Мастер-класс тақырыбы: Биология сабақтарында ICT-технологияларын қолдану.
Мастер-кластың мақсаты: Электронды оқыту жүйесін биология сабақтарын өткізу кезінде тиімді пайдалану әдістерімен таныстыру.
Мастер-кластың міндеттері:
Биология сабақтарын өткізудің бір бағыты ретінде E-learning технологиясын қолдануды дәріптеу;
www.polleverywhere.com сайтымен таныстыру;
Moodle жүйесінде тесттік тапсырмаларды ұйымдастырудың жолдарын үйрету;
Жаңашылдығы:Заман талабына сай E-learning технологиясын биология сабақтарында қолдана отырып, оқушыларды қашықтықтан оқыту жүйесіне икемдеп, өз беттерімен жұмыс істей алу қабілеттіліктерін арттыру, уақытты үнемдеу.
Мастер класқа қажетті құрал-жабдықтар:33 дербес компьютер (HP ноутбук, тышқан, қуат көзі), Net желісі, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар (теория мен сарамандық тапсырмалар жиынтығы).
Модератор:
Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар! Қазіргі оқушылар мен студенттер – негізінен желіге тәуелді буын, себебі барлық ақпаратты электронды түрде алуы қалыпты жағдай болып табылады. Оқушылар жоғарғы технологияларды білімде қолдануды ұнатады, себебі ол – заман талабы. Сондықтан ақпараттық коммуникациялық технологиялар олар үшін негізгі құрал болып кеткен. Электронды оқыту технологиясын (E-learning) биология сабақтарында қолданудың пайдалы жақтары өте көп: