VІ. Жеңімпаздардымарапаттау
Астана қаласы Білім басқармасының бұйрығы негізінде І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және грамоталармен марапатталады. ІІ кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Республикалық ІІІ кезеңге қатысуға мүмкіндік алады.
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: 1) дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі интеллектуалдық дамуы мен кәсіптік бағыт алуы үшін қолайлы жағдай жасау;
2) отандық жетекші жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру үшін дарынды оқушыларды дайындау арқылы үздіксіз білім беру идеясын іске асыру;
3) оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын дамыту.
Президенттік олимпиада екі бағытта өтеді:математика-физика және химия-биология, 11-сынып бағдарламасы бойынша тиісті білім деңгейі бар жалпы орта білім беретін ұйымдардың оқушылары үшін.
Президенттік олимпиада үш кезеңде өткізіледі: 1) бірінші кезең – өңірлік, облыстарда Астана және Алматы қалаларында, республикалық білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – РБҰ ) және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – «НЗМ» ДБҰ) – жыл сайын 1 қарашаға дейін;
2) екінші кезең – іріктеу кезеңі 2 турда өткізіледі:
1 тур – қашықтық – жыл сайын 15 қарашаға дейін;
2 тур – шығармашылық, қашықтық тур өткізілген күні эссе жазу;
3) үшінші кезең – республикалық, 3 турда:
1 тур – теориялық,
2 тур – эксперименттік;
3 тур – ағылшын тілінен тестілеу өткізу.
Лаб6
Зертханалық сабақты өткізу түрі:
Мектеп ішілік олимпиаданың жоспарын түзу.
Конкурстың(байқаудың) мақсаты мен міндеттерін анықтау.