Джаншанло Р. Е


Ақша ағындарын бағалау әдістері



бет43/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
Байланысты:
treatise101973

5.2 Ақша ағындарын бағалау әдістері


Ақша ағындарын бағалаудың тура әдісі жалпы ақша түсімдері мен жалпы ақшалай төлемдердің негізгі түрлерін ашуға негізделеді, яғни, бастапқы элемент сатудан түскен түсім болып табылады.
Тура әдістің отандық бухгалтерлер мен сарапшыларына түсінікті болып табылатын қолжетімді есептеу процедурасы бар. Ол бухгалтерлік есеп тіркелімдерімен тікелей байланысты, көрсеткіштерді есептеу және қаржы құралдарының түсімдерді және шығындалуын бақылау үшін қолайлы. Ұзақ мерзімді перспективада ақша ағындарын бағалаудың тура әдісі ұйымның өтемпаздық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Қаржыны оперативті басқаруда тура әдіс өнімді сатудан және қаржылық міндеттемелер бойынша төлемдер үшін қаржы құралдарының жеткілікті болуына қатысты түскен түсімді қалыптастыру үрдісін бақылауға қолданылуы мүмкін.
Тура әдіспен ақша ағындарын бағалаудың әдістемесі қарапайым ғана, себебі, ол тікелей қаржы құралдарының қозғалысы туралы есептің мәліметтеріне негізделеді. Ол мыналарды зерттеуге мүмкіндік береді:
- ақша ағындарының динамикасын (3 формасында ақша ағыны екі жыл бойынша көрсетіледі – есептік және алдыңғы);
- қызмет түрі, түсім көздері мен қаржы құралдарының қолданылу бағыттары негізінде ақша ағындарының құрамы мен құрылымын;
- қызмет түрлері бойынша таза ақша ағынының құрымы мен құрылымын.
Одан бөлек, осы форманың негізінде ұйымның өтемпаздылығы туралы пайымдауға болады, яғни, қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша төлемдерге қаржының жеткіліктілігі туралы, сондай-ақ, инвестициялық қызметтің жүзеге асырылуы, себебі, ұйым шоттары бойынша ақша ағындарының қозғалысын жан-жақты ашып көрсетеді.
Ақша ағындарын бағалаудың тура әдістің әдістемелік негізі баланстық әдіс болып табылады, оның ерекшеліктері төмендегідей:
• ақшаның уақытылы құндылығын ескермейді;
• қаржы құралдарының қалдығын есептеу мына өрнек негізінде жүргізіледі:
ДСн + ДПп - ДПв = ДСк,
мұндағы: ДСн, ДСк – сәйкесінше кезең басы мен аяғындағы қаржы құралдарының қалдығы; ДПп – кезең бойынша келіп түскен қаржы құралдарының түсімі; ДПв – кезең бойынша қаржы құралдарының істен шығуы.
Тура әдіс есептік кезеңдегі ұйымның жалпы да, таза ақша ағынын да сипаттайтын мәліметтерді алуға бағытталған. Ол жеке қызмет түрлері мен ұйым бойынша тұтастай алғанда, қаржы құралдарының түсімдері мен шығындалуының көлемін түгелдей көрсетуге бағытталған, қаржы құралдарының түсімі мен шығындарының бақылау көрсеткіштерін есептеуге қолайлы. Осы ретте, түгелдей ұйым бойынша да, қызмет түрлері бойынша да төлемдердің түсімдерінің артуы ақша құралдарының түсімдерін білдіреді, ал түсімдерге төлемдердің артуы – олардың жылыстауын аңғартады.
Қызмет түрлері бойынша ақша ағындарының көрсеткіштерін қарастыра отырып, ақша массасының барынша мол көлемін ұйымның операциялық қызметі қамтамасыз ететінін атап өткен жөн. Операциялық қызметтің таза ақша ағынының жағымды динамикасы ұйымның қаржылық әлеуетінің өсімінің масштабын сипаттайды.
Операциялық қызметтен таза ақша ағыны келесі амал бойынша жеке әдіспен анықталады:
Қызмет операциясының таза ақша ағыны
Жағымды ақша Теріс ақша
ағыны ағыны
Өнімді сатудан Өнімді төлеу
түскен түсімдер

Сатып алушылар мен Еңбекақы және


тапсырыс берушілерден аударымдар
алынатын алғытөлемдер
Өзге түсімдер Салықтар және алымдар

