Дәріс №14 Тақырыбы: Ойыншықты таңдау барысындағы негізгі ескертілетін мәселелер Ойыншықтар мен бала ойнайтын материялдар логикалық тұрғыдан дұрыс тандалулары қажет. Сондай-ақ үнемі негізгі идеяны естен шығармаған жөн: ең бірінші кезекте балалармен жұмыс жасағанда ойын терапиясын қолдану қажет және осы тәсіл арқылы ол ойын барысында оның даму және белсенділік қабілетінің жетілгенің мойындау қажет. Бұрын айтылғандай баланың ойыншығы-сөзі, ал ойыны-оның тілі.
Ойыншықтар мен материялдар баланың коммуникативті процесінің бір бөлшегі болып табылады. Қажетті бейнелерді таңдауда өте ұқыпты болған жөн. Ойыншықтардың саны емес олардың дұрыс таңдауы негізгі қағида.
Ойын терапиясында қолданылатын ойыншықтар мен материялдарды үлкен үш топқа бөлуге болады:
Шынайы өмірдегі ойыншықтар.
Баланың іс-қимылына әсер ететін ойыншықтар.
Эмоцияны басуға және шығармашылық қабілетін дамытуға әсер ететін ойыншықтар.