Тақырып 13. Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстарды тергеу.
Мақсаты: Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстарды криминалистік сипаттамасын түсіндіру.
1. Төменде көрсетілген сұрақтарды жазбаша ашып, мысалдар келтіру:
Адам өлтіру қылмысының криминалистік сипаттамасы
Адам өлтіру қылмысының типтік тергеу ситуациялары
Адам өлтіру қылмысын тергеудің алғашқы кезеңінің ерекшеліктері
Адам өлтіру қылмысын тергеу кезіндегі жедел-іздестіру шаралары
Адам өлтіру қылмысын тергеу кезіндегі сот-медициналық және басқа да сот сараптамаларын тағайындау
Адам өлтіру қылмысын тергеудің соңғы кезеңінің ерекшеліктері
Жалдап өлтіру қылмысын тергеудің ерекшеліктері
Әйелді зорлау қылмысының криминалистік сипаттамасы
Әйелді зорлау қылмысын тергеу
2.Есептер
1. Ауыр жарақаты бар әйел табылды. Ол ауруханада есіне келместен қайтыс болды. Сот–медициналық сараптама қортындысы бойынша, өлім ішкі орган жарақатынан болды деп көрсетілген.
Әйел киімін қарау кезінде юбканың алдыңғы жағында формасы сызықты қара және қоңыр түсті іздер табылды. Жедел іздестіру және тергеу әрекеті нәтижесінде К. және Г. анықталды.
Тергеу кезінде К. және Г. кінәсін мойындату мақсатында, тінту кезінде және диагностикалық сараптама нәтижелеріне экспертиза тағайындауды жөн көреді. Тінту кезінде сезікті К. үйінен қоңыр түсті аяқ киім кремі алынады.
Сезікті Г. үйінен қоңыр және қара түсті аяқ киім крем қорабы алынады.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
2. 19 қаңтарға қараған түні 13-үйдің подвалында 22 жасар Куликова Н.-ның зорланып, өлтірілген денесі табылды. Оқиға болған жерді қарап шығу кезінде подвалға түсетін баспалдақ асуының (периласы) және тірегінің қоңыр түсті бояумен, ал подвалдың қабырғалары ашық-жасыл түсті бояумен боялғаны анықталды. Соңғы баспалдақтан қызыл түсті кірпіш табылды.
Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша Куликованың өлімі басына келтірілген қатты затпен жарақаттау нәтижесінен болған.
Қылмыс жасады деген күдікпен азамат Абузяров ұсталған, оның киімін қарап шыққан кезде қоңыр түсті сүртілген іздер және оның оң қолының тырнақ астын тексергенде қызыл және жасыл түсті микробөлшектер табылған.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
3. 23.00 сағатта полицияның кезекші бөліміне Велихов келіп ағасы 22 с. 30 мин. жолығып, оның мәйітін тапқанын хабарлайды. Ағасы ажырасқан соң бір бөлмелі пәтерде өзі тұрған.
Оқиға болған жерді қарау барысында анықталды: мәйіт бөлменің сол жағында еденде жатты. Оң қолы арқа жағына қарай майысып жатыр. Сол қолы алдына қарай созылған. Одан 15 см. жерде колибрі 7.65 вальтер жүйелі пистолет жатты. Бастың маңдайы жағында, сол жақ самайына жақын жерде атылған қару жарақаты бар.
Стол үстінде шеттері түзу емес қағаз табылды. Қағазда: «бәрі құрысын, шаршадым» - деген жазу болған.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
4. 2001 жылдың 25 желтоқсаны күні Алма-Арасан санаторийіне апаратын жолдың 13-і шақырымдағы Подгорный өзенінен денесі бөлшектенген ер адамның денесі табылған. Барлық денесінің бөлшектері зат салатын қапқа салынып, жаймамен оралып, үстінен таспен бастырылған. Зат салынған қап екіге бөлінген. Біріншісіне дененің кеуде бөлігі, екіншісіне қалған бөлшегі салынған. Қаптың екі жақты жартысына қарағанда анықталғаны: қаптың жоғарғы бөлігінде ашық түсті темір бекітпелермен бекітілген, 2 дана темір табақша табылған.
Тергеу кезінде анықталғаны мәйіттің аты-жөні 1949 ж. туған Прохин болып шыққан. Ал сезікті Жуйкова Л.Г. сәуір айында күйеуі Н.М. Жуйковпен ажырасқан. Прохин ажырасқан кезде Жуйковаға екі жайманы тастап, біреуін өзіне қалдырған. Барлық үш жайманы да өзі темір жапсырмалар көмегімен жөндеп, содан соң оларды екіге бөліп, темір шегелердің көмегімен оларды бекіткен.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
5. Малидовты ұрлаған қылмыстық топты ұстау кезінде арнаулы бөлім қызметкерлері Ниязбекова көшесі 15 үйдегі кепілді босату үшін қару қолданған. Оқиға болған жерден оқ тиіп жарақаттанған танылмаған екі адамның мәйіті, күштеп өлтіру белгілерінсіз өлген бір белгісіз адамның мәйіті табылған.
Оқиға болған жерден 40 оқ табылған. Оның біреуі қызыл түсті сұйықтықпен баттасқан. Сот медицинасы дәрігерлермен екінші ер адамның денесіндегі екі атылмай қалған оқ алынған. Оқиға болған жерден қылмыскерлердің МР-40 тапанша-пулемет алынған. Зауыттық нөмірі: 663437. Сонымен қатар нөмірі кесілген АКМ автоматы алынған, ал арнаулы бөлім қызметкерлерінің орнында АКМС автоматтары болған.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
6. 2001 ж. 30 желтоқсанында Жетісу аудандық ІІБ Самбетбаев және Нүсіпбеков полиция қызметкерлері полицияда қызметті өтеу жөнінде инструктажды өтіп, сериялары сәйкесінше ИС және СТС № 8691 және 8823 және екі оқтықта 16 патроны бар қызметтік «Макаров» пистолетін алады.
Сағат 21.00-де екеуі күзетілетін обьектіні өз беттерімен тастап, алкоголь ішімдіктерін ішеді. Содан соң олар мас күйінде пистолетпен қорқытып адамдарға тиісе бастайды. Азаматтардың пистолетті тарту жөніндегі сұрауларына назар аудармайды. Керісінше олардың біреуі азамат Азербаевты атады. Бұл атыстан соң азаматтар қаша бастайды. Ал полиция қызметкерлерінің біреуі қашып бара жатқандарға оқ ата бастайды. Нәтижесінде екі азамат Шахов және Герман қаза табады. Оқиға болған жерде 9 қауыз және 3 оқ табылған. Мәйіттерден дәрігерлер 4 оқты алған. Нүсіпбековты ұстағанда СТ № 8823 серилы тапанша және 15 оқ алынған.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
7. 2000 ж. 5 қыркүйекте УЧ 172-2 мекемесінде бастық болып қызмет атқаратын Иппоитов үйіне шамамен 23.00 сағ. келген. Үйінде әйелі екеуінің арасында ұрыс пайда болады. Пәтерде оқ атылған дауыс естіледі. Ипполитов көршілеріне шығып, әйелі өзін-өзі өлтіргенін айтады.
Оқиға болған жерді қарап шыққанда: Ушакова ішкиімде төсек үстінде қанға оранып жатқаны, басының оң жағында атылған оқтың жарақаты бары анықталады. Оның қолында «Беби» модельді Браунинг тапаншасы, оқтығының каналында тұрып қалған оқ, тапаншаның оқпанында екі оқ болады. Ушакованың басынан оқ алынады, төсек үстінен қауыз табылады.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
8. Азамат С. мәйіті өзеннің жағасында табылды. Оқиға болған жерді қарап шыққанда жолда автомобиль дөңгелегінің протекторының ізі табылған. Мәйіттен 1 м. қашықтықта 2 адамның аяқ киімдерінің ізі және «Camel», «Стюардесса» темекілерінің 2 темекі тұқылы (окурок) табылған.
Тергеу барысында күдік жәбірленушінің жиеніне Н. азаматына қатысты пайда болған.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |