Джальмишев Махамбет Сагатович құқық кафедрасының аға оқытушысы Өткізу орнымен уақыты: Өткізу уакыты: семестр 2022-2023 оқу жылы Өткізу орны: Орал каласы, Победа 137/1, құқық кафедрасы, кабинет, сабақ


Тақырып 14. Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу



бет21/22
Дата10.10.2022
өлшемі333,5 Kb.
#152470
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
3 силлабус Тергеу әрекеттерінің әдістемесі ЮР 41
2. силлабус Криминалды психологлия
Тақырып 14. Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу.
Мақсаты: Меншікке қарсы қылмыстарды криминалистік сипаттамасын түсіндіру.
1.Төменде көрсетілген сұрақтарды жазбаша ашып, мысалдар келтіру:

  1. Ұрлық қылмысының криминалистік сипаттамасы

  2. Тонау, қарашылық қылмыстардың криминалистік сипаттамасы

  3. Ұрлықты, тонауды тергеу кезінде типтік ситуациялары және тергеушінің версиялары

  4. Ұрлықты, тонауды тергеу кезінде алғашқы әрекеттері

  5. Алаяқтық қылмысының криминалистік сипаттамасы

  6. Алаяқтық қылмысының тергеу кезінде алғашқы әрекеттері

  7. Қорқытып алу қылмысының криминалистік сипаттамасы

  8. Қорқытып алу қылмысын тергеу кезінде алғашқы әрекеттері

  9. Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу кезінде жедел іздестіру қызметінің ерекшеліктері

  10. Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу кезінде арнайы білімді қолдану



1.Есептер:
1. 30 – қазан күні түнде белгісіз адамдар Хамидуллиннің шаруа қожалығына келіп, екі бұзау мен бір сиырды алып кеткен. Оқиға болған жерді қарау кезінде әртүрлі өлшемдегі аяқ іздері мен дөңгелек іздері табылған. Сонымен қатар жүретін жол бойынан бір дөңгелектің ізі алынған, батпаққа түсіп қалған екінші дөңгелектің ізін суретке түсіріп алынған.
Арада екі апта өткен соң Алдамжаров деген шаруаға тиесілі қойды алып кетуге ниеттенген В 686 ЖН жүк автомобилінің иелері Комлев М., Мұхтаров М, Тезекбаев М. деген азаматтар ұсталған.
Жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.

2. Азамат Рахимовтың пәтеріне ұрлыққа түсу кезінде Салимов деген ұсталған. Оқиға болған жерде кесілген есіктің із түскен таянышы мен сырылған белгілері бар құлып табылған. Жеке тінту кезінде Салимовтан бұзғыш білте темір табылған. Тергеу жүргізу кезінде тергеуші Салимовтың қаладағы ашылмаған басқа да қылмыстарға қатысы барлығын тексермек болды. Басқа АІІБ-нан материалдарды сұратып алды. Назар аударса, жоғарыдағы тәсілмен жасалған қылмыс саны 3-еу екен. Аталған қылмыс Березовский 37, кв. 13, Розыбакиева 144, кв. 15, Утепова 8.


Жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.

3. 5 қабатты үйдің 1-ші қабатында орналасқан офисте ұрлық жасалған. Қылмыскерлер офиске терезе арқылы кірген. Терезедегі темір тордың төменгі жағы кесілген және майыстырылған. Терезенің маңында ішкі және сыртқы жағында әртүрлі көлемдегі әйнек сынықтары табылған. Сынықтардың біреуінде қол ізі және екі саусақ ізінің фрагменті табылды.


Тергеу барысында бес адамнан тұратын қылмыстық топ анықталды. Олардың біреуі К. азаматының үйіне тінту жүргізгенде кілттер, темір кесетін қайшы құралдары, кемпірауыз және басқа да заттар табылып алынды.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.

4. Алматы қаласының орталығындағы зергерлік дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды. Оқиға болған жерде витринадан және қабырғадан екі оқ алынды. Сот-медицина сарапшысы күзетшіден үшінші оқты алды.


Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыскерлердің қашпақшы болып мінген автокөлігі ұсталған. Автомобиль салонын тінту барысында зергерлік бұйымдар және ұсталған К. азаматынан Макаров пистолеті, ал екіншісі М. азаматынан Калашников автоматы алынған.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.

5. Азаматша П. үйіне Тезекбаев, Исмаилов және Қазиев азаматтары қарақшылық шабуыл жасады. Мекен-жайы Алматы қаласы, мкр. Алмагүл 46 үй, пәтер 3. Қылмыскерлер 60000$ әшекей бұйымдарын ұрлады. Тезекбаевты ұстағанда, жеке тінту барысында дәптер парағы табылды. Онда мынандай қолмен жазылған жазулар табылды: «Алмагүл 46 үй, пәтер 3, 2 подъезд, тел. 227-35-33». Сезіктілерден жауап алу барысында олардың біреуі Қазиев адресті Мұхишев Х.Р. бергенін айтты. Қалған екеуі бұл мәліметті мойындаған жоқ.


Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.

6. 5 қабатты үйдің 1-ші қабатында орналасқан офисте ұрлық жасалған. Қылмыскерлер офиске терезе арқылы кірген. Терезедегі темір тордың төменгі жағы кесілген және майыстырылған. Терезенің маңында ішкі және сыртқы жағында әртүрлі көлемдегі әйнек сынықтары табылған. Сынықтардың біреуінде қол ізі және екі саусақ ізінің фрагменті табылды.


Тергеу барысында бес адамнан тұратын қылмыстық топ анықталды. Олардың біреуі К. азаматының үйіне тінту жүргізгенде кілттер, темір кесетін қайшы құралдары, кемпірауыз және басқа да заттар табылып алынды.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет