Компанияның функционалды ұйымдастыру құрылымы бар. Яғни директоры, департаменттері бар, әрқайсысы өз қызметімен: марке- тинг, өндіріс, сату, ілгерілетумен айналысады және т.б. Әрбір департаменттің өз басшысы, оған бағыныштылары бар.
Компанияның әр қызметкерінің өз орны бар және ол өзіне белгіленген функцияларын орындайды.
Стартаптың негізін қалаушы бар, ол стартаптың негізгі және ең мотивацияланған адамы. Ол басты идеяларды шығарып, қалған адамдарды қызықтырады, ол маркетолог, әзірлеуші, «сатушы», психолог және т.б. бола отырып өзгерістерге бастамашы болады. Негізін қалаушыдан басқа, стартапта ниеттестер командасы – стартап идеясы қанаттандырған және күнделікті қалыптасқан күн тәртібін ізденушілік пен экспериментке айырбастауға даяр адамдар бар.
Стартап командасы, мамандықтары әртүрлі болса да, оны қалыптастырған адамдар клиентті әртүрлі позициядан дамытумен айналысады – клиенттің интерфейсті пайдалануын қалай жеңілдетуге болады? Қандай дизайн жақсырақ? Клиенттерді қандай каналдар арқылы тартуға болады және т.б.
Білім
Компанияның қалыпты жұмыс істеуі үшін басшылық барлық қызметкерлерді дұрыс ұйым-дастыруы, оларды дұрыс басқаруы (оларды ынталандыруға, олар жақсы жұмыс істеуі үшін, нәтижелерге жетуі үшін бонустар құрылымын құру және сыйақы, т.б.), қаржыны басқаруы (компанияның ішінде оның мұқтаждығына дұрыс бөлу), әрбір жеке қызметкердің компанияны алға жылжытуына негізделген нақты даму стратегиясын жасауы, көшбасшылық дағдылары бар, маркетингілік стратегияны (жарнаманы) дұрыс жоспарлауы, өндірісті оңтайландыруы және жақсартуы тиіс.
Стартаперлер өз стартаптарының бизнес-моделін ойластыруы керек (яғни қалай ұйымдастырылатын болады: клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы қалай пайда табуға болады?), клиентті дамытумен айналысу, стартап-команданы құру, оған қаржы тарту, стартаптарды бірте-бірте дамыту – кез келген сәтте әрекет ету қабілетін тексере отырып- сатылай, оның маркетингілік стратегиясын әзірлеу (стартап адамдарға қалай белгілі болады, жаңа тұтынушыларды қалай тартуға болатыны туралы).