Қысқа мерзімді


қаржылық инвестициялар

Несиелер бойынша


пайыздар

Өзге төлемдер


Халықаралық есеп қағидаларына сәйкес ақша ағындарын есептеу әдісін ұйым өздігінен таңдайды, алайда олардың көлемі мен құрамы жөнінде толығырақ мәлімет алуға мүмкіндік беретін тура әдісті таңдаған жөн. Ұйымның операциялық қызметінің таза ақша ағыны сомасын тура әдіспен есептеу жүргізілетін негізгі формула келесі түрде болады:
ЧДПод = РП + ППо - Зтм - ЗПоп - ЗПау - НБб - НПвф - ПВо,
мұндағы: РП – өнімді сатудан түскен қаржы құралдары; ППо – операциялық қызмет үрдісінде түскен өзге қаржы құралдарының түсімі; Зтм – тауарлық-материалдық құндылықтарды – шикізатты, материалдарды және жартылай фабрикаттарды жеткізушілерден сатып алуға төленген қаржы құралдары; ЗПоп – оперативтік қызметкерлерге төленген еңбекақы; ЗПау – әкімшілік-басқару қызмекерлеріне төленген еңбекақы; НПб – бюджетке аударылған салықтық төлемдер; НПвф – бюджеттіктен тыс қорларға аударылған салықтық төлемдер; ПВо – операциялық қызмет үрдісі барысында төленетін қаржы құралдарның өзге төлемдері.
Төменде тура әдіспен ақша ағындарын бағалау тәртібі көрсетілген:

сатып алушылардан жеткізушілер операциялық пайыздар мен операциялық


түсетін түсімдер - мен қызметкерлердің= қызметтен салықтарды қызметтен түсетін
ақшалай төлемдерітүсетін қаржы төлеу таза ақша ағыны
Денежные Денежные Денежные Уплата Чистый
поступления платежи средства от процентов денежный
от покупателей - поставщикам = операционной - и налогов = поток от
и работникам деятельности операционной
деятельности
Тура әдіспен қайта есептеу алгоритмін келесі әдіспен елестетуге болады:
1) ақшалай түсім өнімді сатудан алынатын түсімге тең (кіріс пен шығындар туралы есеп) дебиторлық берешектің төмендеуін қосқанда немесе дебиторлық берешектің ұлғаюын шегергенде (баланс);
2) ақшалай нысандағы шығындар сатылған өнімнің өзіндік құнына тең (кірістер мен шығындар туралы есеп) қор қалдығының ұлғаюын қоса алғанда немесе қор қалдығының төмендеуін шегергенде (баланс) және дебиторлық берешектің төмендеуін қоса алғанда немесе деюиторлық берешектің ұлғаюын шегеру;
3) ақшалай нысандағы басқа шығындар операциялық қызметтің шығындарына тең (кіріс пен шығыстар туралы есеп) шығындарды немесе немесе шығындардың төмендеуін шегеру (баланс) және өзге дебиторлық берешектің төмендеуін қосқанда немесе өзге дебиторлық берешектің ұлғаюын шегеру;
4) ақшалай формада тозу нөлге тең (аударылған тозудан аударылған тозуды шегеру);
5) ақшалай нысандағы өзге төлемдер кредиторлық берешектің азаюын қоса алғанда немесе кредиторлық берешектің артуын шегергенде тең.
6) операциялық қызметтен түскен қаржы құралдарының нетто-ағыны мынаған тең: п. 1 - п. 2 - п. 3 - п. 4 - п. 5.
Ақша ағындарын бағалаудың тура әдісі сатып алушылардан келіп түскен және жеткізушілерге есептік шот, касса немесе ақшалай эквиваленттер арқылы төленген қаржы құралдарының барлық сомасының көрінісін қарастырады. Ақша құралдарының қозғалысы туралы тура әдіспен есеп құрастыру барысында әр шаруашылық операцияны оны белгілі бір қызмет түріне жатқызу кезінде жүйелеу қажеттілігі туындайды. Мұндай операциялар санының өте көп болуы осы есепті әзірлеу барысында үлкен еңбек шығындарын талап етеді. Тура әдіспен қаржы құралдарының қозғалысы туралы есепті әзірлеу барысындағы өзге қиындық ішкі айналымдарды (мәселен, қаржы құралдарының есептік шот пен кассаның арасында, ұйымның әр түрлі банк шоттарының түрлері арасында және т.б.) «тазалау» (элиминация) қажеттілігі болып табылады. Олай болмаған жағдайда, бұл қаржы құралдары ағынын негізсіз ұлғайту жолымен есептің бұрмалануына алып келеді.
Ұйымның қаржы құралдарының түсімдері мен жылыстауының барлық бағыттарын тура әдіспен бағалауды 25-кестенің көмегімен жүргізуге болады.



Көрсеткіштерінің атауы

Оң ақша ағыны

Теріс
Ақша
ағыны



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет