9 –сыныпқа арналған биология пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдер мен тараулардан тұрады.
«Биологияға кіріспе» (1 сағат). «Жалпы биология негіздері» пәнінің жаратылыстану-ғылыми пәндер жүйесіндегі орны. «Жалпы биология негіздері»-нің мақсаты мен міндеттері. Жалпы биология биологиялық заңдылықтарды зерттейтін және диалектико-материалистік көзқарастарды қолдайтын ғылым салаларының бірі. Тіршілік әлемінің көптүрлілігі. Тірі материяның құрылым деңгейлері. Бүкіл тірі табиғатты түсініп білудегі пәнінің маңызы. Топсеруен. Тіршілік әлемінің көптүрлілігімен танысу мақсатында табиғатқа топсеруен жасау.
Жасуша— тіршіліктің бірлігі (14 сағат):
«Жасушаның химиялық құрамы» (5 сағат). Цитология пәні және міндеттері. Зерттеу әдістері және олардың басқа биологиялық ғылым салалары, медицина, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін маңызы. Жасушаның ашылу тарихы. Жасушалық теория — ХІХ ғасырдың ең үлкен жаңалығы. Жасушалық теорияның негізгі қағидалары. Жасуша барлық тірі организмдердің құрылымдық-функциялық бірлігі. Тірі материя химиялық құрамының бірлігі. Өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактерия жасушаларының химиялық құрамы. Химиялық элементтер, су және басқа бейорганикалық қосылыстар, олардың жасуша тіршілігіндегі рөлі. Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидтер, олардың элементарлық құрылысы, жасушадағы рөлі. Ферменттер, тіршілік процестерін реттеудегі олардың рөлі. Зертханалық жұмыс: «Тірі ұлпаларда ферменттердің катализдік белсенділігі»;
«Жасушаның құрылымы мен қызметі» (3 сағат). Жасушалық құрылымдар: цитоплазмалық мембрана, цитоплазма. Эндоплазмалық тор, гольджи жиынтығы және лизосомалар, митохондриялар пластидтер, қозғалу органоидтері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметтері; жасушалық қосындылар. Ядро, оның құрылысы және қызметі. Ядроның жетекші рөлі. Прокариоттық және эукариоттық жасушалар, олардың құрылыс ерекшеліктері. Зертханалық жұмыс: «Пияз қабықшасының жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз». «Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларының құрылысы».Олардың құрылысындағы айырмашылықтарды табу;
«Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі» (2 сағат). Биологиялық жүйелердегі зат алмасу және өздігінен реттелу. Фотосинтез - күн энергиясының органикалық заттар энергиясына өзгеруі. Биологиялық «аккумуляторларда» жарық энергиясының қорлануы. Фотосинтездің жарық және қараңғылық сатылары. Судың фотолизі. Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі. Биологиялық тотығу және жану. Анаэробтық гликолиз. Аэробтық гликолиз — оттектің қатысуымен биологиялық тотығу. Электронды тасымалдау тізбегі. Тотықтыра фосфорлану. Митохондриялар — жасушаның энергиялық стансасы. Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі тарауы бойынша алған білімді қорыту және жүйелеу;
«Тұқым қуалау ақпараты және оның жасушада жүзеге асырылуы (4 сағат). Генетикалық ақпарат. Н.К. Кольцов.ДНҚ — нәруыз синтезделу үшін матрица (қалып) болып табылады. ДНҚ-ның екі еселенуі (редупликациясы). ДНҚ тізбегіне сәйкес ақпараттың РНҚ-ның түзілуі. Генетикалық код. Генетикалық кодтың қасиеттері. Нәруыздың синтезі. Транскрипцияның реттелуі. Гендік және жасушалық инженерия. Бактерияларда транскрипция мен трансляцияның реттелуі. Бұл процестердің жоғары сатыдағы организмдерде реттелуі.
«Организмдердің көбейуі және жеке дамуы» (6 сағат):
«Өзін-өзі ұдайы өндіру - тіріге тән жалпылама қасиет» (4 сағат). Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні. Организмдердің көбею формалары. Жыныссыз көбеюдің түрлері. Жынысты көбею. Мейоз және биологиялық мәні. Мейоздың фазалары. Сперматогенез. Овогенез. Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану. Ұрықтанудың биологиялық маңызы;
«Организмдердің жеке дамуы» (2 сағат). Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі. Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі. Ұрықтардың ұқсастығы. Организмнің біртұтастығы. Қоршаған орта өзгерістеріне организмнің бейімделу деңгейлері. Өзін-өзі реттеу. Организм дамуының бастапқы кезеңдерінде сыртқы орта жағдайларының әсері. Биологиялық сағат. Анабиоз.
«Генетика және селекция регіздері» (13 cағат):
«Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары» (5 сағат). Генетиканың қысқаша даму тарихы. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары. Мендель ашқан белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибриодологиялық әдісі. Моногибридтік будандастыру. Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілігі. Басымдылық көрсету заңдылығы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы. Ажырау заңы. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар. Генотип және фенотип. Аллельді гендер. Талдаушы шағылыстыру. Толық және толық емес доминаттылық. Тәуелсіз тұқым қуалау. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы.Жыныстық генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өзара әрекеттесуі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық. «Ген — белгі» қатынасы. Генотип біртұтас жүйе екендігі. Хромосомалық (ядролық) және цитоплазмалық тұқымқуалаушылық. Сандық және сапалық белгілердің тұқым қуалауына орта жағдайларының әсері. Реакция нормасы. Жыныс генетикасы. Адамның генетикалық әртүрлілігі. Денсаулықтың генетикалық негіздері. Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері. Адамның генетикалық аурулары. Сарамандық жұмыс: «Қарапайым генетикалық есептер шығару, Өз ататегіңе шежіре құрастыру»;
«Өзгергіштіктің заңдылықтары» (4 сағат). Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің типтері. Гендік мутациялар. Хромосомалық мутациялар. Геномдық мутациялар. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологтік қатарлар заңы. Мутацияларды экспериментальдық жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі. Генетика және медицина. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларының алдын алу және емдеу. Резус-фактор. Туыстық некенің жағымсыздығы. Медико-генетикалық кеңес беру. Зертханалық жұмыс:«Модификациялық өзгергіштіктің вариациялық қатарын және вариациялық қисық сызығын құрастыру». «Организмдердің өзгергіштігі»;
«Генетика және селекция» (4 сағат). Жануарларды қолға үйрету селекцияның бастапқы кезеңі екендігі. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Жануарларды қолға үйрету аймақтары. Үй жануарларының шығу тегі. Заманауи селекцияның әдістері. Сұрыптау үшін өзгергіштіктің маңызы. Сұрыптау және оның шығармашылық рөлі, тұқым-қуалаушылық сапасын бағалау. Туыстық будандастыру және оның селекциядағы маңызы. Гетерозис, оны ауыл шаруашылығында қолдану. Полиплоидия. Әріден будандастыру. Жасанды мутагенез, оның селекциядағы маңызы. Селекция жетістіктері. Зертханалық жұмыс: «Жергілікті өсімдік іріктемелерінің фенотиптері».
«Эволюция» (23 сағат):
«Эволюциялық көзқарастардың дамуы. Эволюцияның дәлелдемелері» (4 сағат). Эволюциялық ұғымның шығуы және дамуы. Эволюционизмнің алғышарттары. Ламарктың эволюциялық теориясы. Ч.Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі ұстанымдары. Эволюцияның синтетикалық теориясының шығуы. Эволюцияның дәлелдемелері. Эмбриологиялық дәлелдемелер. Морфологиялық дәлелдемелер. Палеонтологиялық дәлелдемелер. Эволюцияның биогеографиялық дәлелдемелері. Түр. Түрдің критерийлері. Популация. Зертханалық жұмыс: «Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері»;
«Эволюциялық процестің механизмдері» (7 сағат). Өзгергіштіктің эволюциялық процестегі рөлі. Мутациялық өзгергіштік. Үйлесімдік өзгергіштік. Табиғи сұрыпталу-эволюцияның бағыттаушы факторы. Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес. Сұрыптаудың тиімділігі. Популяциялар ішіндегі табиғи сұрыпталудың формалары. Қозғаушы сұрыптау. Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану. Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия (еліктеуші рең). Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты. Түртүзілу. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары. Эволюция бағыттарының арақатынасы. Зертханалық жұмыс: «Организмдердің мекен ортасына бейімделуі», «Өсімдіктердегі ароморфоздар және бунақденелілердегі идиоадаптациялар»;
«Жерде тіршіліктің пайда болуы» (2 сағат). Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар Л.Пастердің тәжірибесі. Органикалық молекулалардың абиогендік синтезі. Тіршіліктің пайда болуы жайлы қазіргі көзқарастар. Қазіргі кезде Жерде тіршіліктің пайда болуы мүмкін бе?
«Жерде тіршіліктің дамуы» (6 сағат). Криптозойда тіршіліктің дамуы. Архей. Протерозой. Жануарлардың алуантүрлілігінің жоғарылауы. Палеозой заманында тіршіліктің дамуы. Кембрий. Ордовик. Силур. Девон. Тас көмір. Пермь. Мезозой заманында тіршіліктің дамуы. Триас. Юра. Бор. Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы. Палеоген. Неоген. Антропоген. Органикалық дүниенің алуантүрлілігі. Жүйелеудің ұстанымдары. Жүйелеудің шығуы. Жасанды және табиғи жүйелер. Организмдерді жіктеу. Тіршіліктің жасушалық емес формалары — вирустар, фагтар. Тіршіліктің жасушалық формалары. Прокариоттар. Эукариоттар;
«Адамның шығу тегі» (4 сағат). Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы мен айырмашылықтары. Еңбек және адамның пайда болуы. Антропогенездің алғышарттары. Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Осы заманғы алғашқы адамдар. Адам нәсілдері. Нәсілшілдіктің дәрменсіздігі, керітартпалығы.
«Экология негіздері» (11 сағат):
«Экожүйелер» (7 сағат). Экология пәні. Ортаның экологиялық факторлары.Биотикалық оптимум. Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі.Әртүрлі түр популяцияларының өзараәрекеттесулері. Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын топтары. Экожүйелердің мысалдары. Энергия ағымы және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида. Экожүйелердің өнімдері. Экожүйелердің алмасуы. Адамның әрекетіне байланысты экожүйелердің алмасуы. Агроценоздар. Адамның практикалық әрекетінде экологиялық білімді пайдалану;
«Биосфера. Адам әрекетінің биосфераға әсері. Биосфераны қорғау» (4 сағат). Биосфера туралы В.И.Вернадскийдің ілімі. Биосфераның құрамы: тірі зат,түрлік құрамы. Табиғатта көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық процесстер. Тірі организмдердің шөгінді жыныстар түзудегі рөлі. Тірі организмдердің топырақ түзудегі рөлі. Адамның биосферадағы рөлі. Ауқымды экологиялық проблемалар. Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның ластануы. Су жүйелерінің ластануы. Ормандардың жойылуы. Топырақтың жағдайлары. Шөлге айналу. Биоәртүрліліктің жойылуы. Энергиялық проблемалар. Қоғам және қоршаған орта. Халық санының артуы. Индустриялық тұтынушылар қоғамы. Халықаралық ынтымақтастық және кедейлікпен күрес. Қазақстанның экологиялық проблемалары. Тұрақты даму.