Дістемелік материалдары



бет19/26
Дата06.02.2022
өлшемі60,21 Kb.
#80073
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
ойын терапиясы

Дәріс №12
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларға ойындар. Захаров ұсынған түзеу әдістері
Топқа бала жинаған кезде келесі нұсқаулар ескеріледі: әр түрлі ауытқулары бар балалардан құралған топ; балаларды ешқандай қосалқы психологиялық зақым алмайтындай топтарға жинақтау керек; топ мүшелері ойын терапиясының басталуына дейін таныс болмау крек; жас айырмашылықтары бір-бірінен 1жас аралықтан көп болмауы керек; Ондай топтарға 5 пен 12 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
Захаров бойынша топтағы балалар саны:
4-5 жас аралығында -4 адам;
5-11 жас аралығында- 6 адам;
11-14 жас аралығында- 8 адам.
Барлық сандар шартты түрде және топтағы қатысушылардың ерекшеліктеріне, объективті жұмыс ыңғайына байланысты. Психопрофилактикалық топтар сандық жағынан 1,5 есесден артық аспау керектігін ескеру қажет. Сонымен қатар, егер топқа 2 ойынтерапевтті енгізсе (әсіресе мүмкіндігінше еркек пен әйел жұптасып жұмыс істеген кезде ), балалардың да саны 1,5 есеге өсуі мүмкін. Жұптасып жұмыс жасаған кезде психологтар топқа тек объективті көзқараспен қарау мүмкіндігіне ғана ие болмай, сонымен қатар жұмыс барысындағы ерекшеліктерді талқылауға, ұл мен қыздың арасындағы дұрыс жынысаралық куәлігін дұрыс қалыптасуына қосалқы әсер етуге мүмкіндік береді. Топтағы ерлер мен әйелдердің болуы балаларға өздерінің әйел мен еркектің өзін-өзі ұстау әрекетін дұрыс жобалауға, сонымен қатар әке мен ананың тұлғасымен байланысты өздерінің қорқыныштары мен қиыншылықтарын ойынға енгізуге, әрекет етуге мүмкіндік етеді. Кез-келген бала өзінің қылығын өзі аса мән беретін ересек адамнан “көшіріп алу” негізінде қалыптастырады. Өзіне деген қолдауды, түсіністікті, қуаттауды өзіне мәнді деп санайтын адамнан алу маңыздырақ. Топтық терапия маңызын әрбір толыққанды баланың жеке басының келешек мақсаты ретінде емес, кең мағынада анықтаған жөн. Әйтпесе ойынтерапевті шарасыз немес ашық түрде баланы белгілі қиыншылықтармен байланысты мақсатқа итермелейді. Сонымен бірге баланы өз қызметін басқару мүмкіндігін шектейді.
148
Осыған орай мақсат пен тапсырмалар келесі түрде белгіленуі мүмкін. Топтық ойын терапиясы баланың жағымды “Мен-тұжырымдамасын” жақтарын дамытуға; өзінің іс-әрекеті мен қылықтарына әлдеқайда жауапты болуына; әлдеқайда өзін-өзі реттей алуына; көбінесе өз-өзіне сенім артуға және бақылай білуді меңгеруге; өздігінен шешім қабылдай білуіне; баға берудің ішкі қайнар көзіне және өз-өзіне деген сенім қалыптастыруға негізделеген.
149
Түрлі материалдармен ойын терапиясы
Ойын терапиясында әрі құрылымдық, әрі құрылымдық емес ойндар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет