазіргі кезде шет тілдік сөздер ғылыми стиль ғана емес, публицистика, радио, теледидар, интернет арқылы аудармалар жасау жолымен де енуде. Баспа беттерінде кездесетін шет тілдік неологизмдердің барлығы дерлік ағылшын тілінен енген деу мүлдем қате. Себебі «Егемен Қазақстан» және «Жас қазақ» газеттерінің және ағылшын баспасөздерінен мыңдаған беттерін сараптамадан өткізу барысында тұтастай алғанда 319 неологизмдік бірлік бар екен.. Атап айтқанда жаңа сөздер қорына бай әлем тілдерінің орналасу peтi төмендегідей:

I орын – латын тіл (113 неологизмдік бірлік);

II орын – ағылшын тіл (91 неологизмдік бірлік);

III орын – грек тіл (38 неологизмдік бірлік);

IV орын – француз тіл (26 неологизмдік бірлік);

V орын – неміс тіл (21 неологизмдік бірлік);

VI орын – орыс тіл (9 неологизмдік бірлік);

VII орын – араб тіл (7 неологизмдік бірлік);

VIII орын – итальян тіл (6 неологизмдік бірлік);

IX орын – жапон тіл (5 неологизмдік бірлік);

X орын – швед тілi (3 неологизмдік бірлік).

Неология саласындағы тілдік бірліктерді зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер мен тұжырымдамалардың бірқатары неологизмдік терминология саласындағы болашақ зерттеулерге жол ашып, неологизмдік үдерістің ғылыми принциптерін белгілеуге негіз болды.

Ағылшын тілінен қазақ тіліне берік еніп,қазіргі баспасөз мәтіндерінде жиі кездесетін жаңа сөздердің ішінде саясат саласына байланысты туындаған терминдер де аз емес, мысалы, рейтинг cөзi (ағылш. rating – бағалау) – белгілі бір разрядка немесе категорияға қатысты көрсеткіш.


  • Саммит (ағылш. summit=meeting – жоғары дәрежеде, бас, шың, әлдененің шыркау шегі) – жоғарғы дәрежедеп кездесу, яғни мемлекет немесе үкімет басындағылардың елдеп әралуан мәселелер жөніндеп жүргізетін келіссөздері.

  • Брифинг (ағылш. briefing, brief – қысқа) – ресми тұлғалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасындағы кездесу. Бұл кездесуде халықаралық келіссөздерге, конференцияларға қатысушы әр жактың өзара келісілген сұрақ төңірегіндеп пікірлері мен көзқарастары жайлы ақпарат қысқаша түрде баяндалады.

  • Инаугурация (ағылш. inauguration – қызметке көшу, кipicy) – мемлекет басшысының өз лауазымын атқаруына кірісуінің салтанатты рәсімі («Үшінші рет жеңіске жеткен Президенттің инаугурациясы алдағы 7 мамырға белгіленді»).

Баспа беттерінде жиі кездесетін техникалық неологизмдерге мына сөз топтарын жатқызуға болады:

  • 3G (ағылш. the third generation – үшінші ұрпақ) – Интернет жүйесінің жоғарғы жылдамдықтағы радиобайланыс технологиясы немесе үшінші ұрпақ өкiлдepiнe тиесілі мoбильдiк байланыс технологиялары жиынтығы («Робот кузовта отыратын жүpгiзyшiмeн және 3G жeлiciнe қосылған смартфонның көмегімен бақыланады»).

  • iD (ағылш. iD, improved definition – жетілдірген анықтық, айкындық) – тармақтар санын үлкейтетін, жазба жиілік (50 Гц) бірнеше есеге арттырып, жасанды өлшем бipлiктepдi қолдану арқылы кескіндерді қабылдауды озық сапада қамтамасыз eтетін технология («iD TV интерактивті цифрлы теледидары кабелді теледидарға қарағанда контента басқару мүмкіндігіне ие»).

  • Роуминг (ағылш. roam – кезу, шарлау, серуендеу, roaming – кезбе) – ұялы оператордың қызмет ету аясынан тыс аймақта да ұялы телефонды қолдануға мүмкіндік беретін қызмет түpi («Beeline Business-тің роуминг бар елдердің жалпы тізімі, ұсынылған операторлар тізімі www.b2b.beeline.kz сайтында жарияланған»).

  • Стресс (ағылш. stress – кысым, stressful – ауыр, қиын, қысымы жоғары) –бұл адам ағзасының кepi эмоцияларға, шамадан тыс түскен қысымға немесе бірсарынды, күнделікті күйбің тіршілікке қайтаратын жауабы («Әрине, мына стрессфул заманда «спокойный как удав» болу – қиынның қиыны»).

Соңғы он жылда Барнхарттың әр түрлі құнды сөздіктері басылып шықты. Олардың ішінде 10000-ға жуық жаңа сөздер мен олардың мағынасы талданған. Сонымен бірге, ағылшын тілінде Берчфильдтің деректері бойынша жылына орташа 800 жаңа сөз пайда болады. Бұл әрине әлемдегі басқа тілдердепден әлдеқайда көп. Бұл ағылшындықтардың алдына жаңа сөздерді белгіліеу ғана емес, сонымен бірге оларды зерттеу міндеттілігін де қояды.

Қазіргі ағылшын тілінде аффиксация, сөз күрделендіру, конверсия, сөздерді кіріктіру, қысқарту, лексикалық-семантикалық тәсіл, сөздегі дыбыстарды алмастыру және екпінді ауыстыру (фонологиялық тәсіл) және бұдан өзге де жаңа сөздердің жасалу тәсілдері бар. Алайда аталған тәсілдердің барлығы бірдей қолданылмайды және әрқайсысының сөзжасам процесіндегі үлес салмағы да бірдей емес. Туынды сөз және күрделі сөз сияқты тәсілдер жаңа сөз жасауда көп қолданылады. Туынды сөз және күрделі сөз көмегімен жаңа сөздердің 88 %-ы жасалады.

Бұқара-әлеумет пен газет арасындағы тығыз байланыстың болуы оның тіліне үнемі ықпал етіп отырады. Сондықтан да алғашқы газеттер, 1920-1950 жылдардағы басылымдар тіліне тән кейбір тілдік тәсілдер бүгінгі таңда, оқырман деңгейінің жоғарылауына сәйкес қолданыла бермейді.


Неологизмдердің пайда болуының себебі қоғамдық және ғылыми- техникалық прогресс болып табылады, соның ішінде:

ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мен ондағы жаңалықтар;

әлеуметтік-экономикалық жаңа ұғымдардың көптеп пайда болуы;

мәдениет саласындағы жетістіктер.

«Неологизм» түсінігін тереңірек қарастырған А.З. Қазанбаева болып табылады. «Неологизм» түсінігін анықтаған зерттеулерді саралай отырып әр түрлі көзқарастарды байқауға болады. Біріншіден, «неологизм» термині тілде жаңадан қалыптасқан тіл қалыптастырушы үлгідегі сөздермен сәйкес келсе, екіншіден, бұрын-соңды болмаған, белгісіз түсініктерді, затты, ғылым саласын, мамандықты білдіреді. Мысал келтірер болсақ: reactor – ядролық реактор, biocide – биологиялық соғыс және т.с.с.

Қазіргі кезде ағылшын тілі, басқа да көптеген тілдер сияқты «неологиялық жарылысты» бастан кешіруде. Жаңа сөздердің үлкен ағымы және оларды сипаттау қажеттілігі лексикологияның арнайы саласы – неологизмдер жайлы ғылымның пайда болуына себеп болды. Неологияның теориясын зерттеуде ең үлкен табыстарға қол жетікізген француз лингвисі А. Дармстотердің классикалық еңбектерінен бастап, француз лингвистикалық мектептері де неологияның теориясы мен практикасына елеулі үлес қосты (Rey, Guilbert, Darbelnet, Deroy, Corbeil).

Әлеуметтік желілерде хайп, фидбэк, фандом, коллаборация, месседж сияқты сөздер сәнді болып тұр. Алайда бұл жаңа сөздер мен олардың мән-мағынасын қазақ тілінің қайсыбір сөздігінен таба алмайсыз. Ғылыми түсінік берілмеген бұл іспетті сөздердің проблемасы қашан шешіледі және оның мағынасын қашан дұрыс түсініп, дұрыс жазатынымыз белгісіз.

Тілге сөз өздігінен енбейді, өмірімізге келіп жатқан жаңа құбылысқа байланысты айналымға енеді. Мәселен, "ұялы телефон" деген сөздің өзі қазір ескілік болғанымен, сол құрылғы біздің өмірге алғаш кірген дәуірде жаңа сөз болып саналған. Оның "қалта телефоны", "қолтелефон" деген түрлі атаулары да болған. Тағы осындай сөздер ағылшын тілінен өзгеріссіз алынса, "селфилету", "банға жіберу", "лайк басу" сияқты сөздер қазақ тілінің емлесіне, жүйесіне, дыбысталуына икемделіп жатыр.



"Жаңа сөздер соңғы рет 2013 жылы шыққан "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне" енген. Онда сол алты жыл бұрынғы жаңа сөздердің барлығы болмаса да, біршамасы берілген еді. Ендігі міндет - бүгінге дейін енген жаңа сөздерді тіркеп, жаңа сөздік шығару.

Жаңа кірме сөздер мен олардың мағынасына шолу жасасақ:



Фидбэк

Бұл сәнді сөз англо-саксонның "feedback" сөзінен алынған, қазақ тіліне аударғанда "кері байланыс", "қайтарым" деген ұғымды білдіреді. Feedback - тікелей аудармасы "кері тамақтандыру". Негізгі мағынасы - пікір, кері реакция немесе қайтара әрекет. Мәселен, көп сайтта фидбэк деп оқырмандармен кері байланысты айтады, олардың қандай да бір контентіне я тауарына баға мен пікірін білу барысында қолданылады.

Бұл сөзді әсіресе музыканттар жиі қолданады. Сала мамандары зорайтылған дыбыстың микрофон немесе аспап динамигіне әсерін фидбэк дейді. Қазақ тілінің сөздігінде жоқ болғандықтан, бұл сөздің жазылу нұсқасында "фидбэк" десек қателеспейміз.
Профит

Әсіресе бизнесте жиі қолданып жүрген бұл сөз ағылшын тілінен аударғанда "пайда", "табыс" деген мағынаны білдіреді. Интернетте бұл сөз көбіне мынадай әзіл мемдермен беріледі:


1) Әлдене жасау

2) тағы әлдене қосу

3) ...

4) Профит!



Бұл мем South Park сериалынан шыққан, мұнда Profit кальсон гномдарының бизнес-жоспарының қорытынды пункті болған.
Кэш

Cash - қолма-қол ақша, банкнота және тиындар формасында заңды түрде төлем жасау. Ал тағы бір мағынасы сатып алушының несие немесе бөліп төлеусіз бірден тауар ақысын төлеу.


Кешбэк
Cash back - тікелей аудармасы қолма-қол ақшаны қайтару, алайда бұл терминді интернет-сауда саласында, банк ісінде және ойын бизнесінде клиенттерду тарту мен адалдығымен жаулап алу мақсатында ұйымдастырылатын бонус бағдарламасы деп түсінген абзал. Интернет саудасында кешбэк уақыт өте қайтарылатын жеңілдік болса, банк саласында клиентті банк картасы арқылы сауда жасауға шақыратын бағдарлама.
Фандом немесе фэндом
Фандом - фэндом немесе фандом, ағылшын тілінен fandom - "фанаттар қауымдастығы" деген мағынаны білдіреді. Бұл негізінен қызығушылықтары ортақ адамдардың қандай да бір танымал адамдарға, шығармаларға, топтарға бірігіп серіктестік пен ықылас танытуын бейнелейтін жанкүйерлерден (фанаттардан) тұратын субкультура.
Фэндом термині бізге ағылшын тілінен келген. Бастапқыда бұл сөз "ғылыми фантастикамен әуестенетін адамдардың тобы" мағынасын білдіретін, бірақ кейіннен мағынасы бұдан да кеңейе түсті. Батыс фэндомдарындағы жағдайға ұқсас, алғашқы және ең ірі орыс фэндомдарының шығу тарихы фантастикамен байланысты.
Коллаборация
Коллаборация әдетте әріптестік сөзінің ұғымы, қандай да бір саладағы екі немесе одан да көп адамның, ұйымдардың ортақ жетістікке жетудегі біріккен қызметі я әрекеті. Оның барысында білім мен тәжірибе алмасу, келісімге келу жүреді.
Месседж
Бұл ағылшын тіліндегі медиа сөз, оның қазақ тіліндегі мағынасы "жеткізгің келген ой", "хабарлау". Яғни күнделікті қолданып жүрген мессенджерлеріміз месседж алмасу құралы.
Хайп
Ел алдында арзан атаққа құмарлықты хайп десек қате емес. Бұл жастардың ағылшын тіліндегі (hype) сөзін "атың шықпаса жер өрте" мағынасымен түсіндіруге болады. Бірақ хайп медиадағы шу мен қызу әңгіме.

Бұған дейін де айтылып кеткендей, неологизмдер адами қызметтердің әртүрлі саласында кездеседі, сонымен қатар тіліміздің әртүрлі лексикалық қабаттарында да қолданыла береді. Дегенмен, тілдік санаға әлі де ене қоймаған, бірақ БАҚ беттерінде жиі қолданылып жүрген неологизмдер қабылдаушы субъектілердің (оқырмандардың және зерттеушілердің) кірме сөздердің түсіндірмелі сөздіктеріне жүгінулерін талап етеді. Ал, донор-тілден реципиент-тілге енуші жаңа сөз, өз кезегінде, көп мағыналы сөздер қатарына жатқызылған болса, оқырман қауымга оның қай мағынасында қолданылып тұрғандығын, қандай функционалдық стиль тұрғысында қарастырылғандығын және қолдану аясына қарай кай салаға тиісті сөз екендігін ұғыну шарт.

Одан бергі кезеңдерде тілімізге қаптап енген колхоз, совхоз, электр, трактор, радио, артист, сахна т.б. сөздер де неологизмдер тобын көбейткен еді. Осы кезде қазақ тілінің лексикасы жыл санап емес, күнбе-күн өсіп толығып отырады деуге болады. Бүгінгі неологизм деп таныған сөзіміз 5-10 жыл өтісімен-ақ неологизмдердің қатарынан шығып, ең актив сөздердің қатарына барып қосылып жатады. Мысалы: теледидар, телефон, спутник, космос, космодром, синтетика, нейлон, капрон, нейтрон т.б. Кейде неологизмдерге шек қойып ажыратудың өзі өте қиын екендігін аңғарамыз. Мұндағы ұстанатын негізгі қағида жаңа сөздің бір тілде сөйлеушілерге қаншалықты түсініктілігімен ғана өлшенбек.

Заманауи бұқаралық ақпарат құралдарының ең негізгі бір тарамы болып табылатын баспасөз тіліндегі неологизмдердің фунциялану ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету жолында алдымызға төмендегідей міндеттері қойылды:

«неологизм» терминіне анықтама беру және оның тілдегі мазмұнын анықтау;

заманауи БАҚ-тағы неологизмдік үдерістің рөлін анықтау;



зерттеу барысында ағылшын неологизмдерінің қоғам өмірінде қолданылу ерекшеліктерін айшықтап көрсету.

Біз жаңа сөздердің классификациясын, олардың жасалу жолдарын талдау, қоғам арасындағы неологизмдік үдерістің рөлін анықтау сияқты үлкен зерттеуді қажет ететін түрлі мәселелерді қарастырғанымен, бұл тақырып аясындағы соңғы нүктені қоя алмасымыз анық. Бүгінге күнге дейін қаншама ғалымдар, ғұламалар, филологтар неология ғылымының зерттелуіне, дамуына өз үлестерін қосып келеді және алдағы уақытта да бұл зерттеу жұмыстары еш тоқтар емес. Себебі жаңа сөздердің пайда болуы – үдемелі әpi үздіксіз жалғаса беретін процестердің бірi.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет