Негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті (қор қайтарымдылығы) ұйымның негізгі құралдарын тиімді пайдалануын көрсетеді. Мына формула арқылы есептеледі:
Кнқа = Өнімді сатудан түскен түсім / Активтердің орташа жылдық құны. Қор қайтарымдылығының негізгі шарты болып еңбек өнімділігінің қормен қарулану қарқынының өсімінен жоғарылауы болып табылады. Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуы негізгі құралдардың қатысты төменгі үлес салмағының есебінен және жоғарғы техникалық деңгейінің есебінен қол жеткізілуі мүмкін. Әрине, оның көлемі сала мен капитал сыйымдылығына байланысты айтарлықтай ауытқиды. Дегенмен, жалпы заңдылық бұл жерде мынадай, коэффициент жоғары болған сайын есепті кезең шығындары төмен болады. Өте төменгі коэффициент бұл жерде жеткіліксіз іске асыру көлемін немесе осы актив түрлеріне өте жоғары салынған салымдар деңгейін көрсетеді.
Материалдық қорлардың айналым коэффициенті ұйымның талданып отырған кезеңіндегі тауарлы-материалдық қорлардың айналым санын көрсетеді. Берілген көрсеткіштің төмендеуі аяқталмаған өндіріс және өндірістік қорлардың салыстырмалы артуын немесе дайын өнімге сұраныстың төмендеуін білдіреді. Жалпы, материалдық қорлардың айналым көрсеткіші жоғары болған сайын, құралдар қысқа мерзімді активтердің аз өтімді бабына байланған болады, оның үстіне өтімділік құрылымын қысқа мерзімді активтер иеленеді, соған байланысыты ұйымның қаржылық жағдайы тұрақты болады. Коэффициентті есептеу мына формула арқылы жүзеге асады:
Кмқа =Өнімді сатудан түскен түсім / Қорлардың орташа жылдық құны. Айналым капиталының айналымдылық коэффициенті ұйымның материалдық және қаржы қорларының айналым жылдамдығын көрсетеді және мына формула арқылы анықталады:
Кака= Өнімді сатудан түскен түсім /Айналым капиталының орташа көлемі. Айналым капиталы мен іске асыру көлемі арасында белгілі бір тәуелділік бар. Айналым капиталының тым аз мөлшері өткізуді шектейді, ал тым көп мөлшері – айналым құралдарының жеткілікті тиімсіз пайдаланғанын көрсетеді.
Дебиторлық берешек айналымының коэффициенті есеп айырысуларына салынған құралдар жылына неше рет айналым жасағандығын көрсетеді. Ол мына формула арқылы анықталады:
Кдба =Өнімді сатудан түскен түсім / Дебиторлық берешектің орташа жылдық сомасы. Әдетте, бұл көрсеткіштің жоғары болғаны жақсы, себебі ұйым шоттар бойынша төлемді тезірек алады. Екінші жағынан сатып алушыларға тауарлы несиені ұсыну іске асыру бойынша ынталандыру құралдарының бірі болып табылады, сондықтан несиелік кезеңнің оңтайлы ұзақтығын табу маңызды.
Осы коэффициентті пайдалана отырып, аса көрнекті көрсеткішті – инкассациялау кезеңін есептеуге болады, яғни дебиторлық берешектердің құралдарға айналу мерзімін. Ол үшін талданып отырған кезеңнің ұзақтығын дебиторлық берешек айналымы коэффициентіне бөлу қажет.
Дебиторлық берешек айналымы көрсеткіштерін кредиторлық берешек айналымымен салыстырған пайдалы. Мұндай тәсіл жеткізушілер тарапынан пайдаланылатын несиелендіру шарттарымен, қарастырылып отырған ұйымның өздерінің тұтынушыларына ұсынып отырған коммерциялық несие шарттарын салыстыруға мүмкіндік береді. Ол үшін тауарлы операциялар бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектердің айналым мерзімі мен айналым коэффициентін анықтау қажет.
Экономикалық диагностика барысында сатып алушыларға ұсынылатын төлем мерзімін ұзарту кезеңінің ұзақтығын дебиторлық берешекті нақты өтеу мерзімімен салыстырған орынды, ол дебиторлармен есеп айырысу жағдайын бақылау тиімділігін бағалауға және несие қабілеттілік деңгейі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Кредиторлық берешектің айналым коэффициенті ұйым тарапынан ұсынылатын коммерциялық несиелердің кеңеюін немесе төмендеуін көрсетеді. Коэффициенттің өсуі ұйым берешегі төлемінің жылдамдығының артуын, ал төмендеуі – несиеге сатып алулардың өсуін білдіреді. Кредиторлық берешектің айналым коэффициентін анықтау формуласы келесідей:
Ккба = Өнімді сатудан түскен түсім / Кредиторлық берешектің орташа жылдық көлемі. Кредиторлық берешектің айналым кезеңі кредиторлық берешек айналымының коэффициентіне талданып отырған кезең ұзақтығы бөлімінің бір бөлігі ретінде анықталады.