МУСТАФИНА РОЗА БОЛАТОВНА
ҚАРҚАРАЛЫ ҚАЛАСЫ САЗ МЕКТЕБІ КНҚК-ЫНЫҢ I-САНАТТЫ ДОМБЫРА СЫНЫБЫ МҰҒАЛІМІ
АШЫҚ САБАҚ
Сабақтың мақсаты:Оқушыға аспапта орындау шеберлігін кәсіби деңгейде меңгерту.
Тәрбиелілігі: Баланың қазақтың ұлттық өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Жекелеп оқыту.
Көрнекілік: суреттер, сөзжұмбақ, үнтаспа.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушының аты-жөнімен және сабақ кестесімен таныстыру.Аспаптың құлақ күйін келтіріу. Домбыра тарту техникасын өсіру мақсатында әр түрлі ұзақтықта жаттығулар мен гаммалар ойнату.
2.Үй тапсырмасын тексеру.Затаевичтің «Қазақ маршы» шығармасы жатқа ойналды.Шығарманың нюансымен жекелей жұмыс жасалды.Өз мәнінде орындалмаған тактілерге ескерту жасалып бірнеше рет қайталанып ойнатылды.Оқушыны жан-жақты дамыту мақсатында «Сөзжұмбақпен» жұмыс жасалды.
Ерекшеленген торкөзден «Домбыра» сөзі шығу керек.
Сұрақтары:
1. Музыкалық дыбыс атауы.
2. Интервал түрі.
3. Күй атасы.
4. Түркештің күйі.
5. Құрманғазының күйі.
6. Домбырадағы дыбыстар торы.
7. Екі аттас дыбыстар аралығындағы дыбыстар тізбегі.
|
|
|
|
1
|
Д
|
о
|
|
|
|
|
2
|
О
|
к
|
т
|
а
|
в
|
|
а
|
|
|
3
|
Қ
|
ұ
|
р
|
М
|
а
|
н
|
ғ
|
а
|
з
|
ы
|
|
4
|
қ
|
а
|
р
|
а
|
Б
|
а
|
с
|
|
5
|
б
|
а
|
л
|
б
|
Ы
|
р
|
а
|
у
|
ы
|
н
|
|
|
6
|
п
|
е
|
р
|
н
|
е
|
|
|
|
7
|
г
|
А
|
м
|
м
|
а
|
3.Жаңа тақырып.
Жаңа шығарма Құрманғазының «Алатау» күйі алынды.
1.Күйдің авторы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірбаяны туралы қысқаша мағлұмат берілді.
2.Күйдің шығу тарихы туралы түсіндірілді.
3.Күйді мұғалім өзі орындап оқушыға таныстырып тыңдалды.
4.Оқушымен шығарманы нотамен талдау жұмысы жасалды.Күйдегі сол қолдың аппликатурасы мен оң қолдың қағыстары талдау барысында түсіндіріліп отырды.Шығармада кездескен динамикалық белгілер туралы сұрақтар қойылып, олардың орындалуы талап етілді.
5.Оқушыға күй үнтаспадан тыңдатқызылып, оны терең түсінуіне ықпал жасалынды.
4.Сабақты қорытындылау.
1.Оқушының сабаққа қатысуын бағалау.
2.Үйге тапсырма: «Алатау» күйін нотамен еркін ойнап келу. Өткен шығармалардың орындалуын өз мәнінде шыңдау; жаттығулар мен гаммаларды үнемі қайталап ойнау.
Достарыңызбен бөлісу: |