Бір уақытта бірнеше бала өз ойларын жеткізе алады;
Көп сөйлемейтін оқушылар өз ойларын жеткізе алады;
Тақырып бойынша қате ұғым қалыптасқан оқушы анықталып, онымен түзету жұмыстары жүргізіледі.
Форумды ұйымдастыру үшін, тақырыбы мен шарты «Добавить элементы курса» топтамасындағы «Форум» тетігін басып, мағлұматтар енгізіледі.
Мастер-класс барысында биология сабағын өткізу кезінде Moodle жүйесінде глоссарий, ақпараттар базасын, семинарлар және басқа да оқушылардың практикалық жұмыстарын ұйымдастыру мүмкіндіктері көрсетіледі.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру жүйесінде жаңа технологиялар өмірге келуде. Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеседі.
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай, білім беру жүйесіндегі бүгінгі өмірдің талабы сабақ өткізудің жаңа әдістері мен ақпараттандырылған оқыту технологияларын пайдалану. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы оқытудың тиімді жолдары мен түрлерін іздестіру.
Л4.3
(пункт материалы Л2.3)
XX ғасырдың 30 жылдары Н.П.Дубинин, Д.Т.Ромашов, С.Райт, эволюцияның ең басты факторы-гендердің жылжуы жайлы жаңалық ашты. Олардың ұйғаруы бойынша эволюция үшін ең маңызды фактор тек мутация ғана емес, гендердің кездесу жиілігіндегі кездейсоқ өзгерістер болып саналады, мысалы, тасқын су, өрт т.б. салдарынан гендердің кездесуін өзгертіп соның нәтижесінде популяция құрылымы өзгеріп, ол ұрпақтан ұрпаққа берілуі мүмкін.
Эволюциялық теорияның дамуына тағы бір үлесін қосатын биологняның саласы, молекулалық биология, генотиптердің эволюциясын айқындауға мүмкіндік береді.
Осының нәтижесінде биологиялық теорияның деңгейін көтеріп тірі организмдерді зерттеуде онтогенетикалық, популяциялық шегінен тыс сырларын ашуға мүмкіндік береді.
Жаңа генетикалық проблемаларды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар гендердің нәзік құрылысын зерттеп, олардың функцияларының сырларын ашып гендердің жасанды синтезделуі арқылы, бір организмнен екінші организмге отырғызу барысында ғылымның жаңа саласы гендік инженерия дамыды.
Қазіргі кезде ғылымда гендердің аксон-интронды табиғаты жайлы ережелері ашылып белок құрылысының ақпараты ДНК молекуласының тізбектерінде интрондар арқылы бөлініп, белоктың информация бермейтін қосымшалар арқылы бөлініп тұратындығы дәлелденді. Гендердің осындай құрылысы, ғалымдардың айтуы бойынша гендердің алмасу қабілеттерін арттырып, мутация тазалықтарын сақтай отырып жаңа гендердің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Ғалымдардың анықтауы бойынша генотиптегі құрылымдық гендердің бірнеше кемшіліктері болады немесе генотиптегі гендердің ұқсас топтары, әрқайсысы ұқсас кейде бірдей белоктарды қолдайды.
Бұлардың осындай ерешкеліктері керекті жағдайларда көптеген белоктарды, ферменттерді синтездеу үшін организмдерге үлкен мүмкіндік береді. Гендердің осындай бір дупликациялық қасиеті эволюция үшін өте маңызды болады, себебі ол популяция ішінде тез таралып, особьтардың фенотипін езгертуге мүмкіндік береді.
Ғылымның техникалық жетістіктері барлық саладағы мамандардың биологиялық дайындықтарына талап қояды. Әсіресе болашақ мамандардың экологиялық сауаттылығы мен тәрбиесі шешуші роль атқарады. Сондықтан жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, лицей, гимназияларда жасөспірімдер мен оқушыларға биология пәндерінен политехникалық білім қалыптастыруға аса көңіл аударуда.