№ 14 дəріс (1 сағат)
Тақырып: Кəсіпкерлік мəдениеті
Мақсат: кəсіпкерлік мəдениеттің мəні мен мағынасын ашу, іскерлік жəне кəсіби этикасын қарастыру.
Кəсіпкерлік мəдениеті мəні мен мағынасы
Іскерлік жəне кəсіби этика
Бизнесменнің негізгі ерекшеліктері
Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Басқару еңбегін өндірістік еңбекпен салыстыруды мынадай белгілер бойынша жүргізеді: еңбек заты, тікелей мақсат пен еңбек нəтижесі, еңбек құралы, еңбек сипаты, оның мазмұны. Басқару еңбегінің өндіріс еңбегінен айырмашылығы еңбек затының өзгешелігінде. Басшы үшін еңбек заты – мəлімет, яғни ақпараттарды жинап, өңдеп, шешім шығару. Осы мəліметтерді алмасу - басқару құралы. Басшының бағыныштыларымен қарым- қатынасы ақпарат алу мен таратудың ерекше түрі. Басқару еңбегінің мақсаты – ұжымның күш-жігерін үйлестіру жəне ақырғы жоспарланған нəтижеге жетуге арналған іс-əрекетті қамтамасыз ету. Басқару еңбегі творчествалық сипатта болады, яғни логикалық ой əрекетін қамтиды. Басқару еңбегінің мазмұны – өндіріс процесіне тұтастай ұжымды қатыстыру.
Басшының күнделікті жұмысында айқын емес болашақ жағдайында проблемаларды қарастырып, оңтайлы шешім қабылдауы оны күйзеліс жағдайына əкеп соғуы мүмкін. Сондықтан басшы өз энергиясын дұрыс жұмсай білуі шарт.
Болашақ іс-əрекетті жоспарлаудың мəні – іс-əрекетті орындаудың жолдары мен амалдарын ойластырып, құралдарын таңдап, мақсатқа жетуді көздеу. Өзін -өзі дұрыс басқара алатын адам табысқа жететіні сөзсіз. Ол үшін дербес жұмыс күнінің тəртібі, кəсіпорын жұмысының жалпы тəртібі, адамдарды өзара алмастыру графигі, жеке творчесвалық жоспары жасалады. Дербес жұмыс күнінің тəртібі жүйелендірілген, яғни жекелеген қызмет түрлері еңбек операцияларына бөлініп, жұмыс уақытының құрылымы ойластырылады. Жұмыс күні тəртібінің негізгі міндеттері: бір жұмыс күніндегі, аптадағы, ай ішіндегі басшылар мен мамандардың жұмысын ретке келтіру, кəсіпорын жұмысының ырғақтылығына қол жеткізу мақсатында өндірісті басқарудың оперативтілігін арттыру. Қажет болған жағдайда қауырт кезеңдерге арналып жұмыс күнінің тəртібі белгіленеді. Жеке творчествалық жоспарға өндіріс техникалары мен технологияларын жетілідру, оны ұйымдастыру мен басқару, еңбек жағдайын жақсарту, осылайша тиімділікті арттыру жөнінде нақты шараларды жүзеге асыру көзделеді. Ой еңбегінің гигиенасы жөніндегі ұсыныстардың маңыздылары:
-еңбек етуде қатты шаршамау, бірақ үзілісті жиілетпеу;
-демалыс уақытын дұрыс пайдалану, уақыт тапшылығын болдырмау;
-жұмыстың үйреншікті қарқынын қадағалау (тездетпеу,баяулатпау);
-бір іспен тым ұзақ уақыт шұғылданбау;
-зерттеуді тұрақты жүргізу, байланысты үзбеу;
-атқарылатын жұмыстың маңыздылығына көз жеткізгеннен кейін ғана оған кірісу;
-тынығуға, тамақтануға, денсаулыққа мəн беру.
Жоспарға сай жұмыстың орындалмауының басты себебі көп жағдайда уақыттың дұрыс бөлінбеуінде, яғни мақсаттың дұрыс қойылмауы, міндеттер туралы нақты түсініктің жəне оларды шешу жолдарының жоқтығы, өзге жұмыспен тым əуестену, тиянақтылықтың болмауы, мəліметтің толық болмауы, оның кешігіп келуі, ақпарат тасқынынан маңыздысын іріктей алмау сияқты кемшіліктерге жол беру. Сондықтан басшы өз мүмкіндігін барынша пайдаланып, саналы түрде үйлестіріп, əбігершілікке салынбау керек.
Басшы кездесудің көпшілігін қызмет барысында жүзеге асырады. Қабылдау мəнері бойынша басшылар 3 топқа бөлінеді:
жалған демократ; бұл басшыға барлығы тобымен келеді, бейберекет кездесу болады.
бұл басшыға жолығу да орнынан табу да қиын;
бұл басшының қабылдау тəртібі болады, кезектілік пен регламент сақталады.
Қабылдауды екі түрге бөледі: басшылар тарыпнан (шақырып тапсырма беру, жұмысты ауыстыру, жаза сөгіс беру, жаза қолдану үшін) жəне бағыныштылар (проблемасын айту, мұқтаждарын білдіру үшін) өтініші бойынша.
Келушіні басшы өз кабинетінде түрліше қабылдайды:
басшы орнынан тұрмастан, келген адамға қарайды;
орнында отырып амандасады;
орнынан тұрып амандасады;
келушіні қарсы алып, орын ұсынады.
Г.П.Мицинг алуан түрлі жағдайда іскерлік əңгімені өткізудің негізгі бес принципін ажыратқан: 1 - əңгімелесушінің көңілін аудару; 2 - əңгімелесушіні сөзге тарту;
3 – мұқият негіздеу (дəлелдеу); 4 - əңгімелесушінің күдігін
сейілту.
Осы принциптерді негізге ала отырып, əңгіме өткізуде мына нұсқауларды есте сақтаған жөн: əңгімелесушінің сөзін мұқият соңына дейін тыңдау, мұқият тыңдалмағандықтан əңгіме нəтижесіз болады; əңгімелесушінің шынайы айтқан сөзін теріске шығармау, фактілерді таразылап алып, пікір айту керек; мүмкіндігінше ашық жарқын, кішіпейіл, сыпайы, өнегелі болу, бірақ сыпайылықтың да шегі болуы керек; қажетті жерінде жігерлі болып,қызу айтысқа айналдырмай салқын қандылық көрсету, əңгімелесуші ашуға ерік берсе, шиеленіске бармау; əңгімелесушінің шешім қабылдауын асықтармау, бірлесіп шешім жасау; кездесуге нақты уақыт белгілеу, 10 минут кешіксеңіз кешірім сұраңыз, 30 минут кешіксеңіз басқа уақыт белгілеңіз.
Іскерлік мəжіліс – белгілі бір міндеттерді ойластырудың жəне көпшілік болып қабылдаудың кең тараған əдісі. Мəжіліс барысында қойылған міндеттерді қарауда жұртшылықтың пікірі ескеріліп, мамандар мен қызметкерлер кеңесі тыңдалып, проблеманы шешуде ең қолайлы жолдар таңдалады. Іскерлік мəжілісте қызметкерлер ұсыныс айтуға, сауатты сөйлеуге, өз ойын айқын жеткізуге, өзінің позициясы мен дəлелін тұжырымдауға дағдыланады. Іскерлік мəжіліс қарастырылатын мəселенің ерекшелігіне, қатысушылардың құрамы мен сапасына, т.б. белгілеріне қарай бөлінеді.
Қарастырылатын мəселелерге орай мəжілістер былайша жіктеледі:
Достарыңызбен бөлісу: |