Дәріс №11 Тақырыбы: Директивті және директивті емес ойын терапиясы.
Директивті (бағытталған) ойын терапиясы ойын терапевті ойынның символдық мағынасын түсіндіру және жеткізу қызметін атқаруын, символдық ойын формасындағы бейсаналық басыңқы тенденцияларды жандандыру және оларды әлеуметтік қолайлы стандарттар мен нормаларда ойнату мақсатында ересектің бала ойынында белсене қатысуын қажет етеді.
Бағытталған ойын терапиясында ойынның орталық тұлғасы - ересек адам – ойынды ұйымдастыру, символдық мағынасын түсіндіру қызметін атқарады. Директивті терапияның мысалы ретінде Левидің жеңілдетілген психотерапиясын қарастыруға болады. (1933)
143
Мұндай тәсілге алдын ала өңделген ойын жоспарлары, нақты рөлдерді тарату, барлық даулы жағдайларды шешу тән болып келеді. Балаға дайын түрде мәселелерді шешудің бірнеше нұсқалары беріледі. Ойын нәтижесінде бала өзін және өз мәселелерін ұғады.
Директивті емес (бағытталмаған) ойын терапиясы ойынды еркін түрде баланың өзін-өзі білдіру құралы ретінде жүргізіледі және бір уақытта үш негізгі мәселені табысты шешуге мүмкіндік береді;
Баланың өз-өзін білдіру репертуарын кеңейту.
Эмоционалдық тұрақтылықты және өзін-өзі реттеуге қол жеткізу.
«бала- ересек адам» жүйесіндегі қатынастарды түзету.
Бағытталмаған ойын терапиясында бала тұлғасын бала мен ересек, бала мен құрдасы, конгруэнтті байланыс жүйесі арасындағы қарым-қатынастың адекватты жүйесін қалыптастыру арқылы түзету ойлары алдыңғы жоспарға қойылады.
Психотерапевт балалардың спонтанды ойынына араласпайды, оны түсіндірмейді, клиенттің ойы мен сезімі үшін жайлы ,қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етеді. Ойын терапиясы невроздық бұзылулары, эмоционалды шиеленіскен , өз сезімдерін басатын балаларға ықпал ету үшін қолданылады.
Ойындағы директивті емес әдістің мақсаты- баланың өз-өзін , күшті және әлсіз жақтарын, қиыншылықтары мен жетістіктерін тануға көмектесу. Мұндай ойын терапиясының келесі қағидалары бар;