Джаншанло Р. Е


Инвестиция тиімділігін бағалаудың динамикалық әдістері



бет35/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73
Байланысты:
treatise101973

4.4. Инвестиция тиімділігін бағалаудың динамикалық әдістері

Инвестициялаудың мақсаттылығы туралы шешім қабылдау мақсатында, инвестор ең аз көлемдегі шығындар түріндегі нұсқаны тауып ғана қоймай, өзінің инвестициялық шығындарын болашақ табыстармен бірге салыстыра білу қажеттілігі де туындайды. Ал ол үшін инвестициялар мен табыстарды бір уақыттық өлшемдерге алып келу керек, бастапқы (ағымдағы) кезеңдегі уақытқа, яғни, дисконттау міндетін шешу және табыстар мен шығындарды салыстыра отыру керек.


Дисконттау коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
Кд = 1 / (1 + Е)t,
мұндағы: Е – дисконт нормасы; n –келтіру сәтінің мерзіміне жылдар саны.
Мысалы:Инвестициялық жобаға алғашқы бірінші жылында ұйымды салу мақсатында 200 млн теңге салу көзделіп отыр, одан кейінгі екінші жылында 40 млн теңге көлемінде таза пайда түсімі көзделіп отыр, үшінші жылы– 80, төртінші жылы – 120 млн теңге. Үш жыл мерзім ішінде салынған инвестициялар көлемі сатып алыну мүмкіндігі анықталуы керек?
Ең бірінші рет алып қарасақ, жауабы жағымды мәнге ие болуы мүмкін, себебі үш жыл ішінде түскен түсім соммасы алғашқы салынған инвестициялар көлемінің соммасынан артып отыр (40 + 80 + 120 = 240). Бірақ шындығында ол бұлай емес. Себебі болашақта алынған ақшалар, бүгін жұмсалған ақшаларға қарағанда бөлек құндылыққа ие болып табылады. Салынған инвестициялар мен болжанған табыстарды салыстыратын болсақ, оларды бір уақыт сәтіне келтіретін болсақ – ағымдағы, яғни бастапқы сәтке, өткен мерзімде жүзеге асырылатын инвестициялық жобаға.
Дисконт нормасы Е = 0,1 деп алайық, және дисконттау коэффциентінің көмегімен екінші, үшінші және төртінші жылдар пайдасын нөлдік сәт уақытына алып қарасақ, яғни осы ақша ағындарының ағымдағы соммасын анықтауға мүмкіншілік туады. Дәл осындай ұқсас түрде де бастапқы салымды да қарастыратын болсақ, олар да алғашқы бір жылдық көлемінде жүзеге асырылған (егер де біздің салымдарымыз нөлдік нүктедегі уақыт кезеңінде жүзеге асырылатын болса, мысалы, ұйымды сатып алу кезінде, онда инвестицияны дисконттау сомасына деген қажеттілік туындамас еді):
ЧП2пр = Пч2 / (1 + Е)t = 40 / (1 + 0,1)2 = 33,06;
ЧП3пр = Пч3 / (1 + Е)t = 80 / (1 + 0,1)3 = 60,10;
ЧП4пр = Пч4 / (1 + Е)t = 120 / (1 + 0,1)4 = 81,96.
Сонымен, жалпы келіп түскен пайда соммасы
ЧПоб.пр = ЧП2пр + ЧП3пр + ЧП4пр = 33,06 + 60,10 + 81,96 = 175,12 млн тенгені құрады.
Ол болашақ ақша түсімдері құнының 24,88 млн теңге құрағандығын көрсетеді, яғни алғашқы салымның ағымдағы құнынан төмен (200 - 175,12). Осылайша, инвестор үш жылдан соң келіп түскен пайда көлемінен өзінің бастапқы капиталын ала алмайды.
Инвестициялар тиімділігін бағалаудың динамикалық тәсілі – болашақ ақша түсімдерінің (табыстарын) ағымдағы соммасын дисконттау коэффициентінің көмегімен анықтау және оны жүзеге асырылған инвестициялардың ағымдағы құнымен салыстыру.
Таза дисконтталған түсім атауына иелік еткен, инвестициялардың тиімділігін бағалаудың маңызды бір көрсеткіштерінің бірін есептеу формуласы ретінде төмендегіні қарастырамыз:
Т
ЧДД = Σ[(Вt - Зt) / (1 + Е)t],
t=0
мұндағы: Т –есеп айырысу горизонты деп аталатын, инвестиция тиімділігін бағалаудағы уақыт өлшеміндегі есептесу; Вt – t есеп айырысу мерзімі қадамындағы өнім өндірісінен алынатын сатудан алынған түсім; Зt - t есептікмерзім қадамында жүзеге асырылатын жобаны іске асыру шығындары; Е –дисконт нормасы (ондық мән); t – есеп айырысу мерзіміндегі қадам номері, t = 0, Т.
Таза дисконтталған табыс – инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезіндегі эәне барлық шығындардың ағымдағы құнынан инвестицияланатын барлық нәтижелердің ағымдағы құнынан асып түсумен анықталатын соммалық келітірлген әсер болып табылады.
ТДТ есептеу барысындағы дисконт нормасы табыстылық деңгейімен қабылданады, оны инвестор баламалы инвестициялық жобаға салым салу арқылы ала алады, мысалы, банкке ақша салу арқылы немес бағалы қағаздарға иелік ету арқылы. Е мәнін қабылдау мемлекеттік бағалы қағаздар табыстылығының қойылымымен жасалуы ұсынылады, себебі олар тәуекелдігі аз инвестициялар қатарына жатады, немесе ұзақ мерзімді банк депозиттерінің қойылымымен өлшенеді. Егер барлық инвестициялар тартылған болып табылатын болса, яғни несиелер есебінен қаржыландырылса, онда дисконт нормасы несиелендіру шарттарымен анықталған пайыздық қойылым төмен болуы тиіс.
Инвестициялық шешімді қабылдау немес инвестициялық жобаны таңдау критерийі ретінде ТДТ мәнінің оң болуы саналады. Егер ТДТ> 0 болса, онда берілген есеп айырысу өрісінде және табыстылық деңгейінде Е инвестициялық жоба көлемі тиімді болып саналады, осылайша келтірілген әсерлер соммасы келтірілген инвестициялар соммасынан үлкен болып саналады. Сәйкесінше инвестициялық жобаларды салыстыру кезіндегі әртүрлі нұсқалар ТДТ мәні көбірек мәнді жоба сұраныстағысы болып саналады.
Егер өзіміздің жоғарыда келтірілген дисконттау мысалына келетін болсақ, онда ТДТ осы анықталған инвестициялық жоба үшін келесідей жолмен анықталады:
ЧДД = [ЧП2 / (1 + Е)2] + [ЧП3 / (1 + Е)3] + [ЧП4 / (1 + Е)4] - [К / (1 + Е)1 = 33,06 + 60,10 + 81,96 - 181,82 = -6,70млн теңге.
ЧДД < 0, осылайша анықталған шарт негізіндегі жоба көлемі тиімсіз болып табылады.
Таза дисконтталған табыс барлық абсолютті көрсеткіштер секілді инвестициялау масштабына тікелей байланысты болып табылады. Сол себепті, әртүрлі масштабтардағы инвестициялық жобаларды салыстыруда осы көрсеткішті қолдануға мүмкіншілік болмайды. Осындай жағдайда инвестиция тиімділігі бойынша басқа көрсеткіш пайдалануы мүмкін, ол дисконтталған инвестициялардың табыстылық индексі:
Т Т
ИДД = Σ[(ЧПt + Аt) / (1 + Е)t] / Σ[Кt / (1 + Е)t],
t = 0 t = 0
мұндағы Аt –t қадамындағы негізгі капиталдың амортизациясы.
Дисконтталған инвестициялар табыстылығының индексі – келтірілген таза пайда сомасының келтірілген инвестициялар сомасының амортизациясына қатысымен өлшенетін, инветициялық жобаның тиімділік көрсеткіші болып табылады.
1 Инвестициялық шешім қабылдаудың критерийі ТДИ мәні 1 жоғары болуы тиіс. Егер ЧДД > 0, то ИДД > 1, осыған сай, жоба тиімді болып табылатынын көреміз. Ал керісінше, егер ЧДД < 0, онда ИДД < 1, сәйкесінше жоба тиімсіз болып саналады.
Егер біздің келтірген мысалымызға қарайтын болсақ, жобаның тағы тиімсіз болғанына көзіміз жетеді:
ИДД = [40 / (1,1)2 + 80 / (1,1)3 + 120 / (1,1)4] / 200 = 0,876.
Осылайша, мысал бойынша қарастырған жобамыз осы анықталған шарттар негізінде тиімсіз екендігі анықталып отыр. Яғни, қарастырылып отырған – 4 жыл мерзімінде инвестициялар сатылып алынбады. Осыған сай, дисконттау есебімен инвестицияларды сатып алу мерзімі таңдалып алынған есеп айырысу горизонтынан жоғары.
Дисконтталған инвестицияның сатып алу мерзімі – инвестициялық жобаны сату кезіндегі соммалық келтірілген нәтиже мерзімінің өтуіне байланысты келтірілген шығындар соммасынан көп көлеміндегі болатын уақыт мерзімі болып табылады.
Басқаша айтқанда, дисконтталған инвестицияларды сатып алу мерзімі ол ЧДД = 0 осы мәнге иелік ететін мерзім болып табылады.
Т Т Т
ЧДД = Σ[(Вt - Зt) / (1 + Е)t] = 0, или Σ[(ЧПt + Аt) / (1 + Е)t] = Σ[Кt / (1 + Е)t],
t = 0 t = 0 t = 0
Есеп айырысу тәсілімен сатып алу мерзімін анықтау анықталған қиындықты туғызады, осылайша логаримдеусіз бұл іске аспайды. Сол себепті тәжірибедегі инвестициялық талдау ТДТ кесте үлгісі мен графикалық тәсіл бойынша есеп айырысудың қадамдық көрінісін көрсетеді. Кестелі үлгі мәліметтерді көрсетудің және экономикалық есеп айырысуларды орындаудың ыңғайлырақ тәсілі болып табылады.
Таза дисконтталған табыстың кері мәні жобаның тиімсіз екендігін көрсетеді және ол төрт жылдан жоғары мерзім көлемінде сатып алынатындығы анықталады. Бұл жайлы ТДИ мәні төмен мөлшерлемесі көрсетеді.
Жоғарыда келтірілген мысал негізіндегі сатып алу мерзімін анықтау кезіндебір жыл мерзіміне кеңістікті ұлғайтатын болып және болжайтын болсақ, бесінші жылдағы операциялық қызмет көрсеткіштері дәл төртінші жылдағыдай болады. Онда таза дисконтталған көрсеткіштің мәні өзгереді және жобаны жүзеге асырудың бесінші жылында жағымды ретінде көрініс табады. (кесте22). Осыған сай жобаны сатып алу мерзімі – 5 жылды құрайды.

Кесте 22 - 5 жыл мерзімінің кеңістігіне есептелген инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерін есептеу





Көрсеткіштер

Кеңістік

Барлығы

t = 1

t = 2

t = 3

t = 4

t = 5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет