«диуани лұҒат-ит-түрік» ЕҢбегі негізінде орта ғасыр түркілері танымындағЫ Әлем бейнесінің этнолингвомәдени көрінісі



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата23.02.2022
өлшемі340,92 Kb.
#133003
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
D v nu Lug ti t T rk al mas Esas nda Orta a T rkleri Bilincindeki D nya G r n n Etnoleng k lt rel G r nt s [#155041]-136449

Key words: 
Dîvânu Lugâti’t Türk, Medieval Turks, worldview.


«Диуани Лұғат-Ит-Түрік» Еңбегі Негізінде Орта Ғасыр Түркілері Танымындағы Әлем Бейнесінің 
Этнолингвомәдени Көрінісі
Türk Dünyası 39. Sayı
168
Дүниенің төрт бұрышын алған көне түркілердің мұрагерлері 
орта ғасырлық түбі бір түркі халықтарының табиғи болмысы мен 
этностық дүниетанымын, кеңістік пен уақытты игерудегі рухани және 
материалдық құндылықтар жүйесін айшықтауда М.Қашқаридың 
«Диуани лұғат-ит-түрік» энциклопедиялық жәдігерінің маңызы ерекше. 
Ғалым Ә.Т.Қайдар «Этнос және оның тілін біртұтас, өзара тығыз 
байланысты құбылыс деп қарасақ, тіл қоғамда тек сол этностың қарым-
қатынас құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар оның (этностың) 
бүкіл рухани, мәдени байлығының куәгері іспетті барлық болмысы 
мен өмір-тіршілігінің, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, 
ата мұрасы, асыл қазына ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын 
қызметі тағы бар» деп, лингвомәдениеттаным мен этнолингвистиканың 
сабақтастығын көрсетіп, этнолингвомәдениеттанымдық зерттеулерде 
лексикалық қорды «Табиғат», «Адам», «Қоғам» макрожүйелері негізінде 
қарастырудың маңызын анықтап бергені белгілі (Қайдар 1998: 34). Орта 
ғасырлық түркілер дүниетанымындағы әлемнің тілдік бейнесі де аталған 
макроконцептілердің тілдік модельдері арқылы көрініс табады. «Диуани 
лұғат-ит-түрік» тілінде кездесетін орта ғасырлық түркілер санасындағы 
ақиқат дүниенің идеялық құндылықтарын бейнелейтін концептілерге 
сараптама жасап, олардың тілдік модельдерінің архимазмұнын қарастыру 
жалпытүркілік концептуалды жүйенің эволюциялық дамуы мен сыртқы 
және ішкі құрылымын зерделеуге мүмкіндік береді. Орта ғасыр мұрасына 
жататын «Диуани лұғат-ит-түрік» жәдігерін антропоөзектік лингвистика 
негізінде зерттеу арқылы көптеген концептуалды ғылыми ақпараттарға 
қанығумен қатар, бүгінгі түркі халықтарының болмысын, соның ішінде 
қазақ халқының таным ерекшелігін тани түсуге болады.
«Дүниетаным ақиқатты рухани-практикалық тұрғыдан игеру жүйесі 
болып табылса» (Орынбеков 1996: 85), тіл санада танылған ұғымдар 
жүйесінің, танымның ақиқат өмірдегі бейнесі ретінде дүниетанымның 
қалыптасуына арқау болады, ұзақ хронологиялық мерзімді қамтитын 
ұрпақ сабақтастығының, таным бірлігінің алтын желісі қызметін 
атқарады. Әрбір халық әлемді оларды қоршаған заттарды өзінше елестетіп, 
қабылдайды. Себебі, әр елдің тарихы, төл мәдениеті, ұлттық таным мен 
талғамы, тілі, діні әртүрлі болып келеді. Тіл адам үшін тек қарым-қатынас 
және танымдық қызмет атқаратын механизм ғана емес, ақиқат әлемі 
туралы ақпарат беретін саналы құбылыс. Ұрпақтан-ұрпаққа жететін 
рухани-мәдени құндылықтар жүйесі тілдің ақпараттық-кумулятивтік 
қызметі арқылы жалпы адамзаттық өркениет кешенін қалыптастырады. 
Әрбір тарихи-әлеуметтік кезеңнің өзіндік рухани құндылықтарын 
қалыптастыратын таным-талғамы келесі тарихи кезеңдегі жас ұрпақтың 
таным-талғамының талабына, тәжірибесіне байланысты сәл ғана өзгеріс 


Miras M. KOSIBAYEV
169
Türk Dünyası 39. Sayı
тапса, кейде еш өзгермей жаңа құндылықтар өзегіне айналып келесі 
ұрпаққа жалғасып отырады. Түбегейлі жоқ болып болмаса танымастай 
өзгеріске ұшырау қауіпі жоқ. Бұл далалық танымның немесе түркілік 
дүниетанымның ерекшелігі. «Себебі көшпенділердің тіршілігі тек 
ритуалға, миф-аңыздарға негізделген. Ондағы ең басты қағида – «біз 
және өзгелер», қан тазалығына негізделген қарым-қатынас» (Есім 2004: 
96).
Этнос дүниетанымы адамзат ақыл-ойының даму деңгейіне 
байланысты жетіліп, шыңдала түсетін мәдениеттің даму кезеңдерінің 
әрбір сатысынан өткен сайын ақиқат дүниені тек логикалық-позитивтік 
қана емес, этикалық-моральдік, ментальдік тұрғыдан да таныта алады. 
Мифологиялық-діни түсініктен өрбіген «Тәңірлік идеясы» көне түркілер 
дүниетанымының негізіне айналса, орта ғасырда ислам мәдениетінің 
ықпалы зор болғаны белігілі. С.Г.Кляшторный тәңірдің функционалдық 
бейнесін «ғаламды да, адам тағдырын да Тәңірі билейді: адамзат 
тағдырына тән қуаныш-қайғы да Тәңірден жіберіледі; қағандарға 
билік, даналық сыйласа, халыққа қағанды сыйлайды; қағанға қарсылық 
білдіргендерді жазаға тартады; қағанға бұйрық беру арқылы мемлекеттік, 
әскери істерге де басшылық етеді» деп түсіндіреді (Кляшторный 1981: 
131). Философиялық ойдың көрінісі Махмұт Қашқари жәдігері тілінде 
барынша жан-жақты байқалатынын қазақстандық зерттеуші Д.Кенжетай 
«Араб тілі мен парсы тілінің аспандап тұрған кезеңінде түркі тілінің 
байлығын көрсету, әрі арабтарға түркі тілін үйрету үшін жазылуы, 
сонымен қатар көне түркі тілінен, дүниетанымынан, әдет-ғұрпы мен салт-
санасынан, сондай-ақ сол дәуір тарихынан хабар беруі тұрғысынан да 
бұл еңбек өте құнды болып саналады» (Кенжетай 2005: 25) деп көрсетеді. 
Ескерткіш тілін зерделей отырып, ғұн дәуірінен бастау алған «Тәңірлік 
идеяның» орта ғасыр түркілерінің дүниетанымынан да орын алғанын 
көруге болады. Сөздікте тәңірдің жаратушылық құдіретіне байланысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет