Дизайн, тестиль және киім технологиялары факультеті Кафедра «Тоқыма өндірісінің технологиясы» ЕҢбекті қОРҒАУ


Дәріс 5. Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария



бет13/46
Дата19.05.2022
өлшемі204,45 Kb.
#143935
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46
Байланысты:
ЕҚ дәрістер кешені

Дәріс 5. Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария

Дәрістің жоспары:


1. Негізгі санитарлық-гигиеналық және санитарлық техникалық талаптар
2. Өндірістік орнына қойылатын санитарлық гигиенаның талаптары
Еңбек гигиенасы — қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық - эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені. Атап айтқанда, еңбек гигиенасы еңбек процесстерінің және өндіріс ортасының адам ағзасына әсер етуін түсінеміз.
Еңбек гигиенасы санитарлық – гигиеналық, ұйымдық және емдік профилактикалық шаралар, кәсіпкерлік аурулардың алдын алуына және еңбек шарттарының денсаулығын жақсартуға жіберуді қамтамасыз етеді.
Өндірістік санитария — зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық - гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.
Өндірісте еңбек қауіпсіздік шараларын санитарлық қолайлығын талаптарға сай қамтамасыз етуді, кәсіпорынның аумақтары сияқты, сондай ақ олардың өндірістік және тұрмыстық бөлмелерін еңбекке қолайлы етіп жасап шығару. Санитарлық - гигиеналық талаптардың қанағаттандырылмағаны тек қана кәсіптік ауруларға ғана шалдыра қана қоймай, сонымен қатар өндірістегі жарақаттанудың бірден бір себебі болуы да мүмкін.
Цехтарда жоғары температураның болуы бірден барлық жұмысшылардың жағдайларын нашарлата бастайды, бас айналу және ұйқышылдық пайда болады. Ал төменгі температурада жұмысшыларға сырт киіммен жұмыс істеуге тура келеді, ол қозғалысты ауырлатады.
Төмен (жаман) жарықтандыру кезінде жұмыс жасау көзге тез арада зақым келуін және ауыр жарақатқа әкеліп соғу мүмкіндіктерін туғызады.
Цехтардағы ауа ортасының шаңмен және газдармен ластануы, сонымен қатар шуыл адам ағзасына өте зиянды.
Санитарлық - гигиеналық талаптың жобалануы үшін, сондай - ақ кәсіпорындарды санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіріліп ескеріледі «СЭТ өндірістік объектілерді жобалау» (ҚР ДСМ №334, 08.07.05ж. бұйрығында).
Құрылғыға гигиеналық талаптардың және өндірістік кәсіпорындардың өзіне келесі кезеңдерді қосады: құрылыс алаңын талдау; кәсіпорынды аумақтық сәулелендіру; өндіріс және қосалқы ғимараттардың орналасуы; канализация және сумен жабдықтау; отын жүйелерінің құрылысы, желдету және жарықтандыру, қосалқы бөлмелермен жабдықтау.
Бұл барлық талаптар өнеркәсіпті жобалау кезінде және кәсіпорындардың қолданылуы кезінде міндетті болып келеді.
Кәсіпорын аумағы. Жаңа кәсіпорындар салынатын аймақтарда табиғи жарықпен және желдетумен тиісті қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпорындардың арасындағы ара қашықтық және жақын арадағы тұрмыстық үйлер, мәдени тұрмыстық және емдік ғимараттарды санитарлық - қорғайтын аймақ деп атайды.
Барлық өнеркәсіп кәсіпорындары олардың технологиялық процесстер және зиянды, улы заттардың бөлінуіне қарай бес топқа бөлінеді. Кәсіпорынның топтық сәйкестігіне байланысты қорғау аймақтары орналастырлады, олар мынаған тең: бірінші топ үшін -1000, екіншіге -500, үшішісі үшін -300, төртіншісі үшін -100, бесіншісі үшін -50 м.
Кәсіпорындарды санитарлық топтастыру, өндірістердің және объектілерді технологиялық процесстермен, өндірістегі зиянды заттардың қайнар көзі болып табылады, сонымен қатар санитарлық – қорғау аймақтардың мөлшерлерінің сәйкестігіне «СЭТ өндірістік объектілерді жобалау» (ҚР ДСМ №334, 08.07.05 бұйрығында).
