Дістемелік материалдар кешені


Оқу пәнінің 11 сынып оқу пәнінің базалық мазмұны



бет72/122
Дата11.07.2022
өлшемі5,97 Mb.
#147393
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   122
Байланысты:
ijñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð êåøåí³

Оқу пәнінің 11 сынып оқу пәнінің базалық мазмұны

27. «Кіріспе (1сағат»).


28. «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы (8сағат)»:
1) Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар (2сағат):
тіршіліктің пайда болу процесін және мәнін түсіндіретін алғашқы ғылыми талпыныстар, Ф.Редидің тәжірибелері, В.Гарвейдің ой-пікірлері, Л.Пастердің тәжірибелері, тіршіліктің мәңгілік теориясы, жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарастар, көрсетілім: Л.Пастер тәжірибелерінің сызбанұсқасы;
2) «Жер бетінде тіршілік пайда болуының алғышарттары (2сағат)»:
жер бетінде тіршілік пайда болуының алғышарттары: ғарыштық және ғаламшарлық алғышарттар, Жер дамуының ерте кезеңдеріндегі алғашқы атмосфера және химиялық элементтердің, бейорганикалық және органикалық молекулалардың эволюциясы, көрсетілім: ғаламшарлық жүйелердің қалыптасу кезеңдерінің сызбанұсқасы.
3) «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар (4сағат)»:
тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар, А.И.Опариннің теориясы, С. Миллердің тәжірибелері; протобиополимерлердің пайда болу теориясы, протобионттардың эволюциясы:ішкі ортаның қалыптасуы, органикалық табиғи катализаторлардың жарыққа шығуы, генетикалық кодтың пайда болуы; биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері: фотосинтездің жүруі, эукариоттардың, жынысты көбеюдің және көпжасушалылықтың пайда болуы, көрсетілім: біржасушалы эукариоттардың,көпжасушалы организмдердің пайда болуының және өсімдіктер мен жануарлар дүниесі дамуының сызбанұсқасы.
29. «Эволюциялық ілім (23 сағат)»:
1) «Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың Дарвинге дейінгі дамуы (3сағат)»:
биология дамуының Дарвинге дейінгі кезеңі.Ғылымда «Әуелбастан мақсатқа сәйкестілік» және тірі табиғаттың өзгермейтіндігі туралы көзқарастардың үстемдігі, өсімдіктер мен жануарларды жіктеп жүйелеу бойынша К.Линнейдің жұмыстары.Ж.Кювье және Ж..де Сент-Илердің еңбектері. Ж.Б.Ламарктың эволюциялық теориясы, алғашқы эволюционис ттер, көрсетілім: эволюциялық идеялардың дамуына үлес қосқан ғалымдардың портреттері мен өмірбаяндары;
2) «Дарвинизм (10 сағат)»
Ч. Дарвин ілімі қалыптасуының алғышарттары: жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер, Ч. Дарвиннің экспедициялық материалдары. Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі, Ч. Дарвиннің табиғи сұрыпталу туралы ілімі, түр - эволюциялық бірлік, жалпыға бірдей жеке дара өзгергіштік және ұрпақтар сан мөлшерінің артықтылығы, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу;
көрсетілім:
Ч.Дарвиннің «Бигль» кемесімен саяхаты кезіндегі жүрген жолдары және жинаған материалдары;
№ 1 зертханалық жұмыс .»Мәдени өсімдіктердің іріктемелерін пайдаланып қолдан сұрыптаудың нәтижесін,түр критерийлерін, өзгергіштікті зерттеу»;
3) «Микроэволюция (5 сағат)»:
мутациялардың эволюциялық рөлі, популяциялардағы генетикалық процестер, Харди-Вайнберг заңы, табиғи сұрыпталудың формалары, организмдердің тіршілік ортасына бейімділігі табиғи сұрыпталудың нәтижесі екендігі, микроэволюция, түртүзілу туралы қазіргі көзқарастар (С.С.Ч етвериков, И.И.Шмальгаузен);
түртүзілудің жолдары және жылдамдығы;географиялық және экологиялық түртүзілу. Модификациялардың эволюциялық рөлі; физиологиялық бейімділіктер. Эволюцияның қарқындылығы.
көрсетілім: географиялық түртүзілу процесін бейнелейтін сызбанұсқалар; тірі өсімдіктер мен жануарлар,кеппешөптер мен жинақтамалар,жекедара өзгергіштік пен өсімдіктердің әртүрлі іріктемелерінің және жануарлардың қолтұқымдарының, сонымен қатар организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі және түртүзілудің нәтижелерін бейнелейтін сызбанұсқалар;
№ 2 зертханалық жұмыс «Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеп білу»;
4) «Эволюцияның негізгі заңдылықтары, макроэвлюция (5сағат)»:
эволюциялық процестің негізгі бағыттары, биологиялық прогресс және биологиялық регресс (А.Н.Северцов), биологиялық прогреске жетудің жолдары, эволюцияның негізгі заңдылықтары: дивергенция, конвергенция, параллелизм; организм топтары эволюциясының ережелері.Эволюция нәтижелері:тірі табиғат құрылым деңгейінің күрделенуі, түрлердің көптүрлілігі, бейімділіктің салыстырмалы сипаты (органикалық мақсатқасәйкестілік);
көрсетілім: гомологтық және аналогтық мүшелердің мысалдары,олардың құрылысы, онтогенезде пайда болуы,прогрессивті эволюция жолдарының арақатынасы, Қызыл кітапқа енгізілген және мемлекеттік қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлардың өкілдерін сипаттайтын мысалдар.
30. Жердегі органикалық дүниенің дамуы (14 сағат):
1) Өсімдіктер және жануарлар эволюциясының негізгі келбеті (10 сағат)
архей және протерозой замандарында тіршіліктің дамуы .Жердегі тіршіліктің алғашқы іздері.Қазіргі барлық омыртқасыздар типтерінің шығуы, алғашқы желілілер, су өсімдіктерінің дамуы;
палеозой заманында тіршіліктің дамуы, өсімдіктер эволюциясы;
алғашқы төменгі сатыдағы өсімдіктердің,қырықжапырақтардың, тұқымды қырықжапырақтардың,ашық тұқымды өсімдіктердің шығуы. Омыртқалылардың (балықтардың, қосмекенділердің, жорғалаушылардың) шығуы.
мезозой заманында тіршіліктің дамуы., жабық тұқымды өсімдіктердің шығуы және таралуы. Құстар мен сүтқоректілердің шығуы.Ертедегі ашық тұымды өсімдіктер мен жорғалаушылардың жойылуы.
кайнозой заманында тіршіліктің дамуы, гүлді өсімдіктердің қарқынды дамуы, бунақденелілердің көптүрлілігі (параллельді эволюция), ұрықжолдас ты сүқоректілердің дамуы, аңдардың шығуы, маймылдардың пайда болуы, адам тұқымдасының алғашқы өкілдерінің шығуы. Төрттік кезең: сүтқорек тілердің эволюциясы. Маймылдардың дамуы; адам эволюциясының бағыттары, адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері.
көрсетілім З.Бурианның түрлі замандар мен кезеңдердегі флора мен фаунаны бейнелейтін қолдан салған суреттері,тірі табиғат дүниелері (патшалығы) дамуының сызбанұсқасы; өсімдіктер мен жануарлардың тасқа айналған қалдықтары,өсімдіктердің ертедегі тау жыныстарында қалған іздері мен таңбалары.
2) «Адамның шығу тегі (4 сағат)»:
адамның тірі табиғаттағы орны. Homo sapiens-түрінің жануарлар дүниесіндегі жүйелік орны, адамның жануарлар дүниесінің түрлі жүйелік топтарына жататынын айқындайтын белгілері мен қасиеттері, адам эволюциясының кезеңдері: ежелгі адамдар,ертедегі адамдар ,осы заманғы алғашқы адамдар. Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері.Homo sapiens-түрінің популяциялық құрылымы, адам нәсілдері;нәсілтүзілу;адам нәсілдерінің бірлігі, адамның биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қасиеттері, антропогенездің қозғаушы күштері, Ф.Энгельс маймылдың адамға айналуындағы еңбектің рөлі туралы, адамның қалыптасуында сөздің,ақыл-ойдың және қоғамдық қатынастардың рөлі, адам эволюциясында әлеуметтік және биологиялық бағыттардың өзара қарым-қатынасы, «Әлеуметтік дарвинизм» және нәсілшілдіктің кертартпалық мәні, адамның әлеуметтік дамуындағы қоғамдық тіршіліктің жетекші рөлі, адамзат қоғамының биологиялық қасиеттері.
көрсетілім: адамның және омыртқалы жануарлардың қаңқаларының модельдері.
31. «Организм және ортаның өзара қарым-қатынастары, экология негіздері (20 сағат)»:
1) Биосфера туралы түсінік (3 сағат)
биосфера-жердің тірі қабығы, биосфераның құрылымы :литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның құрам бөліктері:тірі зат, оның түрлік құрамы, әртүрлілігі және биомассаға қосқан үлесі, биожанама(енжар,биоен жар) заттар (В.И.Вернадский). табиғаттағы заттардың айналымы.
көрсетілім:биосфераның құрылымын және оның құрам бөліктерін сипаттайтын сызбанұсқалар, биосферадағы тірі организмдер әртүрлілігі мен түрлік құрамының кестелері.
2) «Бірлестіктердегі тіршілік (2 сағат)»:
Тірі организмдер бірлестіктерінің қалыптасу тарихы.Құрылықтардың геологиялық тарихы;оқшаулану,климаттық жағдайлар. Биогеография.

Құрылықтың және дүниежүзілік мұхиттың негізгі биомассалары. Биогеографиялық аймақтар.


көрсетілім құрлықтардың тарихын бейнелейтін карталар;құрлықтық биомассаның таралуы.
3) «Организм және ортаның өзара қарым-қатынастары (12 сағат)»:
тірі организмдердің табиғи бірлестіктері, биогеоценоздар, биогеоценоздардың құрамдас бөліктері: продуценттер, консументтер редуценттер, биоценоздар, олардың түрлік әртүрлілігі, популяциялар тығыздығы, биомассасы. Экология,оның міндеттері, экологиялық факторлар
ортаның абиотикалық факторы, температураның,жарықтың, ылғалдылықтың және басқа факторлардың бірлестіктер тіршілігіндегі рөлі, орта факторларының әсер ету қарқындылығы,шектеуші фактор, орта факторларының өзара әсері, төзімділік шегі.
ортаның биотикалық факторлары, қоректік тізбектер және торлар, экологиялық пирамидалар: сандық,биомассалық,энергиялық, биогеоценоздардың алмасу себептері, жаңа бірлестіктердің қалыптасуы.
антропогендік факторлар, олардың биоценоздарға әсері(адамның табиғаттағы рөлі), табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, табиғатты ластанудан қорғау, табиғат эталондары мен ескерткіштерін сақтау, ғаламшар тұрғындарын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету, табиғи кешендер түзудің шаралары, экологиялық білім, тәрбие,мәдениет, жер ғаламшарының экологиялық апаттары. Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары.
көрсетілім, «Биосфера», «ҚР экологиялық апатты аймақтары» тақырыптары бойынша электрондық оқулықтардан үзінділер оқу және талқылау.
4) «Организмдер арасындағы қарым-қатынастар (3 сағат)»
организмдер арасындағы қарым-қатынастың формалары, жағымды қатынастар: симбиоз, кооперация, мутуализм,комменсализм, антибиотикалы қ қатынастар :жыртқыштық, паразитизм, бәсеке, бейтарап қатынастар-нейтрализм.
көрсетілім:тірі табиғаттың түрлі дүниелері өкілдерінің симбиоздық (селбесу) тіршілігінің мысалдары.
32. «Бионика (2 сағат)»:
өсімдіктер мен жануарлардың құрылымдық принциптерін адамның щаруашылық әрекетінде пайдалану, табиғаттағы тірі тіршілік иелерінің формалары және олардың өнеркәсіптік аналогтары (құрылыстық ғимараттар,машиналар,механизмдер, қондырғылар).
көрсетілім: тірі организмдер құрылымына ұқсас өнеркәсіптік аналогтардан мысалдар және оқулықтан осы тақырыпқа сай сурет,кестелерді қарау.



Л5





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет