Дістемелік материалдар



бет7/49
Дата07.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#97718
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Байланысты:
885fee11-c0ee-11e5-bf37-f6d299da70eeУММ ГЗУ 2
689 7775 3683, 689 7775 3683, 0001b3c3-4e098aaa, 0001b3c3-4e098aaa, 0001b3c3-4e098aaa, ҰБТ МАТЕМАТИКА ДИНАМИКА -2020-2021, Spravka (1)
Эксперименталды схема – эксперименталды гипотезаны адекватты тексеру үшін сыналушыларға тәуелсіз өзгергіштіктің әртүрлі шарттарын беру жоспары.
Эксперименталды гипотеза – экспериментке тексерілетін кейбір болжамдарды нақтыландыру.
2 ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ


Тақырып: Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті


Жоспар:
1. Болашақ маманға қойылатын талаптар.
2. Педагогтың зерттеушілік және шығармашылық қызметі.
3. Педагогтың әдіснамалық қызметі.


«Егер мұғалім он бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген
сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз»
(Л.Толстой)


Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деген еді. Осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім – қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік–экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан–жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл жағдайда мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Қазіргі заман талабына сай ойшыл, ғылыми-әдістемелік біліммен терең қаруланған, педагогика мен психологияны жетік меңгерген шебер мұғалім қажет.
Білім – адамның сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, біздің жағдайымызда, ол – педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сол себепті біз «адамды» оның өмір сүру барысында өзгере алатын, оған өзінің әлеуеті жететін ашық жүйе ретінде қарастырамыз. Ал ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» - маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік – бұл білімді меңгерудегі, тәжірибедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.
Көне грек философы Платон өз кезінде танымды, білім алуды еске түсіру деп түсінген екен: білім әр адамның бойында, ол туа біткен қасиет, таным мақсаты тек сол білімді еске түсіруде.Бұл ұстаным ұстаздан шәкіртке білімді тасымалдаудың мүмкін еместігін аңғартады: әрбір адам өздігімен білімді игермесе, яғни есіне түсірмесе , ол ешнәрсеге де үйрене алмайды. Шындығында да өзінде бар білімді ұстаз шәкірттеріне дайын күйде беретін болса, оның бұл ісінен мардымды нәрсе шығар ма екен? Халқымыздың «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген аталы ұғымы осындай жайтты меңземей ме?
Білім сапасы - мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін мемлекеттік стандарттар, бағдармалар белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуынан, баланың әрекетін ұйымдастыра алатын шеберлігінен іздеу керек. Қазіргі заманда әлемдік оқу үрдісінің өзегі инновациялық технологиялар екені мәлім. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқытудың модульдік, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлі саралап оқыту және т.б. технологиялардың стратегияларын мұғалім өз шығармашылығы, ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне орай іріктеп қолдануды талап етеді. Ақпараттық, оқытудың инновациялық технологиялары арқылы барлық балалар мен жастарға бірдей білім беруге және ол әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндіктерін береді.


Білім беру сапасының критерийлері:
1. мұғалімнің кәсіби шеберлігі
2. мұғалімнің білімділігі
3. мұғалімнің тәжірбиесі
4. мұғалімнің бәсекеге қабілеттілігі
5. білім беру сапалылығы
6. еңбектің тиімділігі
7. әдістемелік жұмыстағы шеберлігі

Нарық жағдайының қалыптасуына қарай әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіруде өзінің стратегиясын құра білуі қажет.
Нарық жағдайындағы мұғалімдерге қойылатын талаптар:
• мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігі
• білім беру жүйесінің сапалылығы
• мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - бұл оның кәсіби және жекелік сапаларының жоғары деңгейін көрсететін жалпылама сипаттама.
Оның құрамына:
- мұғалімнің мәдениет адамының өкілі ретіндегі жоғарғы жеке сапалары;
- кәсіби-педагогикалық құзырлылығы;
- педагогикалық ықпал етудің және қазіргі оқытудың технологияларын білуі;
- өзін-өзі шығармашылықпен дамыта, іске қоса алуы.
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын баспалдақ – кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен дамуы барлық саладағы оның азаматтарының кәсібилілігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.К. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегі психологиялық критерийлерін анықтаған:
1. Объективті критерийлерге: мұғалімнің өз мамандығына сәйкестігі, сан және сападағы жоғарғы еңбек көрсеткіші
2. Субъективті критерийлерге: адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес
3. Нәтижелі критерийлер: мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырылады.
4. Шығармашылықтың критерийлеріне: мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегіне өзгерте алуы жатады.
Біліктілікті арттыру - өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсібилік пен құзырлылық деңгейін көтеру мақсатында арнайы білімдік бағдармалар арқылы оқыту, кәсіби дамыту, іс-шараларына қатыстыру және оның өз білімін көтеруі болып табылады.
Мұғалімдік мамандықты биікке көтеретін күш – оның кәсіби құзырлылығы. «Құзырлылық» ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлға субьектілік тәжірбиесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. «Құзырлылық» - белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қарастыра отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде үкім шығара алу дегенді білдіреді.
Мұғалімнің педагогикалық құзырлығы деп, педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін айтады.
М.А. Чошанов құзырлылықты маманның төмендегі белгілерін ажыратып көрсетеді:
• тұлғаралық және еңбектегі байланыс мәдениеті
• қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі
• қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы
• практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
• нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі
• тиімді шешім кабылдау қабілеті
Педагогика ғылымында профессионалдық құзырлылық еңбегінің жемістілігін анықтайтын білімі мен біліктілігінің жиынтығы, тапсырмасы орындаудағы дағды көлемі, білім кешені мен профессионалдық тұлғалық сапасы, теориялық, білімдік және профессионалдық дайындығының бірлігі,жоғары мәдениеттілікті талап ететін қызметтің күрделі түрлерін орындаудағы қабілеті деген мағынада ашылған.
Мұғалім – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан жаңашыл мұғалім даярлауға қойылатын талаптар студенттерді – ертеңгі мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Қорыта келгенде, болашақ мұғалімдерді кәсіби әрекетке даярлау аса көкейкесті, кезек күттірмейтін өткір мәселе екендігін айғақтайды.
Басты міндеттердің бірі студенттердің өздігімен іздену жұмыстары негізінде ғылыми ойлау қабілетін шыңдап,шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру. Болашақ мамандар оқыту-тәрбиелеу процесін өз деңгейінде жүзеге асыру үшін төмендегі қызметті атқара білуі қажет:
1.Тәрбиешілік қызмет – оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбие жұмыстарын жүргізе алу біліктілігі, өзі де тәрбиелі болуы.
2.Оқытушылық қызметі – терең білімді, өз білімін үнемі толықтырып отыра алатын, педагогикалық шеберлікті меңгерген, білім беру, оқыту нәтижесін алдын ала көре алатын болуы.
3.Зерттеушілік қызметі – алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен ғылыми теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік жаңалықпен танысуы, ғылыми зерттеу әдіснамасы мен әдістерін орнымен қолдана білуі қажет. Болашақ мамандардың үшінші қызметті меңгеру үшін ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін үйренудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстар, әдебиеттерге талдау жасау, ғылыми зерттеу әдістерін орнымен пайдалана білу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда библиографиямен жұмыс істей білу, ғылыми баяндамалар құру, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет.
Тәрбиеші педагогтың әдіснамалық мәдениеті. Педагогтың әдіснамалық мәдениеті – педагогика әдіснамасы туралы білімі, оны педагогикалық әрекетінде қолдану біліктілігі. Зерттеуші мен педагогтың іс-әрекеттерін салыстыра келсек, педагогикалық әрекет зерттеу әрекетіне қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Педагог – тәрбиелеу және оқытумен айналысса,зерттеуші - оқыту және тәрбиелеудің тиімді әдістерін анықтайды.Педагогтың объектісі – педогогикалық процесс және бала. Ғылыми педагогикалық зерттеудің объектісі – педагогикалық құбылыстар мен фактілер. Әдістер мен тәсілдерін салыстырса, педагог – оқыту және тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін білсе, зерттеуші – құбылыстар мен процестерді зерттеу әдістерін білуі қажет. Осы тұста сіздерде неге тәрбиешілерге ғылыммен айналысу керек, неге әдіснамасын және зерттеу әдістерін білуі қажет деген сұрақ тууы мүмкін. Бірақ, педагогикалық әрекетте үнемі шешімін таппайтын проблемалармен сұрақтар, жағдайлар болып тұрады. Мұның бари ғылыми жаңалық болмаса да, тәрбиешінің әдіснамалық мәдениеті кез келген педагогикалық ситуациялардан шыға білуге мүмкіндік береді. Сондықтан педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі мынандай:

  • нақты кеңістіктік-уақыттық жағдайларда оқу-тәрбие процесінің мақсат және міндеттерін түсіну;

  • берілген тапсырманы орындауға баланың дайындық деңгейін диагностикалауда әдістемесі мен әдістерді таңдау;

  • алынған нәтиженің негізінде оқу-тәрбиелеу процесін жобалау және құрастыру;

  • педагогикалық тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешу және түйіндеу (фомулировка);

- психологиялық, педагогикалық және әдістемелік рефлекция, яғни өзінің әрекетін объективті түрде талдауы және бағалауы, қателігі мен сәтсіздігін көре білуі. Сонымен, тәрбиеші зертеушілік қызметті меңгере отырып, тәрбиеші-шебер, тәрбиеші-жаңашыл болуына және еңбегінің жемісі жоғары көрсеткіштерді беретіні сөзсіз. Сондықтан тәрбиешінің әдіснамалық мәдениеті оның педагогикалық құзырлығының және шеберлігінің басты көрсеткіші болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет