Дизайн, тестиль және киім технологиялары факультеті Кафедра «Тоқыма өндірісінің технологиясы» ЕҢбекті қОРҒАУ



бет2/46
Дата19.05.2022
өлшемі204,45 Kb.
#143935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
ЕҚ дәрістер кешені
Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау, Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау, Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс шығару, Тест жаңа 2020, глоссарий (2), мәтіндік тест, Негіздер (-OH), Наж, Academic Phrasebank, treatise34854, 1 сабақ, 8 test answers, GRADE 9-10 PAST PAPERS - 2019 - EN, 5th cambridge AP
Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш /жойқын/ әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы меммлекеттік шаралардың жиыны.
Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында осы еңбек келісіміне байланысты еңбекті қорғау туындайды.
“Еңбекті қорғау” пәні келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Құқықтық және ұйымдастырушылық шаралары;

  2. Еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария;

  3. Техника қауіпсіздігі негіздері;

  4. Электр және өрт қауіпсіздігі негіздері.



Казақстанның өндірістік потенциалын өсіру, жаңа экономикалық және әлеуметтік жағдайларда, әсіресе республикамыз әлемдік нарыққа өзінің өнімімен Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіретін кезде кәсіпорындардың түрліндірілуге дайындығына байланысты. Сонымен өндірістік жүйелерін, соның ішінде өндірістік қауіпсіздік пен еңбек қорғау жүйелерін іске асыратын деңгейіне кепілдік беру қажет.
Статистикалық деректер бойынша ТЖ алдын алу және жою жөніндегі Мемлекеттік инпекцияның қадағалауындағы 18 мыңнан астам кәсіпорындарда жыл сайын ауыр жарақат алғандар және мерт болғандардың белгілі саны, жүздеген жазатайым оқиғалар тіркеліп отырады. Әрине мемлекет осындай шығындарды азайтуға ынталанады.
Еңбек қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі курсы бакалаврларды даярлауда міндетті болып табылады және кәсіби пән ретінде оқу жоспарына кіргізіледі.
Өндірістік жабдықты пайдаланғанда және жөндеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеті – жұмысшылар денсаулығының нашарлауы және зақымдануларға әкелетін қауіпті өндірістік факторлардың алдын алу.
Құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері. Жұмыс барысында жұмысшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде ең маңыздысы Еңбек қорғау (ЕҚ) және өміртіршілігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету (ӨҚҚ) жөнінде нормативтік құқықтық актілер болып табылады. ЕҚ және ӨҚҚ бойынша нормативтік шарттарды әзірлеу және оларды сақтау, яғни шаруашылық және ведомстволық қызметінің саласына қарамастан жекеменшіктің барлық түрлері: кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардың – мемлекеттің маңызды мәселесі болып табылады.
Өндірістік қызметтегі адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ҚР заңнамалық және нормативтік актілер жинағы: ҚР Конституциясы, Әкімшілік құқықбұзушылар туралы кодексі, Азаматтық процессуалдық кодекс, «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» және т.б. әрекет етеді.
Егер Конституция және басқа еңбек туралы заңдар құқықтық нормативтер болып табылса, онда актілер кестесінде келтірілген нормативтер кәсіпорындарға, өндірістік қызметтерге, ортаға, жабдықтарға қойылған талаптарды нақтайды; тұлғаларға міндетін, құқығын және ЕҚ мен ӨҚҚ туралы заңнамалық және басқа нормативтік актілерді анықтайды.
ҚР ЕҚ және ӨҚҚ саласында еңбек қауіпсіздігі жөнінде (ГОСТ ССБТ 12. …), 0-4 – қолданыстағы бес және 5-9 қордағы бес қосалқы жүйелерін қосатын ТМД мемлекетаралық стандарттар жүйесінің талаптарымен басшылық етеді.
Қызметкерлердің ЕҚ туралы заңнамалық және басқа нормативтік актілердің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі «Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі туралы» заңымен бекітілген, соған сәйкес кәсіпорын жұмысшылары ҚР бекітілген заңнамасы ретінде тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Еңбекті қорғаудың мемлекеттік басқармасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі ҚР министрліктері және ведомстволарында, сондай-ақ басқа да бірлестіктер мен кәсіпорындарда еңбекті қорғау қызметінің құрылуы қарастырылған, сонымен қатар, мұндай қызметтердің міндетті түрде құрылуы заң бойынша бекітілген. Осы Кодекста 50 адамнан астам санды кәсіпорындарда ЕҚ қызметін құру қарастырылған. Одан аз қызметкерлердің саны бар кәсіпорындарда осындай қызметті немесе маман лауазымын енгізу туралы шешімді жұмыс беруші кәсіпорынының әрекетін ескере отырып қабылдайды.
ЕҚ қызметінің негізгі міндеті: кәсіпорында ЕҚ бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру; кәсіпорын қызметкерлері ЕҚ және ӨҚН жөніндегі заңнамалық немесе нормативтік құқықтық актілерін сақтауын бақылау; өндірістік зақымданулардың, кәсіптік және өндірістік аурулардың алдын алу, әрі еңбек жағдайын жақсарту бойынша тәжірибелік жұмыстарды жетілдіру; ЕҚ мәселесі жөнінде жұмыс берушіге және қызметкерлерге кеңес беру болып табылады.
ЕҚ қызметі жұмысшыларын үйлестіру және тиімді жұмыс жасау мақсатында жыл бойы өткізілетін жұмыстардың, солардың мерзімі мен қаржысын көрсететін тізімдемесі белгіленген жалпы жылдық жоспар құрастырылады, яғни кәсіпорын ұжымдық келісіммен немесе шарттармен белгіленген көлемде қажетті құралдарды жыл сайын бөлу қажет. ЕҚ қызметі өзінің мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңеледі. ғымдарын қарастырып, күнделікті өмірдегі кездесетін ең керекті баптарға тоқталсақ..
Бақылау сұрақтары
1. Жұмысқа қабылданғаннан кейін қандай мерзімде жұмыскерлерге еңбек қорғау бойынша курстық оқытуды жүргізудің қамтамасыз етілуі міндетті
2. Еңбек қорғаудың ережелері мен нормалары олардың қолдану шеңбері бойынша қалай бөлінеді
3. Еңбек қорғау жөніндегі нормалар мен стандарттарды, ережелерді, сонымен қатар техника қауіпсіздігі бойынша нұсқауларды қайтадан қарастыру кезеңділігін көрсетіңіз
4. Лауазымды адамдардың еңбек туралы заңшығармаларын бұзғандығы үшін жауапкершіліктерінің түрлерін атаңыз
5.“Еңбек қорғау” курсы қандай бөлімдерден тұрады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет