ДӘРІСТЕР Дәріс №1 Ойын терапиясы- арт - терапияның бір түрі. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады.
Ойын терапиясы әр түрлі диагностикалық дәрежедегі балалармен жұмыста тиымды болды, тек толық аутизм мен контактілі емес шизофренияда емес.
Ойын терапиясы шаш жұлуда көмек ретінде тиімді; селективті аутизм корекциясында; өзін дөрекі ұстауда; ата-аналарының ажырасысуынан кейін емдеу жолы ретінде, зорлық корген және тастанды балаларда; қорқынышты төмендету; емдеуге жатқызылған балаларды стресстік жағдай мен уайымнан; оқудағы қиындықтарды коррекциялауда; балалардың оқу үлгеріміндегі қииындықтарында; тілдік дамудағы кемістікте; интеллектуалдық және мінез-құлықтық жағынан артта қалған балаларға; кекештікті емдеуде; психосоматикалық аурулардан соң жағдайды жақсарту мақсатында (бронхиальдық астма, нейродермит, язволық колит, зәр шығару жолдарының дискенизиясында және т.б.); «Мен- концепциясын» жақсартуда; жақындармен ажырау барындағы уайымды емдеуде.
Ойынның коррекциялық әсерінің негізгі психологиялық тетіктері.
Жүйелік әлеуметтік қарым-қатынастардың модельденуі арнайы көрнекі-іс-әрекеттік түрде ойынның кезінде және баланың соған бағынып, қарым-қатынаста бағытты таңдауы.
Бала бағыты мен ойының өзгеруі, осыған байланысты «Менин» танып, қиындықтарды шешуге жағдай туғызады.
Шынайы қарым-қатынастың қалыптасуы мен құрдастарымен серіктестік қарым-қатынасты орнықтырып, оңтайлы тұлғалық дамуына мүмкіндік береді.
Баланың мәселелерді шынайы тұрғыда шеше білуі, белгілі жағдайларға қатысты шешімдерді қабылдай білуге және себебін түсіне білуге.
Баланың мүмкіндіктерін еркін іс-әрекеттерде қолдана алуы мен ойын бөлмесіндегі ережелерге сүйене отырып, жағдаяттарды аша білу
Ойын терапиясын өткізетін психологтың негізгі функциялары
Баланы қабылдау атмосферасын ұйымдастыру.
Баламен эмоциялық бөлісу.
Сезімдер мен көңілін максималды және нақты балаға түсінікті түрде вербализациялау мен көрсету
Ойын барысында баланың өзіндік силастық пен сенімділікті қалыптастыруға бағытталған актуализациялайтын уайыммен, сезіммен бөлісу