Әннің тақырыбы: «Жау жаңбыр»
Мақсаты: Әннің сипатын түсініп, эмоциялармен көрсете білуге тәрбиелеу.
Табиғат құбылысын музыкамен байланыстыра білуге үйрету.
Музыкаға деген өзіндік пікірін дамыту.
Әуенді ырғақты қимыл: «Алқызыл гүл» (Ертегі желісінен)
Музыка тыңдау: «Көкек» Х.Мұхамедова
Ән айту: «Жау жаңбыр»
Ойын ойнау: «Кім көп гүл шоғын жинайды?» ойыны
2-апта
Әннің тақырыбы: «Бір жұлдызың боламын»
Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
Музыканы түсініп, әңгімелеуге дағдыландыру.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Әуенді ырғақты қимыл: «Кел билейік»
Музыка тыңдау: «Ғарышкер боламын» С.Мұхаммеджанов
Ән айту: «Бір жұлдызың боламын»
Ойын ойнау: «Роботтар кемесінде» қимылды ойын
3-апта
Әннің тақырыбы: «Бағдаршам»
Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережелерін түсіндіру. «Тоқта», «жол ашық» белгілерін есте сақтап жүруге тәрбиелеу.
Музыканы тыңдап, сипатын ажырата білуге, әннің мәтінін түсініп айтуға үйрету.
Ән айта отырып балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әуенді ырғақты қимыл: «Марш» Люлли («Зерек Ботақан» жинағынан)