О Капиталайналымы– капиталдың қозғалыс барысында бір нысаннан екіншісіне ауысуы үдерісі.
Айналымдағы активтер– ұйымның өндірісі мен айналымында қолданылатын қысқа мерзімді активтері.
Айналымдағы өндірістік қорлар – өндіріс барысында қолданылатын еңбек нысандары.
Айналым капиталы–ұйымның қысқа мерзімді активтерге салынған капиталы.
Жалпы өндіріс тиімділігі – салық салғанға дейінгі пайданың негізгі және материалдық айналым қаражатының орташа жылдық құнына қатынасы.
Ұйымның жалпы талдауы – ұйымды жұмыскерлер құрамы, құрал-жабдықтар, технология, өндірістік қызмет тиімділігі, өткізу, басқару және жоспарлау тұрғысынан сипаттауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің талдауы.
Экономикалық талдау объектісі – техникалық тұрғыда өндірісімен және әлеуметтік, табиғи жағдайлармен байланысты нысан ретінде қарастырылған ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметі.
Жұмыс ырғақсыздығына байланысты шығарылмай қалған өнім көлемі – ырғақсыздық коэффициентінің жоспар бойынша шығарылған өнімнің жалпы сомасына көбейтіндісі.
Операциялық леверидж– ұйым пайдасының өнім көлемі өзгерісіне қарай өзгеруі.
Операциялық цикл– ұйымның бүкіл қаражатының толық айналу уақыты.
Сатып алудың көтерме бағасы – сатып алынатын заттың жіберілетін бағасы және оған қосымша делдалдың үстеме ақысы (делдалдың көтерген шығыны мен делдалдың пайдасы және делдалдың ҚҚС қосындысы).
Көтерме баға – ұйымға шығынның өтелуін және пайда алуды қамтамасыз ететін баға.
Негізгі капитал– ұзақ мерзімді активтерге салынған капитал (кейінге қалдырылған салықтық активтерді қоспағанда).
Негізгі қаражат – көптеген өндірістік циклдерге қатысып, құны өнімге бірте-бірте ауысатын еңбек құралдары мен қаражаттары.
Негізгі қаражаттың қалдық құны – негізгі қаражаттың бастапқы құны мен жиынтық тозымпұл құндарының айырмасы.
Салыстырмалы экономикалық көрсеткіштер – екі абсолютті көрсеткіштің қатынасы ретінде анықталатын көрсеткіштер.
Есептік калькуляция – өнім өндіруге жұмсалған нақты шығынды бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жасалған калькуляция.
Шешімдердің шектеулі саны туралы қате тұжырымдама – экономикалық шешімдер саны шектеулі болып табылады деген қате ұғым, одан үкімет неғұрлым көбірек шешім шығарса, жеке меншік ұйымдар қабылдауға мәжбүр болатын шешімдер саны соғұрлым аз болады деген қорытынды жасалады.