Дістемелік материалдары



бет9/26
Дата06.02.2022
өлшемі60,21 Kb.
#80073
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
ойын терапиясы

Дәріс №5

  1. Тақырыбы: Ойын терапиясының жіктелуі

Түзету тәжірибесінде ойынды қолдану психоанализдің теориялық дәстүрімен тарихи байланысты.Ойын теропиясының негізі б.з 20 жылдары М. Кляйн (1922), А. Фрейд (1921), Г Гуг-Гельмут (1926) шығармаларында қаланған.
Психоанализде ойынды қолдану белгілі мөлшерде мәжбүрленген іс болды.Мелани Кляйн талдау арқылы баланың психикалық дамуының бұзылуын жойып ,кем дегенде оған жағымды әсер етуге болады деп есептеді. Сондай-ақ талдау сау баланың дамуына да пайдасын тигізуі ықтимал,ал уақыт оте келе,тәрбиелеу барысындағы қажетті толықтыру болады.
Алайда бала жасының ерекшелігіне байланысты, психоанализдің тәсілдерін балалармен жумыс жасауға тура ауыстыру cәтсіздікке әкеп соқтырды.Баламен жұмыс істеу кезіндегі аналитикалық тәсілдерді қолданудағы басты қиыншылық - психоанализдегі ең негізгі болып табылатын,еркін байланыс тәсілінің қолданылмайтындығы.
Бұл мәселені шешудің балама жолдарын іздестіру барысында М.Кляйн мен Г.Гуг-Гельмут еркін байланыс тәсілінің орнына бала ойынын қолдануға болатындығын ойлап тапты
Ойынды осылай қолдану оның еки сипаттамасына байланысты:
1. М.Кляйнның пайымдауынша,баланың ойыны символикалық іс әрекет болып табылады.Оның барысында қоғамдық бақылау кезінде басымға ұшыраған бйсаналық серпін мен құштарлық еркін көрініс табады. Баланың өзіне алатын рөлдері мен ойыншықтарды қолданып ойнайтын іс ірекеттерде белгілі бір символикалық мағына бар.
2. Ойын,балаынң қарсы тұрған қоршаған орта мәжбүрлеуі мен қысымынан еркін сезінетін жалғыз іс-әрекет түрі. Ал бұл деген, бала мен әлемнің шынайы қарым-қатынасында қабылданбайтын және түсінілмейтін бейсаналық ықылас, сезімдер мен алаңдаушылықтарын білдіруге жол ашылады.
М,Кляйн,баланың кез келген ойыны, белгілі бір символикалық мағына береді және жанжал мен оның басылып қалған құлшынысын көрсетеді деп есептеген. Бұл символикалық мағынаны терапевт түсініп баланың санасына жеткізуі керек.
1919 жылы М.Кляйн ,ойын техникасын 6 жасқа дейінгі балармен жұмыс жасау кезіндегі талдау тәсілі ретінде пайдалана бастады. Оның ойынша,балалар ойыны және соған негізделген ойын теропиясы баланың санасына енуге мумкіндік береді. “Ойын теропиясы” терминын Мелани Кляйн ұсынған болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет