І-деңгей. Сыныпстағы барлық оқушылар өз бетінше жазбаша жауап береді. Бұл тапсырмалар: жаңа тақырыпта кездескен жаңа ұғымдар, терминдер т.с.с. анық тапсырмаларды жатқа айтып береді. Бағалау рейтингі 5 ұпай. Ол «3»- тік бағаға сәйкес болады.
ІІ – деңгей.Бұл тапсырмалар оқушылардың бірінші деңгейден алған білімдеріне негізделіп құрылады. Олардың барлығын дұрыс орындай алған оқушы алғашқы 5 ұпайына тағы 10 ұпай қосып, 15 ұпай жинайды. Ол осы тақырып көлеміндегі «4» деген бағаға сәйкес келеді.
ІІІ- деңгей.Бұл эвристикалық деңгей болғандықтан, оқушыға жаңа тақырып бойынша негізгі ойын қорытып, өз пікірін айта алатындай тапсырма беріледі. Дұрыс жауап берген оқушы бұрынғы 15 ұпайына тағы 15 ұпай қосып, 30 ұпай алады. Ол дәстүрлі оқудағы «5»- тік бағаға сәйкес келеді.
ІV-деңгей. Оқушылар үйге шығармашылық тапсырмасын алады. Тапсырма дарынды, ізденімпаз, қабілетті, талапты оқушыларға арналады. Бірақ бұл деңгейде жұмыс жасайтын оқушылар саны аз болады. Ондай оқушыларға мұғалім тек тақырыбын береді, оқушының өзі мақсатын айқындап, әдістерін іздейді. Жазба жұмыстарын сапалы орындап, қорытынды нәтижеге жетеді. Осы оқушылар олимпиадаға мұғалімнің бақылауымен үнемі дайындық үстінде болады.
Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясымен оқыту нәтижесінде әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қоймайды, соны өзі игеріп, ізденіп, талап, пікір таластырудың деңгейіне жетіп, үнемі даму үстінде болатын тұлға қалыптасады.
Ж. Қараевтың «Саралап, деңгейлеп оқыту» техналогиясы
1. Ж.Қараевтың Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы .
2. «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясының маңызы.
3.«Адам организімі қызметінің гуморальдық реттелуі» тақырыбы бойынша жұмыс дәптерінің үлгісі.
Жауынбай Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту» технологиясы бойынша 8- сыныптарға арналған «Адам организімі қызметінің гуморальдық реттелуі» тақырыбы бойынша жұмыс дәптерінің үлгісін ұсынамыз.
Деңгейлеп саралап оқыту оұушылардың білімін жаңа әдіспен, яғни рейтинг жүйе бойынша бағалауға мүмкіндік береді.
Оқушыларды рейтинг жүйе бойынша тиімділігі әрбір оқушының жеке пәнге қандай қаблеті бар екендігін білуге мүмкіндік жасайды.Оқушыларды рейтинг жүйе бойынша бағалау үшін тақтаға оқушылардың тізімі ілінеді.
Деңгейлік тапсырмалардың қаншалық өз бетімен және дұрыс орындалып жатқанын бақылап отыру мақсатымен, ұстаздың тексеруінен кейін, оқушы тақтаға ілулі тұрған өз атының тұсына және өзінің жұмыс дәптерінің соңындағы бір кестешеге «+» белгісін қойып отырады.
Барлық оқушы өз қызметін деңгейдің тапсырмаларынан бастайды. Әр оқушы оларды орындау арқылы 12 ұпай жинап сынақ алуға міндетті. Екінші деңгей үшін тағы ұпай қосып «4» бағасын алады. Үшінші деңгейде «3» ұпай алып, барлығы «12» ұпай жинайды.
Оқушының тақырыпты толық жіне терің меңгергенін рейтинг жүйесімен анықтау – нағыз обьективті әдіс.
Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын туғызады және осы пән бойынша «нашар оқитын» оқушылардың мемлекеттік стандарт деңгейіне дейін білім алуына кепілдік береді.
Деңгейлеп оқыту
Оқушыларға тірек- қимыл жүйесі туралы мағлұмат бере отырып, белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге талаптануын арттыру мақсатында сабақ өткізілді.
Сабақта кодоскоп, плпкаттар, қаңқа, тірек сызбалары, үлестірме қағаз көрнекіліктер пайдаландым.
Үй тапсырмасын сұраудың алдында тақтаға алдын-ала дайындалған бағалау парағы немесе бағалау кестесі іліп қойылды.
Л4.3
(пункт материалы Л2.3)
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай Қазакстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» делінген. Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді , білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады. Нәтижелі білім алудың мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке басының әлеуметін іске асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді.
Сондықтан оқытушылардың алдында өмірге жан - жақты дайындалған, еңбек сүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу қажеттігін дамыту мәселесі тұр.
Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым бағыттардың бірі - жеке тұлғаға бағытталған білім беру.
Жеке тұлғаға бағытталған білім беру дегеніміз педагогикалық іс әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін- өзі тануын, өзін - өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер және іс - әрекеттер жиынтығы.
Соңғы он жылдықта біздің қоғамымыздың қоғамдық-саяси және экономикалық шарттары білім және тәрбие берудің парадигмасының өзгеруіне алып келді. Авторитарлық-технократиялық парадигманың орнына білім және тәрбие беру ісінде гуманитарлық жеке тұлғаға бағытталған парадигма келді. Бұл жаңа парадигма оқушының толық тұлғалық дамуына бағытталған, оның өз бетімен оқуын дамыту, шешім қабылдай алу қабілеті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Тұлғаға бағытталған жаңа көзқарас түсінігін айқындау үшін негізгі үш мәселеге тоқтала кеткеніміз жөн.
1. Тұлғаға бағытталған көзқарас ұғымын ашатын негізгі түсініктер:
- адамның даралық ешкімге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі;
- жеке тұлғаның үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік болмысы;
- тұлғаның өзіне тән қасиеттері мен мүмкіндіктерін таныту үрдісі",
- өзін және қоршаған ортаны тануда саналы, шығармашылық белсенділік көрсететін жеке тұлға әрекеті;
- мендік тұжырымдаманың болуы;
- педагогикалық қолдау оқушылардың білім алуына, өмірлік, кәсіби өсуіне, психикалық қарым - қатынас бойынша алдын ала көмек беру іс әрекеті.
2. Оқушыларға білім беру құрылымының негізгі ережелері мен бастапқы жағдайы:
- өзін - өзі белсендіретін тұлға ұстанымы;
- дарашылық ұстаным;
- субъектілік ұстаным;
- таңдау ұстанымы;
- шығармашылық табыс ұстанымы.
3. Технологаялық бөлік. Оған мыналар жатады:
- шығармашылық іс- әрекетке шақыру;
- баланың жеке басының дамуын қолдау;
- оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауына, білім алудың мазмұны мен жолдарын таңдауға еркіндік беру.
Жоғарыда аталған түсініктемелер тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын айқындауға мүмкіндік береді, яғни жеке тұлғаға бағыттап оқыту дегеніміз оқушының қажеттіліктерін, ерекшеліктерін, іс әрекетін ескеретін, жан жақты, яғни интеллектуалды ойлау қабілетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашылық қабілетін дамытатын тұлғаның «мәдениетаралық қарым -қатынас субъектісін» қалыптастыру.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту — бұл жеке тұлғаның белсенділігіне жету. Барлық оқу процесін белсенділендіру жоспарында ең маңыздысы практикалық сабақтарда берілген мүмкіндіктерді барынша қолдану.
Жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту оқушыға ғылым негіздеріи үйретіп қана қоймай, әр оқушының бейімділігін анықтап, тұлғалық негізіне қарай білім беруі тиіс. Ол баланың табиғи қабілетін зерттеу арқылы оны болашақ мамандығына сәйкестендіру. Педагогикалық технологияда осы күнге дейін жеке тұлғаға бағытталған оқытудың мәнін анықтауда түрлі пікірлер болды. Тұлғалық көзқарас тұрғысы көптеген ғалымдардың күрделі нысанасы-тұлғаның өзі де сияқты бір ғана ұғыммен айқындалмайды.
И.С. Якиманскаяның ойы бойынша, оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде тану - бұл жеке тұлғаға бағыттап оқыту деп аталады. Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың моделін құру үшін келесі түсініктерді айыруды қажет деп есептейді:
түрлі дәрежелі амал - түрлі дәрежелі бағдарлама материалының қиындығына бағытталған болуы тиіс;
өзгешілік амал - оқушылардың сыртқы ерекшелігі: білімі,
қабілеті, білім беру орталығының типі бойынша бөлу;
жекеше амал- оқушыларды біріңғай топ бойынша: үлгерімі,
қабілеті, әлеуметтік-кәсіби ағымына қарай топтау;
субъекті-жекелі амал - әрбір оқушымен жақын қарым қатынаста болу.
Жеке тұлғаға бағыттап оқытуда білім алушының жеке басы бірінші орында тұрады. Әрбір адам тұлға бола отырып, бір жағынан жеке тұлға, екінші жағынан әлеуметтік типтік тұлға, яғни әлеуметтік маңызды сипаттарды қамтушы болып табылады.
Жеке тұлғаға бағыттап оқытуды Ариян М.А. былай дейді: «Сыныптағы оқушылар өздерінің әр түрлі параметрлері бойынша бөлінеді: оқу деңгейі, оқуға деген талпынысы, тілді меңгеруі, топта шетел тілінде қарым-қатынас жасай білуі, интеллектуалдық қабілеттері, шетел тілін оқуға деген мотивациялары». Ал И.Л. Бим жеке тұлғаға бағыттап оқытуды жеке тұлғаның құрылымы арқылы түсіндіреді және оны мәдениетаралық қарым-қатынаспен салыстырады. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту оқушыда мәдениетаралық қарым-қатынастың барлық компоненттерін игергенде жүзеге асады деген тұжырым жасайды.
Жеке тұлғаға бағыттап оқытуға Алексеев Н.А. келесі анықтаманы береді: Оқытудың мақсаты болып окушының өзіндік ерекшеліктері деп, оның өзін-өзі бағалауы, яғни оқу процесінің субъективтілігін айтамыз. Жеке тұлғаға бағыттап окыту - бұл оқу субъектісінің ерекшеліктерін ескеру ғана емес, сонымен қатар оқу шарттарын ұйымдастырудың басқаша әдіснамасы, оның өзіндік жеке функцияларын «өндіруді» айтады.
Жоғарыдағы әдіскерлердің ойларымен келісе отырып, жеке тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын былайша қорытқым келеді: Сыныптағы әрбір оқушының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, оның оқу процесінде жан-жақты дамуын жүзеге асыру болып табылады, яғни тұлғаны оқытудың соңғы нәтижесі мәдениетаралық қарым - қатынасқа жету. Жеке тұлғаға бағытталған амалды қазіргі заманғы теория және парадигма ретінде қарау, білім беру жүйесінің барлық компоненттеріне әсер ететін (мақсатты, технологиялық, ұйымдастырушылық, прагмо-нәтижелі және т.б.) оқушыны оқу процесінің басты орталығы ету қажет, оқу әрекетінің белсенді субъектісі, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын, оқушының барлық тұлғалық сипатын белсенділендіру, әсіресе, оның интеллектуалдық жағын, типологиялық ерекшеліктерін, мінезін, коммуникативтік қабілетін.
Жаңа парадигмаға сай оқу процесінің орталығында оқушының қажеттіліктері, қабілеті, мүмкіншіліктері тұрады. Оқушы мүғаліммен қатар оқу әрекетінің субъектісі ретінде танылады, ал мұғалім - ұйымдастырушы, кеңесші, әріптес болып табылады, яғни оқушы іс-әрекетінің педагогикалық көмекшісі болып табылады. Жеке тұлғаға бағытталған парадигма оқу жүйесінің барлық компоненттерін қамтиды.
Жеке тұлғаға бағытталған парадигма шетел тілін меңгеру үшін оқытудың барлық маңызды қазіргі заманғы амалдарына сәйкес келеді:
әрекетшіл ( адам іс-әрекет арқылы дамиды);
әлеуметтік-мәдени (білім - бұл адамның мәдениетке енуі, айналуы);
коммуникативті-когнитивті (қатынас және таным білім алудың негізгі әдістері);
біліктілігі (тәжірибеге бағытталған білім берудің нәтижелі мақсатты бағытын анықтайды);
ортаға бағытталған (тиімді білім беру орталығын жобалауға мақсатталған).
Оқушылардың мектепте алған іскерліктері мен білімі, олардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктері, олардың жеке психо физиологиялық ерекшеліктерін ескеру педагогикалық біліктілік болып табылады. Сондықтан педагогикалық процесте оқу жоспарын және бағдарламаларын кұруда жеке тұлғаға бағыттап оқытудың ерекше маңызы бар.
Н.А. Алексеев және т.б. ғалымдардың ойлары бойынша жеке тұлғаға бағытталған оқытудың технологиялық жағын қамту керек, сондықтан да жеке тұлғаға бағытталған оқытудың педагогикалық технологиясы туралы айтудың маңызы ерекше. Қазіргі кезеңде біздің қоғамымыздың қажеттіліктерінің дамуы бұл технологиялардың белсенді және әр түрлі деңгейдегі технологияларға байланысты болып отыр.
Бұл амалдардың жүзеге асуы үшін Якиманская И.С. мына жайыттарды ескеру кажеттігін айтады:
- оқытудың барлық сатысын қамтитын жүйелі болуы тиіс;
- ерекше білім беру орталығы қажет, әрбір оқушының жекеше таңдаушылығын, оның тиянақтылығын, танымдық стилін көрсету үшін арнайы шарттар ұйымдастыру;
- жеке тұлғаға бағыгталған білім беру жүйесінің мақсатын, құндылығын түсінетін және бөле алатын арнайы дайындалған мұғалім керек.
Сонымен біз жеке тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын беретін бірнеше анықтамаларға тоқталдық. Біздің пікіріміз бойынша осы қаралған мәселе шетел тілін оқыту үрдісіндегі тұлғалық бағыттылықты қалыптастырудың сипаттамасын беріп қана қоймай, сонымен қатар білім беру мекемелерінде оқытудың жаңа амалын қолдануға мүмкіндік береді және жеке тұлғаға бағытталған парадигма мектепті жаңартуға әдіснамалық негіз болып табылады деп ойлаймыз.