Джаншанло Р. Е



бет40/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73
Байланысты:
treatise101973

Екінші топ көрсеткіштері ақша қаражаттарының түсімі мен төлемінің және таза ақша ағынының құрылымын бағалайды. Олар жеке операциялардың ұйымдағы ақша ағындарын құрудағы үлестік қатысуын сипаттайды. Ақша ағынының сапа көрсеткіштері ұйымның жұмыс істеу ерекшелігін ескере отырып, оның ақша ағындарының қалыптасуының маңызды құрамдас элементтерін ашады, сондай-ақ, ақша қаражатының негізгі ағыны қалыптасатын қызмет түрлерін анықтайды.
Үшінші топ көрсеткіштері ақша қаражатының келуі мен кетуінің сәйкестігін ашады, таза ақша ағынының қарқынын ұлғайтады, сондай-ақ ақшалай қаражаттың түсуі мен шығу операцияларының тиімділігін сипаттайды. Бұл топтың көрсеткіштеріне ақша қаражатының жеткіліктілік және ақшалай ағымын жабу коэффициенттері жатады, олар ұйымның ақша қаражатының түсімдері есебінен міндеттемелер бойынша есеп айырысу қабілетін сипаттайды. Кезеңнің басында мен соңындағы айқындалатын төлем қабілеттілігі міндеттемелерді орындау үшін жинақталған ақшалай ресурстардың нәтижесі ретінде қарастырылады, ол ұйымның өміршеңдігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл топтың көрсеткіштеріне және де барлық төлем сомаларын жабу үшін ішкі көздер есебінен түсетін (тауарларды өткізуден,қызмет көрсетуден, негізгі және басқа активтердің ақшалай түсімі), ақшалай қаражаттың жеткіліктілігін анықтайтын коэффициенттер жатады. Мұндай көрсеткіштер ұйымның өз қаражаты есебінен өз міндеттемелері бойынша есептесуіне мүмкіндік береді.
Төртінші топқа экономикалық тиімділіктің бір нысаны ретінде қарастырылатын, есептеу кезінде пайданың орнына таза ақша ағымын пайдаланатын, рентабельділік көрсеткіштері кіреді. Бұл блоктың көрсеткіштері активтер мен меншікті капиталды пайдалану тиімділігін сипаттайды. Егер сату рентабельділігін анықтау қажет болса, онда операциялық қызметтен түскен таза ақша ағымын пайдалану керек, себебі өнімді өткізуден түскен түсім осы қызмет түріндегі ақша қаражатының негізгі көзі ретінде және нәтижесі болып табылады. Сатудың тиімділігі тауар сатудан түскен ақша қаражаты ағымының сомасында таза ақша ағымының үлесін анықтайды. Одан басқа, рентабельділік көрсеткіштері таза ақша ағымының өзгеру қарқын меншікті капитал, активтер, өнімді өткізуден түскен түсім және ақша қаражатының жылыстауының өзгеру қарқынымен салыстыруға мүмкіндік береді.
Бесінші топқа ақша қаражатын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері енгізілген. Ақша қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалау үшін ақша қаражатының айналымдылық және тиімділік көрсеткіштерін анықтайды. Ақша қаражаттарының айналымдылық көрсеткіштерін ақша ағымының өтімділік көрсеткіштері ретінде қарастырады, олар ұйымның тұрақты төлем қабілеттілігін қолдауын қамтамасыз етеді. Күнмен есептелетін айналымдылық мерзімді сипаттайды, оның аралығында ақша құралдары ұйымның шоттарында қозғалыссыз күйде жатады. Мұндай көрсеткіш ақша қаражатының қалдық шамасын анықтауға мүмкіндік береді . Ақша қаражатының ең аз қоры болмаған жағдайда, қаржылық қиындықтар пайда болуы мүмкін. Және керісінше, олардың шамадан тыс мөлшері ақша қаражаттарын пайдалану және салымдарының тиімсіздігін куәландырады. Ақша қаражатының рентабельділік көрсеткіштері ақша қаражатының қалдығы мен ағынының, немесе таза ақша ағымымен салыстыру арқылы анықталады,соған байланысты қалдық ақша қаражатының рентабельділігін, ақша қаражатының ағыны мен жылыстануының рентабельділігін орнатуға болады.
Ақшалай қаражаттар табыстылығының көрсеткіштері зерттелетін кезең ішіндегі ұйым құзырындағы (шығындалған немесе алынған) ақшалай қаражаттың бір теңгесіне таза ақшалай ағынның қандай көлемі сәйкес келетіндігін сипаттайды. Таза ақшалай ағын бойынша (таза пайда) есептелген нақты көрсеткіштердіжалпы алғанда, ұйым бойынша да, қызмет түрлері бойынша да анықтау қажет.
Қаржылық коэффициенттерді талдау ұйымдардың өзара шаруашылық қызметтерінің түрлі абсолютті көрсеткіштерінің ара қатынасын есептеуге негізделеді. Талдаудың осы жүйесін қолдану үдерісінде ақшалай ағындардың жеке көрсеткіштерін сипаттайтын түрлі салыстырмалы көрсеткіштер және де олардың ұйымның қаржылық жағдайының жалпы деңгейіне ықпал ету дәрежесі анықталады.
Ақшалай ағындарды басқару жүйесінде талдамалы қаржылық коэффициенттердің келесідей топтары біршама кең таралған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет