«Диуани Лұғат-Ит-Түрік» Еңбегі Негізінде Орта Ғасыр Түркілері Танымындағы Әлем Бейнесінің
Этнолингвомәдени Көрінісі
Türk Dünyası 39. Sayı
170
I: 150),
Teŋririg öküš ogdümiz
«Tәңірді өте мақтан тұтамыз»
(DLT: I:
472) т.б.; тәңірге қатысты мақалдар мен тұрақты тіркестер
Süsegen udhka
Teŋri müŋüz bermes
«Сүзеген өгізге тәңірі мүйіз бермес»
(DLT: III: 364),
Begim özin ogurladı,Yarag bilip ogurladı. Ulug Teŋri agırladı, Anın kut kıv
türı togdı «Бегім өзі тасаланды, Сәтін біліп жауып алды. Ұлы тәңірі
құрмет тұтты, Содан құт-бақ дәулет туды»
(Бегім істің сәтін бағып,
қосындардан шеткері кетіп жасырынды;
Істің сәтін біліп, уақытында
істеді; Ұлығ тәңірі әзіздеп, содан құт, дәулет туды; бақыт тапты.) (DLT: I:
301),
Toyın tapugsak, Teŋri sevınšsiz «Тойын табынғыш, Тәңірі сүйінішсіз»
(Мұсылман болмағандардың дін басылары Ұлы Тәңірге құлшылық етіп
табынар, бірақ Ұлы Тәңір оның табынғанына сүйінбес, разы-хош болмас.)
(DLT: III: 377) т.б. сынды тілдік бірліктерден Тәңір жаратушы Алланың
синонимі іспеттес көрініс тапса, кейбір түркі тайпалары арасында
аспан
және
үлкен
,
зор
нәрселер үшін де
тәңір
лексемасының қолданғандығын
көруге болады (МҚ: III: 505).
Жәдігер тілін антропоөзектік лингвистика аясында зерделей отырып,
«Диуани лұғат-ит-түрік» тек сол жазылған
уақыттың ғана ерекшелігін
емес, тұтас ғасырдың, бүгінде жеке-жеке ұлт болып ұйыған сол кездегі
біртұтас түркі халқының болмысы мен танымы сыйдырылғанын көреміз.
Осындай тарихы терең бірліктердің бірі –
құт
лексемасы. М.Қашқари
qut
лексемасына
«құт, бақ-дәулет»
деген анықтама беріп,
qutluɣ «құтты»
сөзінің осыдан шыққанын айтады
(МҚ: I: 379).
Uma kelse qut kelir «Қонақ
келсе құт келер»
(DLT: I: 92).
Ulugnı uluglasa qut bulur «Ұлықты ұлықтаса,
құт болар»
(Жасы үлкен қарияларды құрметтесе құт болар) (МҚ: I: 358);
Kut kuwiɣ berse idhim kulıŋa, Künde ıšı yükseben yokar awar «Тәңірім берсе
құлына бақ, құт-дәулет, Ісі оңалып, көтерілер күнде өрлеп»
(МҚ: I: 379).
Аталған лексеманың сакральді сипаты көне түркі дәуіріне жетелейді.
Көне түркілер дүниетанымында
құт
адамзатқа өмірлік күш-қуат, несібе,
ырыс-береке, байлық, абырой-атақ, бедел әкелуші кие болған. Көне түркі
тілі сөздігінде
qut
моносиллабына «счастье», «благо», «удача», «успех»,
«счастливый удел» мағыналары берілген (ДТС 1969: 471). Қазіргі кейбір
түркі халықтары тілінде
qut
лексемасының
адамды тастап кетсе адам
ауыра бастап, келмесе өмірден өтететін тылсым күш мағынасын да
көреміз. Мәселен тув.:
Достарыңызбен бөлісу: