стартап пен жұмыс істеп тұрған бизнестің айырмашылығын білу.
стартап бизнес-моделінің қалай құралғанын түсінеді;
ұқыпты стартап әдістемесін қолданады.
Стартап дегеніміз не?
Сіздердің көпшіліктеріңіз «стартап» сөзін естіген боларсыздар. Ал соңғы бес жылда жаңа стартаптар туралы әңгімелер саны әдеттегіден көбірек бола бастады. Стартап-индустрия өкілдері — жаңа стильдің икондары, олардың атақтары футболшылар мен поп-әртістерден асып түсе бастады.
Бұл сөз нені білдіреді? Көп теген анықтама бар, біреуіне тоқталып көрейік.
Америкалық кәсіпкер Стивен Бланк стар-таптарды қалпына келетін және бизнес-модельді кеңейтіп іздеуге арналған уа-қыт ша құрылымдар ретінде анықтады. Бұл анықтаманың негізінде стартап уақытша болады, ол рельстен шығысымен-ақ айналымға түсіп компания бола бастайды деген түсінік жатыр. Стартаптың мәні тек қана жұмыс істейтін емес, сондай-ақ өсе-тін де бизнес модельдерді іздеу болып та-былады. Біз бизнес-модель — бұл стартап проблемаларын шешіп және клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, пайда табуы туралы сұрақтарға жауап береді деп айтқан болатынбыз.
Стартап дегеніміз не?
Стартап дегеніміз — бұл әрі қарайғы даму мен бизнестің қызмет етуіне қатысты өзінің негізін салушылардың болжамын растайтын уақытша құрылым (яғни әлі компания емес). Яғни стартаптың негізін салушыларда өміршеңдік қабілетін тексеретін идея болады, егер ол жұмыс істеп кетсе, стартап толық қызметін бастайды да, компанияға айналады.
Стартаптың мақсаты — клиенттің сұранысын қанағаттандыра алатын шешімдер іздеу, яғни клиенттің мәселелерін шешу.
«Ұқыпты стартап»
Идеялар — бұл жақсы ой. Идеяларыңыз өмір сүруге қабілетті ме, оны қалай тексеруге болады? Практикада Эрик Риспен құрылған стартапты тексеруге арналған «ұқыпты стартап» арнайы әдіснамасы бар (lean startup).