Шаңның, шуылдың және басқа да өндірістік зиянды заттардың болуы кезінде, шаң ұстайтын қондырғы қолдану қажет, арнайы тазалайтын құрылғыларды құрастыру, учаскілерге бөлу, мұнда шуыл деңгейі жоғары болған кезде қолданылады.
Өндірістік және тұрмыстық ғимараттарды жазықтықты жоспарлау кезінде санитарлық және от пен жарылуларға қарсы қажетті талаптарды қамтамасыз ету қажет.
Құрылыс алаңдарының тиісті аумақтары нормаға сәйкес биіктікті тігінен жоспарлау кезінде алынады. Өндірістегі аумақта автокөліктердің жолдарының және адамдар өтетін жолдар қамтамасыз етілуі қажет, адамдардың өту және автокөліктердің ғимараттарға өту жолын қамтамасыз ету, өндіріс мақсаттары үшін ғана емес, сонымен қатар өртсөндірушілерге де немесе әр – түрлі апаттардың алдын алу шаралары кезінде де қолайлы болуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын аумақтарында кем дегенде екі шығатын жол болу керек.
Қалған барлық алаңдар көгалдандырылған болуы тиіс.
Көгалдандырылған, және көркейтілген аумақта автокөліктердің жолдарының және адамдар өтетін жолдарды тек қана жүруді ғана қамтамасыз етпей, сонымен қатар осы кәсіпорын ауданындағы ауа тазалығына да жағдай жасау болып саналады.
Өндірістік бөлмелердің микроклиматы – бұл солардың ішкі ортасындағы метеорологиялық жағдайлары, олар адамға әсер ететін температураның, ылғалдың, ауа қозғалысы жылдамдығының, сондай-ақ технологиялық жабдықты, құрылымды қоршайтын бетті және жылулық сәулелену температурасының байланыстарымен анықталады. Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы және жылулық сәулеленудің қарқындылығы болып табылады. Микроклиматты жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша болатын орындар деңгейінде 2м дейінгі биіктіктегі кеңістікті білдіретін жұмыс аумағында бағалайды.
Оңтайлы микроклиматтық жағдайлар – бұл микроклимат параметрлерінің байланысуы, ол адамға ұзақ жүйелі әсер еткен кезде жылуды реттейтін механизмсіз адам ағзасының қалыпты жылулық күйін сақтауды қамтамасыз етеді.
Ауа температурасы – көңіл күйге және еңбектің нәтижесіне елеулі әсер етеді. Төмен температура ағзаны суытады және тұмаурату ауруларының пайда болуына әкеледі. Жоғары температурада ағза асқын жылиды да терлейді және жұмыс қабілеттілігін төмендетеді. Нәтижесінде жұмысшының көңілі (назары) жоғалады да, жазатайым оқиғалардың себебі болуы және өндірістік зақымдануларға әкелуі мүмкін.
Ауаның жоғары ылғалдылығы өкпедегі және тері бетіндегі ылғалдың шығуын қиындатады, және ағзаның термоайналымын бұзады, соның салдарынан адамның көңіл-күйі нашрлайды да жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Салыстырмалы ылғалдың төмендеуінде (20% төмен) адамның жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі пайда болады.
Ауа қозғалысының жылдамдығы жұмыс аумағында микроклиматты құруда маңзды роль ойнайды. Адам ауа қозғалысын 0,15м/с жылдамдығында сезеді, сонымен ауа ағымының әрекеті соның температурасынан байланысты. 360С кем температурадағы ағын адамды сергетеді, ал 400С жоғары температурада – жайсыз сезінеді.
Ағза энергиясының шығындарынан байланысты ГОСТ 12.1.005-76 жұмыстың үш категориясын қарастырады. Орындалатын жұмыстың категориясынан байланысты микроклимат параметрлерінің жіберілетін мәндері 2 кестеде келтірілген. 2 кестедегі мәліметтерді пайдаланған кезде жылдың жылы мерзімінде ауаның ортатәулік температурасы 100С жоғарыны құрайтынын, ал жылдың суық кезеңінде – 100С және одан да төмен болатынын ескуеру керек. Оңтайлы салыстырмалы ылғал 40-60%де болады.
Жылдың суық/жылы кезеңдеріндегі микроклимат параметр-лерінің жіберілетін мәндері

Жұмыс категориясы (организмнің энергия шығындары, Дж/с)

Ауа температу-расы, С

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %, аспай

Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с, аспай

1 а (138 кем)
1 б (138-172)
П а (172-232)
П б (232-293)
Ш (более 293)

21-25/22-28
20-24/21-28
17-23/18-27
15-21/16-27
13-19/15-26

28 С кезде 75/55
27 С кезде 75/60
26 С  кезде 75/65
25 С  кезде 75/70
24 С  және төмен болған кезде 75/75

0,1/0,1-0,2
0,2/0,1-0,3
0,4/0,2-0,5
0,4/0,2-0,5
0,5/0,2-0,6

Адам агзасы қоршаган ортамен түракты жылу алмас/ жаглайында болады. Бұл процесте нсгізгі рөлді адамның жылу реттеуі негізгі орын алады. Ол коршаган ортамен жылу алмасуды реттеп отырады жэне дене темтературасын 37°С жуык, сақтаі отырады. Адам агзасының қоршаган ортага жылу беруі киік, конвекция (таралу), қоршаган беттерге сэулелену, тері бетіне і ылгалдың булануы аркылы жүреді. Жылудыц бір бөлігі демалаты і ауаны жылытуга кетеді.
Жылуалмасу процесіне ортаның (микроклиматтын) метеорологиялык жағдайлары жэне жүмыс сипаты эсер етеді.
Микроклимат (грекше Micros - шагын + климат ) - адам агзасыныц жылу алмасуына эсер ететін шектелген кецістіктеіі физикалық факторлардың кешені.
Өндірістік бөлмелердін микроклиматы бул - ауа козгалысыны \ ылгалдыльны мен жылдамдыгы. температурамен қосылгандагы адам ағзасына, сондай-ақ коршаган орта температурасы эрекегімеі аныкталатын бөлмелердін ішкі климаты.
Оңтайлы микроклимат жагдайлары - жылу реттеу реакциясының күштеуінсіз климат параметрлерінің косындысында ацам агзасына ұзак және жүйелі әсерінде ағзаның қалыпты функционалдык жэне жылу жағдайын камтамасыз етеді.Олар жылылық сезімін қамтамасыз етеді жэне жұмыс қабілетін арттырады.
Колжетімді микроклимат жагдайлары физиологиялык бейімделу мүмкіндік шектерінен аспайтын, адамга үзак және жүйелі эсер ететін микроклимат параметрлерімен сипатталады. Бүл ретте денсаулық жағдайларының закымдануы немесе бұзылуы болмайды, бірақ колайсыздау жылулық сезінулер, кеңіл күйдің нашарлауы жэне жүмыс қабілетінің төмендеуі болуы мүмкін. Бүл нормалар эзірге казіргі гехниканың оңтайлы нормаларын қамтамасыз ете алмау себептсрінен болады. Әр түрлі тағайынды нысандар үшін микроклиматтың санитарлык нормаларын эдетте жылдың суық жэне жылы кезеңдері үшін эзірлейді, ал кей жағдайларда климаттык зоналар бойынша жасайды.
Жылдын жылы кезеңі сырткы ауаның орта тэуліктік температурасымен сипатталады, ол 10°С жэне одан жоғары болуы кажет. Жылдың салқын кезеңі орта тәуліктік 10°С төмен болуымен сипатталады.
Тұрғын үйлердің жэне қоғамдық бөлмелердің микроклиматы олардын тагайыны жэне орындалуымен ондағы жылу, желдету, ауа баптаумен анықталады. Түрғын үй адам баласының жер шарындағы барлык өңірлерінде өмір сүруге мүмкіндік береді. Өңірдің ауа райына және қоршаған ортамен түргын жайдың жылу алмасуында тұргын үйдің төрт типін ажыратады: ашык, жартылай ашық, жабық жэне оқшауланган.
Өндірістік орнына қойылатын санитарлық гигиенаның талаптары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет