Нұсқау бойынша микрофондар үш түрге бөлінеді: қысымды қабылдағыштар, градиентті қысымды қабылдағыштар және аралас қабылдағыштар.
Қысымды қабылдағыштарда микрофонның бағыты болмайды, өйткені қозғалатын механикалық жүйеге түсетін дыбыстық сәуле бір жағынан әсер етеді. Микрофонның көлемі дыбыс тербелісінің толқын ұзындығынан аз екенін және бұл жағдайда пайда болатын күш дыбыстың келу бағытына тәуелді емес екенін ескере отырып, құрылғыда бағыт жоқ.
Шуыл мен дірілден қорғану.Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизмдеу құралдарының дамуы жабдықтарды пайдаланумен байланысты болады, олар жұмыс барысында механикалық тербелістерді жасайды, соңғылардың зияндылық әсері жиілігінен, қарқындылығынан және ортадан байланысты әртүрлі болады. Бұл тербелістер шуылға және дірілге бөлінеді. Естілетін жиіліктер ауқымында таратылатын тербелістерді адам дыбыс ретінде қабылдайды.
Діріл мен шуылдан қорғанудың шаралары және құралдары. Қалқаларды, қыртыстарын, кабиналарды және т.б. экран түрінде дыбысты оқшаулайтын және дыбысты жұтатын қондырғыларды орнату арқылы шуылды төмендетудің тәсілдері кең таралым алды.
Шуылдан жеке қорғанудың құралдары (ЖҚҚ) құлақ жапсырмалары, құлаққаптар және шлемофондар болып табылады. ЖҚҚ тиімділігі пайдаланылатын материалдардың құрылымынан, тығыздық күшінен, дұрыс тағып ұстағаннан байланысты болады.
Машина және жабдықтың дірілінен күресу және жұмыс істейтіндерді содан қорғау үшін неше түрлі тәсілдерді пайдаланады. Дірілді төмендету үшін вибродемпфирация – механикалық тербелістер энергиясын энергияның басқа түріне, әсіресе жылулыққа айналдыру құбылысын кең қолданатын болды. Дірілдің таратылатын көздерден: еденнен, жұмыс орнынан, орындықтан және т,б, пайда болуын бәсеңдету үшін дірілді оқшаулататындарды: резеңкені, тығындарды, киізді, болат серіппеліні кең қолданады. Жұмыс істейтіндерді ЖҚҚ ретінде қалың резеңкелі табаны бар арнаулы аяқ-киімді пайдаланады. Қолды қорғау үшін биялай, қолғап, жапсырмалар мен төсемдер қажет болады, олар иіліп бәсеңдетуші материалдан дайындалады. Діріл мен шуылдың адам ағзасына қауіпті әсерін төмендету үшін ең маңыздысы жұмыс және демалыс режімін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын әрдайым қадағалап отыру, емдеу-алдын алу, мысалы, гидропроцедуралар (қол мен аяққа жылы ванналар, витаминдер беру) сияқты шараларын жасау болып табылады.
Өндірістік шаң.Өндірістік қондырғылардан шығатын және адам өміріне қауіп тудыратын зиянды заттарға мыналарды жатқызуға болады: шаң, жылу шығару, ылғал бөлу және зиянды газдар. Шаң қатты немесе сұйық заттардың майда бөліктері, ауа кеңістігінде орналасқан.
Текстиль және жеңілөнеркәсіп кәсіпорындарында шаң талшықты материалдарды: мақта, зығыр, джут, кенап, жүн, жібек, және басқада талшықтарды қопсыту, түту және тарау процесінде түзіледі.сонымен қатар шаң әртүрлі материалдарды майдалауда және ұрғылауда пайда болады, тағыда матм және бұйымдарды өңдегенде .
Текстиль және жеңілөнеркәсіп кәсіпорындарында шаң жалпы құрылымына қарай органикалық және минеральді болып бөлінеді.
Органикалық шаң негізгі үш түрге бөлінеді:
1) өсімдіктектес шаңдар-мақта, зығыр, кенап, джутт;
2)жануартектес шаңдар - жүн және жібек;
3) жасанды және химиялық талшықтар шаңдары. Шаң құрамына мыналар енеді: талшықтар үзінділері, шиттің қабығы, жапырақ қиықтары, ағаш және т.б.
Минеральді шаң талшықты жинаған және тасымалдағанда түсетін майда топырақ бөліктерінен тұрады. Оларға асбесттің талшық бөліктері, боялған мақтадан және иірімжіптен бөлінетін шаң түріндегі бояу бөліктері. Ең көп шаң бөлігі алғашқы өңдеу машинасында бөлінеді.
Шаң өлшемі микрометрде(мкм) өлшенеді. Өндірістік жағдайда микрон бөлігінен 100 мкм дейінгі шаңдар кездеседі. Шаң майда болған сайын ол зиянды, оңай тыныс алу жолдарына түседі.
Пневмокониоз - ұзақ уақыт өндірістік шаң жұтудан пайда болатын, нәтижесінде өкпеде әртүрлі склероздық құбылыстар, әрқилы өзгерістер және асқынулар туындайтын кәсіби аурулар болып табылады.