Сабақтың технологиялық картасы Кез келген қоғамның дамуы оның ғылым саласы мен оқу жүйесіне тікелей ықпал ететіні белгілі. Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірде болып жатқан құндылықтарды қайта қарау мен күрделі тоғысу процестері мектептегі оқу жүйесіне де әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты іргелі ғылыми зерттеулердің неғұрлым өзекті де зор болашағы бар көкейтесті бағыты Қазақстандағы өркениет дамуының қарқынына және бүкіл дүние жүзінде соңғы жылдары жүріп жатқан ірі өзгерістерге сәйкес дамуда. Ал жақын болашақтағы Қазақстан Республикасының дүниежүзілік процесте алатын орны ғылымды мол қажет ететін дамыған мемлекетке айландыру жөнінде алдына стратегиялық мақсат қоюға бел байлауымен айқындалады. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеледі.
Бүгінде біздің осындай қоғамға жетуіміздің жолын белгілеп берген елбасымыздың «Қазақстан - 2050» стратегиясы күн өткен сайын айқын бедерленіп , өмір шындығына айналуда. Алайда «Қазақстан - 2050» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде, білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін , сонымен қатар , бойында ұлттық діні сақталған , отаншыл рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу мен оқыту қажеттігі баса айтылған. Тек осындай ұрпақ қана еліміздің мерейін бүгінгі жеткен биігінен аласартпай, әлемдік даму көшіне ілеспек. Бүгінгі таңда өздеріңіз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. XXI ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр марғаулықты көтермейтін ғасыр. Елдігіміздің кепілі-білімді ұрпақ.
XX-ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес , ол- жаңадан жаңаны табатын өнер» - деп айтқандай, өзім сабақ беретін биология пәнінен байқағаным, оқушылардың өз бетімен жан-жақты ізденуін, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыруды , биологиядан білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Мен өз тәжірибемнен оқушылардың пән бойынша білім дәрежемінің төмен болуы , олардың қабілетінің жоқтығынан емес , жүйелі түрде өз беттерімен ізденуге , білімін жетілдіруге дағдыланбағаннан , жүйелі еңбектің жоқтығынан екенін байқадым. Сондықтан осы кемшіліктерді жою мақсатында алдыма мақсат қойдым.