Дістемелік материалдар кешені


ХХ ғ екінші жартысындағы биологиялық білім берудің дамуы



бет23/122
Дата11.07.2022
өлшемі5,97 Mb.
#147393
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   122
Байланысты:
ijñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð êåøåí³

2.ХХ ғ екінші жартысындағы биологиялық білім берудің дамуы.

ХХ ғ 40 жылдары биология ғылымдарының дамуында үлкен жаңалықтар ашылды. Кеңестік дәуірдің ғалымдары И.И. Шмальгаузен, Н.П. Дубинин, С.С. Четвериков т.б. шетелдік зерттеушілердің ғылыми еңбектерінің нәтижесінде синтетикалық-эволюциялық ілім қалыптасты. Осы кезеңде В. И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі Сукачевтың биогеоценоз ілімдері көпшілікке мәлім болды. Осы еңбектердің нәтижесінде мектепте биологиялық білім берудің экологиялық бағыты қалыптасты. Академик В.И.Вернадский мектеп биологиясына биосфера ілімін қалыптастырды. Сонымен бірге М.М. Голлербах орта мектептерде биосфера ілімімен бірге эволюциялық ілім және экологиялық білім берудің нақты жолдарын көрсетті. М.М. Голлербах 9- сыныптарға арналған жалпы биологияның оқу бағдарламасын өңдеді. Бағдарламаның мазмұнына «Біртұтас биосфера», «Тіршілік қабаты және тірі ағзалар», «Өсімдіктер және жануарлар әлемінің арақатынасы», «Тірі ағзалар мен қоршаған ортаның қарым қатынасы», «Ағзалардың көбеюі», «Ағзалардың жеке дамуы», «Биосферадағы адамның орны» деген тарауларды енгізіп Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі барлық биология курстарында бірізділікпен дамудың заңдылықтарын толықтырып және фактілермен дәлелденетіндей деңгейде болуын көрсетті. Н.М. Верзилиннің биологиялық түсініктерді дамыту теориясы да оқушыларға білім қалыптастыруда және сабақ беруде маңызды рөль атқарды.Сабақ берудің негізгі динамикасы қозғаушы күші биологиялық түсінік қалыптастырды. Осы кезқеңдерде биологияны оқыту әдістемесіндегі негізгі мәселелер оқу пәнінің мазмұнының ғылымилық мәселесі болды. Арнайы әдістемелік оқулықтар жарық көрді және оқушыларға арналған оқулықтар жазылды. Бұл оқулықтарда бағдарламаның мазмұнына сәйкес тәжірибелердің жасалу тәртібі мен сабақ барысында оларды деманстрациялау әдістемелері көрсетілді. Осы кезеңдерде Б.Е. Райковтың басшылығымен Ленинградта «мектептегі жаратылыстану» журналы мерзімімен жарияланып тұрды. Одан соң бұл журнал «мектептегі биология» атауымен Москваға көшірілді. Осы кезеңдегі мектеп биологиясының өзекті мәселелерінің бірі жаңа эксперименттер және тәжірибелер, демонстрациялауды енгізу болды. Осы мақсатта жануарлар мен өсімдіктерге бақылаулар жүргізіп тәжірибелер қойыла бастады және оқытудың техникалық құралдары пайдаланылды(жарық камералар, кино, микропроекциялар). Көрнекіліктердің бірнеше типтері: таблицалар, оралымдар, сызба нұсқаларды өңдеу үшін суреттер, динамикалық таблицалар, модельдер қолданылды.


Сабақтың өтілу әдістемесінің мәселелерінде шешу қажеттілігі туындады. Н.М. Верзилиннің және т.б. 1940 ж сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуге арналған оқулығы және оқу тәжірибе учаскесінде оқушылармен жұмыс жүргізу әдістемесі т.б.
Оқыту формаларының мәселесі де шешуін тапты. Одан соң, интеграциялау биологияны оқыту әдістемесінде ғылыми теориялық жұмыстар тереңдетілу кезеңі басталды. Арнайы пәндерге арналған және жалпы биология пәндерін оқыту әдістемесінің мәселелері зерттелді.
1966 ж еліміздегі орта мектептерге Ленинград ғалымдарының және әдіскерлерінің еңбектерінің нәтижесінде жалпы биологияға арналған оқулық Ю.И. Полянскийдің басшылығымен жарық көрді. Бұл курс оқушыларға заманауи негізгі ілімдерді ұсынды. Мысалы: эволюция, молекулалық биология, селекция, аут экология, биоценология және биосфера туралы ілім. Адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы, ботаника, зоология, анатомия т.б. ілімдермен толықты. Алғаш рет совет мектерінде факультативтік курстардың бағдарламасы жаслынды. Факультатифтік курстар мектептегі биологияны тереңдетіп оқытатын сыныптарға арналды. Биологиялық білім берудің мазмұнын жаңарту жаңа оқулықтар әдістемелік құрал және оқу құрал жабдықтарының жиынтығын қайтадан жаңартуды қолға алды. Биологиялық білім берудің теориялық деңгейін көтеру арнайы зерттеулерді қажет етті. Атап айтқанда оқу – тәрбие процесін жүйелеу (И.Д. Зверев), оқушылардың ойлауын дамуын(Е.П. Бруновт), проблемалық оқыту (Л.В. Реброва), биологияны политехникалық бағытта оқытуды күшейту (А.Н. Мягкова), оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту (В.И. Трайтак), оқытуды жекелендіру (Н.А. Руте), пәнаралық байланысты қолдану (В.Н. Максимова). 70 ж биологиялық білім берудің экологиялық бағыты күшейтілді. (И.Д. Зверев, А.Н. Захлебный, И.Н. Пономарева, В.З. Резникова, С.С. Красновидова, И.Т. Суравегина). 1981 ж бағдарламалар мен оқулықтардың енгізілуі дайындығын морфология мен физиология систематика молекулалық биология салаларында күшейтті. Оқушылардың экология және эволюциялық білімдері әлі де сапасы төмен еді себебі бұл тараулар мектеп биология курсының ең соңында оқытылды. Ботаника зоология курстарында аут экология мәселелеріне көбірек көңіл бөлді. Ал популяция түр, биосфера ұғымдарына көңіл аударылмады. ХХ ғ соңғы жылдарындағы биологиялық білім берудің мәселелерінің шешімі бастауыш және жоғары мектептерде оқытудың техникалық жабдықтарына байланысты болды. Оқытудың әдістері және құрал- жабдықтары жетілдірілді және сынып жоғарылаған сайын 5-8 сыныпқа дейінгі, 9-10 сыныпқа дейінгі биологиялық білім берудегі үзілістерді азайтып олардың жалғасын жүйелі түрде құру көзделді. Сонымен қатар пәнаралық байланыстар күшейтілді- биология, физика, химия, қоғамтану курстарының арасында.
Педагогикалық ғылымдар академиясында, еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орнында ұжыммен бірге жүргізілетін ғылыми- әдістемелік зерттеулердің қарқыны диссертациялық зерттеулердің нәтижелелері жалпы педагогикалық білімнің дамуына әсер етті соның ішінде биологияны оқыту әдістемесінің педагогикалық ғылым ретінде дамуы әдістемелік оқу- құралдардың монографиялардың жарық көруіне себепші болды. Жалпыға бірдей білім беретін мектептердегі реформалау биологиялық білім беруді жоғары деңгейге көтеріп дамтуды талап етеді, мұғалімдермен биологи әдіскерлердің алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды.

Л4.3

(пункт материалы Л2.3)



  1. Б.Е. Райков, И.И. Полянский, Б.В. Всесятский, П.И. Боровицкий, Н.А. Рыков, Н.М. Верзилин, В.М. Корсунская, Б.Д. Комиссаров, И.Д.Зверев, Т.М. Мұсақұловтар т.б. әдіскерлердің еңбектері.

Б.Е. РАЙКОВ (1880-1966)
Б.Е.Райков 1924 жылы Ленинградта биологиялық станция ашып ғылыми зерттеулер мен бақылаулар жүргізді. Табиғатқа экскурсиялар өткізудің білім деңгейін көтерудегі маңызын атап көрсетті.
Осы жылдары Наркомпрос мектептерде сабақ берудің жаңа әдістерін «лабораториялық» және «жоспарлау әдістерін» қолдануды нұсқады. Лабораториялық әдіс класс, сабақ кестесі, сабақтардың орнын алып, мұғалімнің ролін кеңесші деңгейінде көрсетті. «Жұмыс кітапшаларында» тапсырмалар беріліп ай соңында конференциялар өткізілді. XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап оқу-ағарту жүйесінде жаратылыстану пәндерін оқытудың жалпы және арнайы оқу-әдістемелері қарқынды дами бастады.
1932 жылы 25 қазанда ЦК.ВКП(б) ның ұйғарымында «Сабақ» оқытудың негізгі формасы екендігі көрсетілді және барлық мектептердің түрлері жалпыға бірдей білім беретін он жылдық орта мектептерге айналды. Биологияны оқыту ғылыми тұрғыда бірізділікпен, жүйелілікпен жүргізілді. Осы кезеңдердегі әдістемелық проблемаларды дамытуда өздерінің үлестерін қосқан белгілі әдіскерлер Ю.И.Полянский (1872-1930), Д.А. Судовский (1873-1942), М.М.Беляев (1880-1955), В.Ф.Натали (1890-1965), П.И.Боровицкий (1896-1966), Н.М.Верзилин (1903-1984) т.б. болды.
1937-1941 жылдары «Мектеп биология» журналы Б.В.Всесвятскийдің редакциясымен жарық көрді. 1946-1948 жылдары Б.Е.Райковтың редакциясынан Ленинградтағы «Мектептегі жаратылыстану» журналы қайта жаңғырып кейіннен Москваға «Мектептегі биология»- деген атпен ауыстырылды.
Ғылымның дамуына байланысты 40-шы жылдардан бастап мектеп биологиясына жаңа эксперименттер мен демонстрациялау енгізу қажеттігі туды.
Сабақты өту әдісінің проблемаралын шешу аса маңызды және негізгі мақсаттардың бірі болды. Сабақтың оқу мазмұны экскурсия кезінде өсімдіктер мен жануарларға бақылау жүргізумен және материалдар жинаумен тығыз байланыста болды. Жануарлар мен өсімдіктерге тірі табиғат мүйісінде, үйде бақылаулар жүргізу қажеттігі туды. Эксукурсиялар өтетін сабақтың тақырыбына байланысты өткізілетін болды, үйге берілетін тапсырмалардың ерекшеліктері мен әдістері өңделді. Сабақтан тыс, кластан тыс, көпшілікпен бірге орындалатын жұмыстардың формалары мен әдістері өңделіп, оқушылардьщ білімі мен тәрбиесін дамытудағы орны анықталды.
Бертін келе биологиядан сабақ берудің формаларының проблемалары шешілді.
Ленинградтағы А.И.Герцен атындағы педагогикалық институттың жаратылыстану кафедрасында, 1938 жылдары мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарында әдіскелер ұжымының еңбектері жарияланып әдістемелық зерттеулердің жаңа бағыттарын дамытты.
«Арнайы әдістеме», «биологияны оқытудың жалпы әдістері»,- проблемалары шешуін тапты.
Атақты ғалымдар И.И.Шмальгаузен, Н.П.Дубинин, С.С.Четвериков және көптеген шет ел ғалымдары Ф.Добржанский, Г.Симпсон, Дж.Хаксли, Э.Майер еңбектерінің нәтижесінде эволюцияның синтетикалық теориясы қалыптасты. В.И.Вернадскийдің «Биосфера» ілімі Н.В.Сукачевтің «Биогеоценоз» ілімдері мектеп биология пәндерін оқытуда ғана экологиялық-эволюциялық мақсаттарды шешудің бірден-бір жолы ретінде оқытылды.
Н.М.Верзилиннің басқаруымен биологиялық түсініктерді дамыту теориясы сабақ беруде айтарлықтай орын алды. Осы бағытта жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары баршылық. 1966 жылдары Ю.И. Полянскийдің басқаруы мен ғалымдар тобы мектеп биологиясына эволюциялық ілім, цитология, аутоэкология, биоценология және биосфера туралы ілімдерін оқытудың мазмұнына, бағдарламаға енгізді.

Л5





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет