Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
БӨЖ
Қазақстанның табиғат зоналары
Opындaғaн: Әуелжан М
Мамандығы: география-тарих
Тeкcepгeн: Тулегенов Е.А
Алматы 2022 жыл
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Қазақстанның табиғи зонасы
2Табиғи зонаның өзіне тән ерекшеліктері
3.Табиғат зоналарының ендік бағытта таралуын бұзыуының себептер
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Зоналық табиғат кешені деп жылу, ылғал режимдерінің бірдей болып келуіне байланысты топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі мен экзогенді геоморфологиялық процестерінің сипаты бірдей болып келетін ланд-шафтылардың жүйесін айтады. Қазақстан жеріңде жылу мен ылғалдың қатынасына байланысты орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары қалыптасқан.
Табиғат зоналарының таралуы географиялық ендікке, жер бедеріне және жер бетінде жылу мен ылғалдың таралуына байланысты.
Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, есімдігі және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке учаскелер де кездеседі.
Қазақстанның жазық белігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шел зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге, бұл зоналарда топырақ және есімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігінің артуына байланысты.
Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты (биіктік зоналар немесе белдеулер) ауысып отырады.
Қазақстанның табиғат зоналары
Қазақстан жерінің 90% - ін жазықтар алып жатыр, ол Оңтүстіктен Солтүстікке 1600 км ге, ол батыстан шығысқа қарай 3000 км ге созылып жатыр. Қазақстандағы табиғат зоналарының орналасуына геологиялық және геоморфологиялық процестер, радиациямен, атмосфералық және циркулляциялық факторлар әсер етеді. Осын дай ерекшеліктерге байланыс ты Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне қарай т.з мынадай ретпен орналасқан:
орманды дала
дала
шөлейт
шөл.
Табиғат зонасы дегеніміз ендік бағытта созылып жатқан топыра ғы мен өсімдіктері және жануарлар дүниесі ұқсас болып келетін территориялар.
1. Орманды – дала зонасы. Бұл Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысының территориясын қамтиды, яғни республика жерінің 7% - ін алып жатыр. Бұл зона қоңыржай континеттік климатпен сипатталады, жылдық – шашындардың орташа мөлшері, 300 -350 км. Мұндай батыс – сібірлік типке жататын орман – дала ландшафты, басым болып, олар жерасты суларының жер бетіне жақын жатуынан көлдік - өзендік жазықтар да қалыптасқан. Зона ның жер бедері – Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі алып жатыр, сонымен бірге ойысты жерлер де кездеседі, зонаның абсолюттік биіктігі 120 – 180 метрге өзгеріп отырады. Жер қайнар, төрттік дәуірінің құлдықтары мен саздарынан тұрады. Мысалы Батыс Сібір жазығы ежелгі палеозой жыныстарымен көмкеріліп, Петропавл қаласында кристалл шөгінділердің әктастары қалыптасқан.
Климаты жылы әрі құрғақ. Жылу мен ылғалдық мөлшері дәнді және техникалық дақылдар өсіруге өте қолайлы, қыс мезгілі ұзақ әрі суық, қаңтардың орт 7 = - 190, ең суық күні – 400С, ал жазы ыстық, шілде орт t 180 + 190C.
Су торларына келсек, басқа зоналармен салыстырғанда өзен – көлдері нашар дамыған, көпшілік өзендері ұсақ, олар ағынсыз көлдерге құйып, кейбіреулері жазды гүні кеуіп кетеді өзендері жаңбыр қар және жерасты суларымен қоректеніп, көктемді су тасу процестері жүріп отырады. Зонаның ең ірі өзені – Есіл өзені, ол Қазақтың ұсақ шоқысының солтүстік – шығысынан басталып Ресей территориясына ұласады, жалпы ℓ = 400 км. Ал, жерасты сулары орманды дала зонасына өте көп шыққан, олардың минералды құрамы, тұщы болып, кейбір жердерде құрамында аз мөлшерде тұз кездеседі.
Жер бетіне жақын жерлерде карбонатты тұщы сулар, ал 10 – 30 м тереңдікте хлор лы сульфатты сулар кездеседі, ірі көлдері: Лебяжы, Сиверки, Қамыс және т.б. Құрғақшылық жылдары көлдердің көбісі кеуіп кетеді. Орманды даланың көлдері жерасаты суларымен қоректенеді. Топырақтың кәдімгі қаратопырақтар мен шалғында қара топырағы тараған. Осындай топырақтарда әртүрлі шөптесінді және жусанды өсімдіктер өседі. Жануарлардан орман мен далалық түрлер бейімделген.
2. Дала зонасы. Каспий маңы ойпатынан Алтай тауларыана дейін 2200 км ге созылған. Ал зонаның ені рельф жағдайларына байланысты 40 км – ден 140 км ге дейін өзгереді. Бұл зона республика жерінің 20% алып жатыр. Ландшафтың зоналық типтері құрғақ климат жағдайында қалыптасқан. Дала зонасының жер бедеріне Уралмаңы үстіртінің шығыс бөлігі, Батыс Сібір ойпатының оңтүстік – батыс бөлігі және Қазақтың Ұсақ шоқысының солтүстіктегі далалы жазықары енеді. Сонымен қатар жер пішінінің өзен аңғарлары, көл қазыншұңқырлары орналасқан. Мұн дағы рельфтердің әртүрлі болуы климатқа және топырақ пен су торларына септігін тигізуде.
Зонаның климаты құрғап континентті, мұнда орман – дала зонасына қарағанда жылу мөлшері көбейіп, жауын – шашын мөлшері азая түседі. Дала зонасына жыл бөліп келіп түсетін жауын - шашынның орташа мөлшері 200 – 300 мм, оның 60 - 80% ке жуығы жылы маусымды түседі. Қысы суық, қаңтар айындағы ауаның орт t–16–190C, кейбір аязды күндері – 500 С қа төмендейді, қыста жауған қардың қалыңдығы зона бойынша 30 см ге жетеді. Ал жаз маусымы ыстық әрі ұзақ болып, шілдедегі ауаның орт t+18+220C , кейде 35 +400C қа жоғарылайды.
Зонаның су жүйесіне келсек, өзен торлары Ертіс өзенінің бассейніне жатады да, сулары аздау болып, өзендері еріген қар суымен қоректеніп, көптеген сулары, жазды құрғап кетеді, зонаның ірі өзендері Тобыл мен Есіл. Ел ең негізгісі Ертіс өзені ол Қытайдан басталып, көптеген аймақтарды басып ағып өтеді. Ал, көлдері жөнінен дала зонасы он бай, ірі көлдері – теңіз, Қорғалжын, қарасор, Сілеті. Ұсақ шоқымы аймақта тұруы көлдер басым, өзендер сияқты көлдер де еріген қар суларымен қоректенеді. Дала зонасының жерасты сулары 10 – 20 м тереңдікке орналасып, олардың құрамы минералды заттарға он бай бөлсек
Дала зонасында топырақтың мынадай типтері түзілген кәдімгі қара топырақ, гумусы 6-10%, оңтүстігіндегі күңгірт – каштан топырақтар. (3-5%), карбонатты сазды топырақтар (5-6%). Кәдімгі қара топырақтарда әртүрлі шөпті және дәнді дақылдар өссе, қара және құба топырақтарда жүсон тенге және эфемерлі өсімдіктер, ал аласа таулы өлкелерде емен – қайыңдар өседі.
Жануарлардың негізгі түрлері далалық оған көртішқан, сілеусін және т.б тұяқтылар мен кеміргіштер мекен етеді.
3. Шөлейт зонасы. Каспий маңы ойпатынан Алтайға дейін 2900 км ге созылып жатыр. Қазақстан жерінің 23% - н алып жатыр. Зонаның жер бедері толқынды болып, орташа абсолюттік h = 50 м. Шөлейт зонасына кіретін Каспий маңы ойпаты төрттік дәуірдің теңіздік шөгінділері мен толғындырылған. Ал, Торғай үстіртіндегі орт h = 50 – 60 м ге жетіп, онда аймақтар жиі қалыптасқан. Сонымен бірге шөлейт зоналарының территориясына кіретін қазақтың қатпарлы өлкесі тақтатастар мен пварциттерден және әктастардан тұрып, орт h = 350-450 м ге тең.
Зоналық климаты қуаң континентті типке жатады. Жауын – шашын орташа жылдық мөлшері 200 мм ден аспайды, бұл көрсеткіш оңтүстікке қарай төмендей түседі. Шөлейт зонасының қысы суық, қаңтар орт t – байланыста – 120С, шығыс – 200С қар жамылғысының қалыңдығы 10 – 20 см, ал жазы ыстық әрі ұзақ шілдедегі ауаның орт t = +250C. Аймаққа жыл бойына келіп түсетін жауын – шашынға қарағанда булануы мөлшері көп. Су торлары зонадағы өзендердің суы аз, негізгілері Сарысу, Аягөз, Торғай, Соғыз, Ембі және Ора л.
Сарысу өзені Қазақтың ұсақ шоқысынан басталып, жалпы ℓ = 800 Км, еріген қарсуымен қоректенеді. Ал, Жайық өзені – Ора л тау – нан басталып, Каспий теңізіне құяды , ұзындығы 1000 км ден асады. Ал Ембі өзені Муғалжар тауынан басталып ұзындығы 647 км. Көлдері таяз көлдер шөлейт зонада өте көп тараған соның бірі Шалқар көлі, ауданы 1800 км2, ал Қазақстан шөлейт зонаның ең ірі көлі – Зайсон, ол теңіз деңгейінен есептеледі 383 м биіктікте орналасқан. Ал жерасты сулары өте тереңде, яғни 100120 м тереңдікте жатқан артезион суларынан тұрады, жерасты суларының механикалық құрамы, немесе минералдық заттар өте көп, олар емдік қасиеттері үшін қалыптасқан.
Топырақ жамылғысында ашық каштан топырақ басым, ондағы гумус мөлшері 2-3% ылғалдың жетіспеуімен топырақ құрамында тұздар жинақталған. Зонаның оңтүстік бөлігінде құба топырақтар түзіліп, онда сортаң және сорланған өсімдіктер өседі. Ал сортаңдалған топырақтарда жусан мен бітеге нің бірнеше түрлері өссе, оңтүстікке қарай ксерофитті өсімдіктер бейімделген. Жануарлардан – кеміргіштер, жыртқыштар және бауырымен жорғалаушылар бейімделген.
Шөлейт зоналарының жер қойнауы пайдалы қазбаларға, соның ішінде марганец, полиметалл, мыс және темір рудаларына өте бай, сонымен бірге фосфорит пен асбест кәсіпорындары бар.
4. Шөл зонасы – Қазақстанның шөлейт зонасының оңтүстік бөлігінде жазықтарды түгелдей қамтиды, яғни солтүстіктен оңтүстікке 900 км, ал шығыстан батысқа 3000 км ге созылып жатыр, жалпы республика жерінің 47% - алып жатыр, яғни Каспий маңы ойпатының оңтүстігінен, Маңғыстау түбегін, Үстіртті, Солтүстікте Арал маңын, Атбақдаланы, Сырдария ойпатын, Қызылқұм мен Мойынқұм массивтерін, Балқаш маңын түгелімен алып жатыр.
Климаты өте құрғақ, атмосфералық жауын – шашынның орташа жылдық мөлшері 100 – 200 мм, ол булану деңгейі одан 10 еседей артық. Жазы өте ыстық, шілде орт t = 23 + 250C, ге ең ыстық күндері + 40 + 450С, ал қысы суық, жауын – шашын аз түседі, қаңтардағы ауаның орт t = -5-150C, кейде – 200С та төмендейді жауған қар жамылғысының қалыңдығы 5 – 10 см.
Су торларына келсек, өзендері Сырдария, Іле, Қаратол, Лепсі. Олардың көбісі жаңбыр және қар суларымен қоректенеді. Ал, жерасты сулары 10 м тереңдікте орналасқан. Әсіресе ең кішігі палеозой жыныстарымен көмкерілген Қазақстанның Ұсақ шоқысы мен (Маңғыстаудағы) Қаратау минералды су көздері жер бетіне бұлақ түрінде шығып жатыр. Шөл зонасында ірі көлдер көп, Каспий, Арал, Балқаш.
Өсімдіктері ылғалы аз аймаққа бейімделген ксерофитті түрлер мен жүсанды – сор өсім діктер. Топырағы: шөлдің құмды топырағы, сұр құба топырағы, қызыл топырақ. Жануарлары: бауырымен жорғалаушылар, кеміргіштер, сүт қоректілер және т.б.
Табиғат зоналары - Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күн жылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бірфактор - аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мәселен, аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі. Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге бұл зоналарда топырақ жәнеөсімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігі артады. Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты (зоналар немесе биіктік белдеулер) ауысып отырады Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады. Енді біз Қазақстан территориясында кездесетін зоналық топырақтардың қысқаша сипаттамасына және бұл топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану мәселелеріне тоқталамыз. 1)Республиканың қиыр терістігінде біраз территорияны жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан түсетін ылғғалдың орташа жылдық мөлшері 330-350 мм, ерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған, негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қара топырағы және сілтісізденген қара топырақтар кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері 8-9%. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп, көкөністер өсіріледі, етті-сүтті мал шаруашылығы дамыған. Егістікке жарамды жерлердің барлығы түгелдей игерілген. Қалған жерлері орман, шабындық пен жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстан территориясында бұл зонаша не бары 0,4 млн ( республика жерінің 0,2%) гектар, зонаның негізгі бөлігі , Терістіктегі Ресей жерінде. 2) Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты далалы зона жатады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екі зонашаға бөлінеді. Бұл аймақтың біразы Батыс-Сібір ойпатында жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік жағы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік шеттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе күз және қыс айларында түседі, ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ болады. Егістік өніміне әсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек қайталанады. Оның топырақтары мен топырақ зонаның Батыс Сібір провинциясында кездесетін кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктің қара топырағы.Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл аймақта негізінен суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен сортаң, сорланған топырақтар және комплексті учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер фосформен тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның көлемі - 25,4 млн гектар, яғни республика жерінің 9% жуық. Бұл алқаптың көп жері 1954-1958 жылдары тың игеру кезінде астықты дақылдар үшін жыртылды. 2) Кәдімгі топырақты зонаша республиканың 11,7 млн гектарын, яғни барлық жерлердің 4,3%-алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі топырақтары –кәдімгі ортагумусты қара топырақтар. Топырақ қарашіріндісінің мөлшері беткі 0-10 см қабатында 7-8%, табиғи күйінде құнарлы топырақтар. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық орта есеппен он жылда бір рет қайталанады. 3) Оңтүстік қаратопырақты зонаның көлемі 13,7 млн гектар, республика жерлерінің 5,1%-ы. Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300 мм, оның жылы уақытта түсетіні 150-180 мм. Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара топырақтар. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 4-6%. Топырақтар жамылғысында сортаңданған, әктенген топырақтар түрлері басымырақ кездеседі. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3 рет қайталанады. 4) Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде Қазақстан батысынан шығысына қарай-Шығыс Қазақстан облысына дейін созылып құрғақ және шөлді-далалы қара қоңыр топырақты зона жатыр. Оның көлемі 90,4 млн гектардай, яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай зонаның 70% жерін қамтиды. БҰл аймақта Павлодар облысының көп жері , Солтүстік Қазақстан облысының батыс жағынан біраз бөлігі, Қостанай, Ақмола облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан,Қарағанды облыстарының көп жерлері орналасқан. 5) Шөлді-далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ пен оңтүстіктегі шөлді аймақтың аралығында жатыр. Сондықтан бұл зонашада солтүстіктегі далалы зона мен оңтүстіктегі шөлді зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі. Климаттың құрғақ болуына байланысты мұнда өсетін шөптердің түрлері аз, әрі сирек. Топырақтың құнарлылығы кем, әсіресе оның құрамындағы қарашірік аз, топырақ түсі ашық қара-қоңыр, көбінесе сортаңданған. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына орташа есеппен 180-210 мм-ақ, бұл егістің өнімді шығуын қамтамасыз ете алмайды. 6) Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан. Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз. Ылғалдану коэффициенті 0,1-0,05-ке шейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80-150 мм-дей. Үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170-220 күнге жетеді. Күні бұлтсыз, ыстық, 100-тан жоғары болатын күндердің температура қосындысы Түркістан маңында 4700 градусқа жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер мен табиғаттың осындай қысымшылығына бейімделген. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалар, жусан және кейбір сортаңданған, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары да мардымсыз. Сондықтан топырақта қарашірік аз, оның мөлшері топырақтың беткі қабатында не бары 1-1,5%. Осының салдарынан топырақ түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына ұқсайды. Бұл зона екі зонаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар, терістік шөл; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр құба топырақтар, орталық шөл. Сонымен қатар екі зонашада, әсіресе, соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар және сорланғар жерлер көптеп кездеседі. Аймақ негізінен мал жайылымына қолайлы. Мұнда тек суармалы егістіктен ғана өнім алынады. Өзен бойларында орналасқан тақыртүстес топырақтар күріш егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлылығы аз болғандықтан, суарған кезде азотты, фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн гектар, Яғни республика территориясының 44% жуық. Жалпы жартылай шөл мен шөл зоналарын сипаттай келіп, ол алқаптарды өнімсіз, құнарсыз деп айтуға әсте болмайды. Өйткені осы жердің ыстығына бейім, сорланған топырақтарда өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде қаракөл қойлары, «шөл кемесі» атанған түйе малдары сүйсіне жейді. Ал мұнда қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ күнін ұнататын кейбір қымбатты дақылдар, суға да қанығып мол өнімдер береді. Дегенмен осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау-бақшаға айналдыруға болады деген қиялға берілмеген абзал. Себебі қоғам үшін шөлдер шөл күйінде де қажет. Табиғатта бір жер шөл болып бірін-бірі толықтыратын, бірін-бірі теңгеретін заңдылық. Таулы алқаптың топырақтары. Қазақстан территориясында жазық жерлердің көлемі таулы алқаптармен салыстырғанда көп. Дегенмен республиканың шығысы мен оңтүстік шығысында біраз жерлерді таулар алып жатыр. Олар- Шығыс Қазақстандағы Алтай таулары, Алматы облысының оңтүстігіндегі Жоңғар және Іле Алатаулары, Жамбыл облысындағы Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өгем, Қазығұрт пен Қаратау таулары. Енді Іле Алатауы мысалында тау етегінен жоғарылаған сайын топырақ түрлерінің сипаттамасына тоқталайық. Себебі Іле Алатауы биік, онда табиғаттың белдеулік зоналары түгел кездеседі. 7) Таулы алқаптарда ені әр жерде әр түрлі батыстан шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы белдеуі орын алған. Жазықтағы шөлді дала зонашасына қарағанда тау етектерінде жатұандықтан, бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бұл белдеу- таулық белдеулік зоналығының ең төменгі сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша. Тау етегіндегі шөлді-далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық территориядағы шөлді дала зонасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалдың орташа мөлшері 250-360 мм-ге дейін жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі де, жаз, күз айлары құрғақ болады. Бұл аймақта қысқы, көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, ерте пісетін астық дақылдары-күздік және жаздық бидай, арпа егіледі. Ал суармалы жерлерде астықтан басқа бағалы дақылдар: қант қызылшасы, мақта, жүгері, беде мен көкөністер, бау ағаштары мен жүзімдіктер, темекі жақсы өседі. 8) Тау етегі шөлді-далалы белдеуінен биігірек алқапта аласа таулы-дала белдеуі басталады. Бұл аймақта таулардың топырақ-климат жағдайларына тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500-800 мм-ге жетеді. Мұндай мөлшердегі ылғал терістік жақтың жазық жерлеріндегі ешбір аймағында кездеспейді. Ылғал көп түсетіндіктен шөп жақсы өседі. Топырақтары да құнарлы, негізінен таудың қара қоңыр топырағы мен қара топырақ, ал Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр топырақтары. Бұл алқапта суарылатын және суарылмайтын жемісті ағаштар, бұталар көп өседі. 9) Орташа-таулы , шалғынды-орманды белдеуі аласа таулы –далалы белдеуінен жоғары алқапта жатыр. Бұл аймақта түсетін ылғал мөлшері жылына 850-900 мм-ге дейін түседі. Шалғынды шөптер аса биік болып өседі. 10) Биік таулы-шалғынды және шалғынды далалы белдеу-биік таулы аймақтарда орын алады. Бұл аймақтың ауа райы орта таулы аймақтардан суықтау. Ауадан түсетін ылғал мөлшері орта таулы аймақтан аздау. Топырақтары-биік таулы альпілік және субальпілік шалғынды, шалғындыдалалы топырақтар.Таудың биік басында жыл бойы ерімейтін қар және мұз жатады. Алтайдың таулы аймағында таулы-тундра топырағы кездеседі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Дүйсенов С. Қ. Географиялық белдеулер –ХБГ, 2001, N 4.
2.Полярлық координаттар. – Физика және география. 2005, N 6.
3.Госпадинов В. Г. Топография – Москва 1974 г.
4.Түсіпбекова Г. Географиялық карта туралы жалпы мәліметтер.-
5.География және табиғат –2006,N 2.
6.Коринский В.А. , Щенев В. А. , Душина И. В. – Материктер мен мұхиттар географиясы. Алматы,2001.
7.Төкенов Б.Географияны оқыту әдістері –География және табиғат. 2003, N 8.Сейсенов А. Географиялық карталарды оқыту. География окружающая среда 2005 , N 3 .
9.Қазақстанның физикалық герграфиясы.-Алматы,1999.
Достарыңызбен бөлісу: |