Тақырыпты тандау мәселем:
оқушылардың биология пәніне қызығушылығының, танымдық белсенділігінің төмендеуі.
ойын технологиясын оқу процесінде жүйелі қолданбаудан оқушы құзыреттілігі айқындалмайды, жан-жақты оқушы қасиеттері анықталмағаннан қарама-қайшылықтар туындайды.
биология сағаттарының қысқаруы
Мақсатым: Биология сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттерім:
-биология сабақтарында ойын элементтерімен танысу;
-биология бағдарламасына сараптама жасап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды анықтау;
-оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу;
-өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру;
-оқушылардың пәнге деген қызуғушылығының денгейін сезінуге, оны игеруде, өз мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету;
-оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру.
Егер биология сабағында
ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
уақытты тиімді пайдаланса; тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе,
онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады
Педагогикалық процесс мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:
Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту
Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық
Репродуктивті, продуктивті , шығармашылық
Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар ету және т.б
Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы ойынды оқыту, бақылау және талдап қорыту деп бөлген дұрыс.
Оқыту ойыны- бұл ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады (үйренеді). Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады.
Бақылау ойыны- бұл ойын өтілген білімді тексеру және бекіту, қайталау кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған.
Сабақта ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:
-өздік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту
-жағымды ойлай білу ептілігі
-өзара әрекет етуді ұйымдастыру
шешімді қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру
Ойын технологиясының оқытудың сатылары:
Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтау, алынған ақпаратты талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу
Баяндалған дайын обектіні құрастыру: топтардағы рөлдік қатынас, форматтық баяндалған объектіні оқып білу Топ жобаларын бағалау:ұсынылған жобаларды талқыға салу Ұсынылған жобаларды экспериментальды жүзеге асыру: ойыншы әрекеттері мен жобаларды бағалау, ойындарды талдау.[6]
Ойын баланың сабаққа ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп: ойын сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары.
Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу үдерісіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездеріне нұсқан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.[9]
Оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір көзі–биологиялық ойын элементтерін қолдану деп ойлаймын. Меңің ойымша, биологиялық ойындар–сыныпта жүргізілген жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады. Мен сабақта қолданған әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның тәрбиелік маңызын түсінуге тырысамын. Оқушыларға сұрақты қысқа, түсінікті етіп қоямын, ойын үдерісінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрлерін кезектестіріп отырамын.
Биология сабақтарында халық ойындарын дидактикалық материал ретінде қолданып сабақ өткізу өте пайдалы.
Мысалы: «Көрші-көрші» ойыны кітаппен жұмыс. Мұнда екі топ өздері үйде дайындаған жұмыстарымен бір-бірімен алмасып көрсетіп, бір бірін бағалайды.
Мұндай ойынды әр түрлі тақырыптарда өткізуге болады, өткізу арқылы қай оқушының тақырыпты меңгере алмағанын және қай жерден үнемі қате жіберетінін оңай аңғаруға болады. Сондай-ақ үзіліс кезінде білмейтін оқушыларға білетін оқушылардың түсіндіріп, үйретіп жатқанын көруге болады.
Алайда, ойын арқылы тапсырмаларды орындау ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттарына жету үшін пайдалану орынды. Оқушыныңның қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі оқушыныңның психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, еркі қасиеті, қабілеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі оқушының жан-дүниесіне әсер етіп, оның рухани адамгершілік сезімінің дамуына ықпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |