Дәріс №7 Тақырыбы: ОЙЫН ТЕРАПИЯСЫ ҮДЕРІСІНІҢ САТЫЛАРЫ
Ойын терапиясы үдерісінің сатылары бағасыз кең атмосферадағы ойын бөлмесінде өтетін, бала мен ойын терапевт арасындағы өзара қарым – қатынас нәтижесі ретінде пайда болады.
Ойын терапиясы үдерісінде балалардың іс – әрекеті әртүрлі көрінеді.
4-ші сеанстар.Бала қызығушылық көрсетеді, жүйесіз творчестволық ойындарға тереңдеп енеді, қарапайым суреттейтін және ақпараттық ескертулерді орындайды және біруақытта қуанышпен алаңдатушылықты көрсетеді.
5-8-ші сеанстар.Бала зерттеушілік жүйесіз творчестволық ойынды жалғастырады, ойынның жалпы агрессивті бағыттылығы жоғарылайды, бұрынғыдай қуаныш және алаңдатушылық көрінеді.
9-12-шы сеанстар.Зерттеушілік жүйесіз ойынның үлесі азаяды, Жүйесіз ойын бөлігі азайып, қатынас құруға, шығармашылық пен қуаныш басым болуына негізделген ойын бөлігі артады. Терапевтпен вербальды қатынас өсіп, өзі мен отбасы жайлы ақпарат беріледі.
135
13-16-шы сеанстар.Творчестволық ойындар және қарым – қатынасты орнатуға бағытталған ойындар басым болады. Агрессивті ойындар үлесі азаяды. Бақыт, толқу, жек көрушілік, сенімсіздік көрінетін жағдайлар жоғарыдайды.