Джаншанло Р. Е



бет68/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
treatise101973

Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті – негізгі құралдар, шикізат пен материалдар, аяқталмаған өндіріс соммасының теңгерім қорытындысына қатынасы.
Материалдарды пайдалану коэффициенті – дайын өнімге енген материал көлемінің жалпы өндірілген материал санына қатынасы.
Өндіріс қуатын пайдалану коэффициенті – натуралды немесе құндық мәнді өндіріс мөлшерінің кәсіпорынның жылдық орташа өндіріс қуатына қатынасы.
Негізгі құралдарды жою коэффициенті – жойылған негізгі құралдардың бағасы мен бастапқы кезеңдегі негізгі құралдардың бағасына қатынасы.
Маневрлілік коэффициенті – жеке айналым қаражатының жеке капиталға қатынасы.
Көптік корреляция коэффициенті – нәтижелі көрсеткіш пен факторлық көреткіштер жиынтығы арасындағы байланыс тығыздығы.
Жоспар бойынша материалдармен қамту коэффициенті – жасалған шарт бойынша материалдар бағасының материалдардың жоспралы қажеттілігіне қатынасы.
Нақты материалдармен қамту коэффициенті – нақты қойылған материалдар бағасының материалдардың жоспарлы қажеттілігіне қатынасы.
Құралдарды жаңарту коэффициенті – жыл бойына енгізілген жаңа құралдардың мезгіл соңындағы құралдарға қатынасы.
Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті – өткізуден алынған түсімнің мезгіл кезеңіндегі дебиторлық берешектің орта шамасына қатынасы.
Босалқы қорлардың айналымдылық коэффициенті – өткізуден алынған түсімнің мезгіл кезеңіндегі қорлардың орта шамасына қатынасы.
Кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті – өткізуден алынған түсімнің мезгіл кезеңіндегі кредиторлық берешектің орта шамасына қатынасы.
Айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті – мезгіл бойы сатудан алынған түсімнің берілген мезгіл кезіндегі айналым құралдарының орта шамасына қатынасы.
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті – қайта келген негізгі құралдар бағасының жыл соңындағы негізгі құралдар бағасына қатынасы.
Көрсеткіштердің өсу коэффициенті – көрсеткіштердің өсу коэффициенті минус бір.
Құрал-жабдықтарды кеңейту коэффициенті – бір минус негізгі құралдарды ауыстыру коэффициентіне тең шама.
Ритмдік коэффициент –белгілі уақытта шыққан өнімнің(жоспардан артық емес),жоспар бойынша шыққан жалпы өнімнің сомасына қатынасы.
Көрсеткіштің өсу коэффициенті-есептік белгілеме көрсеткішінің базистік белгілеме көрсеткішіне қатынасы.
Алмасу коэффициенті - белгілеу уақытта жұмыстың алмасу санының осы уақыт ішіндегі каленьдарлық күндер санына қатынасы.
Құрал жабдықтар алмасу коэффициенті - жұмыс күндер санын шығаруда нақты істелген құрал жабдықты сменаның істеп тұрған жабдықтарының қатынасы.
Капиталдық структуралық коэффициенті - қарыздық капиталдық баланс теңгеріміне қатынасы.
Кадрлардың тұрақсыздық коэффициенті - бір уақыт ішінді жұмыстан босағандар санының осы уақыт ішінегі орташа тізімдік жұмысшылар санына қатынасы.
Басқару коэффициенті - бір басшыға көмекші қызметкерлер саны.
Экономикалық дамудың тұрақтылық коэффициенті - ұйымның негізгі және қаржылық істерін есепке ала отырып,оның экономикалық дамуының дәрежесін анықтайын көрсеткіш.
Төлемдік қабілеттілігінен айырылу коэффициенті - ұйымның бір немесе басқа мезгілде өзінің төлемдік қабілеттілігін жоғалтпайды деген салыстырмалы өлшем.
Қаржыландыру коэффициенті - ұйымның меншік капиталдың қарыздық капиталға қатынасы.
Қаржылық леверидж коэффициенті - таза пайда өзгерісінің жалпы пайда өзгерісіне қатынасы.
Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті - ұйымның активтерінің орташа жылдық бағасының ,меншік капиталының орташа жылдық бағасына қатынасы.
Қаржылық тұрақтылық коэффициенті - меншік капиталының және баланс валютасына ұзақ мерзімдік міндеттемелер қатынасы.
Факторлық талқылаудағы реттік модель - нақты детерминдік модель,факторлардың қатынастарынан шыққан негізді.
Кредиторлық берешектер - ұйымның қысқа мерзімдік пассиві,несие берушілер қарызына тең(мемлекеттік бюджетке,қызметкерлерге,өндірушілерге,жалданып жұмыс істеушілерге,сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге т.б.)тек қысқа мерзімдік қарызбен несие берешектерінен бөлек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет