Тақырып: Зерттеудің нәтижелерін өңдеу және ғылыми жұмысты дайындау Мақсаты: Ғылыми-педагогикалық зерттеуге қойылатын талаптарды ескере отырып,жинақталған материалдарды жүйеге келтіріп, ғылыми жұмысты дайындауға үйрену.
Жоспары: 1. Әр кезеңнің материалдарын ретімен жүйеге келтіріп,тұтас ғылыми жұмысты дайындау.
2. Әрбір кезеңге сипаттама беру.
3. Зерттеу нәтижесінде әдістемелік нұсқа дайындау.
Әдістемелік нұсқаулар.Зерттеу жұмысының жалпы құрылымын еске түсіріп, әрбір кезеңге сәйкес материалдарды орналастырыңыз. Мұқаба, жоспар (мазмұн), кіріспеғ теориялық және педагогикалық эксперимент, әрбір бөлім бойынша қорытынды, жалпы қорытынды, мәтіндегі пайдаланған әдебиеттердің жазу тәртібіне көңіл бөл.