Тақырып 8. Тергеу әрекеттерінің түрі ретінде тану үшін көрсетудің әдістемесі мен тактикасы. Мақсаты: Тану үшін керсетудің түсінігі, міндеттері және түрлерін түсіндіру
Төменде көрсетілген хаттама схемасы бойынша Тану үшін хаттамаасынтолтыру Хаттама Тану үшін көрсету туралы Тану үшін жүргізілген күні. Тану үшін жүргізілген жердің атауы. Тану үшін жүргізген лауазымды тұлғаның (аты-жөні, тегі, қызметі, жұмыс орны, шендік атағы немесе әскери шені) тану үшін жүргізілген ҚІЖК-нің бабына сәйкес сілтеме беру.
Тану үшін тануға қатысушы тұлғалар: куәгерлер( аты-жөні,тегі, мекен-жайы); танушы адам (тегі, аты-жөнімен көрсетілген, кімнің іске қатыстылығы мақсатында); тану объектісі ( егер тірі адам көрсетілген болса, яғни оның тегі, аты-жөні, негізгі сыртқы келбеті, киіміне қысқаша мінездемесі іс бойынша өтетін, егер мәйіт танылатын болса, яғни оның жынысын, орта жасын, сыртқы келбетінің ерекшеліктері,киімі, кайда және қашан табылғаны көрсетіледі, егер бөлігі немесе мәйіттің бөлігі болса, онда олардың аты және айрықша белгілерінің ерекшеліктері беріледі, қайда және қашан табылғаны көрсетіледі; Егер зат оның негізгі белгілерін көрсетсе; Егер жануар болса онда оның түрі,жасы, айрықша ерекшеліктері т.б); дублерлер: (тегі, аты-жөні, мекен-жайы, жалпы сыртқы келбеті, киіміне қысқаша сипаттама); кескінделетін заттың негізгі белгілері.
Тану үшін қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.
Тану үшін жүргізілетін қылмыстық істін жағдайы мен атауы.
Тану қай уақытта, ауа-райының қандай жағдайында, қай жерде жүргізілді.
Тану объектісінің орналасқан жерін, сондай-ақ тану үшін жүргізілген кезеңдегі дублердің басқада әрекеттерін сипаттау.
Танушыға (егер ол іске қатысты куә болса) жалған мәліметтер берген үшін жауапкершілік пен берген көрсеткішінен бас тарту құқықтары ескертіледі
Танитың объектісінің негізінде танитын белгілердің нұсқауымен толық көрсеткіштер жазбасы.
Тану нәтижелерін фотосуретке түсірудің техникалық сипаттамасы.
Тану үшін қатысушы тұлғалардың арызы мен қолы.