Шынайы өмірдегі ойыншықтар. Шынайы өмірдегі ойыншықтар- қуыршақтар, қуыршақтың үйі, марианеталар, олар шынайы отбасы мүшелері сиақты. Осы ойыншықтар бейнесі арқылы шынайы өмірдегі баланың қорқынышын, қуанышын, апалы-сіңілер арасындағы бәсекелестікті, отбасы ішіндегі қақтығыстарды көруге болады. Көлік, қайық, касса сияқтыойыншықтар тұйық, үрейлі балаларға өте маңызды.
Агрессяға әсер ететін ойыншықтар. Ойын терапиясында балалар сөзбен жеткізе алмайтын әсерлерін эмоциямен білдіреді. Қалайы солдаттар, қолтырауын,қару жарақ,резеңке пышақ сияқты ойыншықтарды балалар жауласқан жағдайда қолданады фафгресивті балалар ойын бөлмесінде оларға барлық нәрсе рұқсат етілген және бұл үшін ешқандай жазалау болмайды деп, өздерін еркін сезінеді.
Ойын бөлмесінде өте белмесінді балалар өздерін еркін ұстап, олаға бәрі рұқсат етіледі деп санайды. Осыдан олар қанағаттанып, позитивті көңіл күй кешеді.Атыс, көму,тістеу,соғу және пышақтау сияқты ойын түрлері баланы агрессяға жетелейді.Бірақ кей кездері балаға шектеу қою керек, мысалы бөлмеге қалай болса солай құм шаша бастаса немесе әртүрлі ойыншықтарды қирата бастаса.Осындай тұстарда ойын кезеңіне жануарларды қосуға болады өйткені ойын терапиясының бастапқы кезеңінде балалар адамдарға деген агрессиялық сезімдерін жеткізе алмайды.Бұндай бала әке келбеті сияқты қуыршаққа оқ ата алмайды, ол бала ойыншық арыстанға оқ атады. Кейде балалар тістейтін, шайнайтын қолтырауындарға өшпенділікпен қарайды.
Материал ретінде балшықты алуға болады. Балшық баланың шығармашылық қабілетін арттыруға үлкен ықпал етеді. Және баланың агресияссына да көп ықпал жасайды, өйткені балшықты илеуге, оны бұзуға болады. Сондай-ақ бала балшықтан ойын фигураларын өзі жасай алады.