Дизайн, тестиль және киім технологиялары факультеті Кафедра «Тоқыма өндірісінің технологиясы» ЕҢбекті қОРҒАУ


Аттестация комиссиясын ұйымдастыру



бет10/46
Дата19.05.2022
өлшемі204,45 Kb.
#143935
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
Байланысты:
ЕҚ дәрістер кешені

Аттестация комиссиясын ұйымдастыру
- еңбек жағыдайындағы барлық жұмыс орындары туралы мәліметтерді жинайды;
- сараптама негізінде барлық алынған өндірістік жарақаттар себептерін анықтап, барлық қауіпті деген орындармен құрылғыларды анықтайды;
- жұмыс орнындағы қауіпті, зиянды деп табылған факторлардың бәрін, сондай - ақ ауырлық түсіретін әсерлер көрсеткіштерін бағалайды;
- аттестация нәтижесінде барлық жұмыс орындары автоматизацияланып өндірістік код жасалады;
- жұмыс орындарының әрі қарай пайдаланылу мүмкіндігі ұзартылып шешім шығарылады, бұдан соң еңбек жағдайы жақсартылып жұмысшыларды сауықтыру шаралары өткізіледі;
- аттестациядан соң жұмыс орнының басшысы бұйрық шығарады, онда жұмыстарға баға беріліп және нәтижелері расталады.
Осы нәтижелер негізінде аттестация комиссиясы сертификаттау талаптарына сәйкес ережелер жасап іс - шаралар ретін даярлайды.
Жұмыс орындарына жасалған аттестация материалдары негізінде ондағы өндірістік жарақат алу себептері, кәсіптік ауру табу туралы мәліметтер жинақталып, еңбекпен қорғаудың іс - шаралары жасалады.
Әрбір жұмыс орны бір немесе бірнеше ауысыммен істелсе де ол бір орын болып саналады. Жұмыс орны бағаланбас бұрын еңбекпен қорғау талаптарына сәйкес тиісті технологиялық құжаттарымен нұсқаулықтары толық көрсетілу керек.
Өмірге қауіпті факторларларды белгілемес бұрын оның адамға тигізер әсерін анықтап алу керек. Бұл факторлар екі категорияға бөлінеді. Өндірістік процесс кезіндегі (машинаны қозғалысқа түсіру, жұмыс орнының биік жерде орналасуы оның қалыпты жұмыс істеп тұруы); Техникалық жүйе бұзылған жағдайда (машина кері айналып, от жарқылдау).
Қазіргі кезде өндірістік факторлар анықталған жағдайда оның қай аймақта екені дәл анықталады, ол аймақ өлшемін нормативтік есеппен белгілейді. Жұмыс орнында қауіпті өндірістік факторлар көп болған жағдайда ол құрылғылар алынып тасталады.
Қауіпсіздік шаралары өндірістік факторлардың жалпы алдын алуға есептелген болу керек. Жеке тұрғыдағы қауіпсіздік шаралары нақты бір ғана өндірістік факторға негізделеді. Ал жалпы тұрғыдағы қауіпсіздік шаралары жұмыс түрлеріне де, жұмысшыларға да арналған.
Онда алдын ала ескертпе белгісі жалпы қауіптің барын және қандай деңгейде екенін білдіріп тұрады.
Оның нәтижесі бойынша хаттама толтырылады. Жұмысшылардың қауіпсіздігін қорғау әдістері әрбір жұмыс орнында жасалып жұмысшының жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) белгіленеді және олда хаттама ретінде толтырылады.
Жұмыс орнынан берілген ЖҚҚ еңбек шартында көрсетіледі және де еңбекті қорғау мен еңбек қәуіпсіздігі талаптарына сәйкес жасалады.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың көрсеткіштерін анықтау
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың тізімін тексеруді талап ететін нақты көрсеткіштер, жұмыс орнындағы қауіпсіздік шараларының сақталуымен жеке еңбек қәуіпсіздігі талаптарының бағалануына сәйкес орнатылады.
Бұл факторлар нақты тексеруді талап етеді және жұмыс орындарына бағаланып болған соң ғана қауіпсіздік талаптарына сәйкес орнатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет