Дүние аналармен көрікті ғой (Көпбалалы жанұя аналарымен кездесу) Тәрбие шарасының мақсаты


Құттықтау сөз кезегі мектеп директорының Т.І.Ж.О Отарбаева.Ж.А



бет2/4
Дата29.04.2024
өлшемі18,37 Kb.
#201519
1   2   3   4
Байланысты:
Аналармен кездесу

Құттықтау сөз кезегі мектеп директорының Т.І.Ж.О Отарбаева.Ж.А
Жүргізуші: Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген.Өмірдің ащы – тұщысын көріп, ысыла білген, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, щұғаның қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдеп өсірген.Міне жыл аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін «8 наурыз мейрамы құтты болсын!» демекпін.Осы жерде отырған барлық аналар отбасына береке, бірлік тілеймін.Мейрамдарыңыз құтты болсын!

Жүргізуші: Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
Ана - жүрек, жүректі құдіретте,
Ана - тірек, тіректі құрметте.
Ана - шыңың, шыңыңа сағынып жет,
Ана - күнің, күніңе табынып өт.
Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.Қайнар ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді.Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ.Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. «Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз.Дүниеде анасыз адам жоқ.Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен.Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Қазақ биі: 7-8 сынып қыздары.
1.Жайнагүл Өндіргенқызына береміз. Балаларының ән шашуы
Аягөз:
Анашым, жыр арнады қалқаң бүгін,
Көмкерер сен дегенде бір таңды күн.
Болса егер уысымда бір өзіңе,
Сыйлар ем дүниенің дархандығын!
«Қой» десең балаң күнде «неге» дедім,
Өзіңде мені нұрға бөлеген үн...
Қанат жоқ әттең шіркін, асыл анам,
Жұлдыздың бәрін әкеп берер едім.

Аяулым;
Анам менің, махаббатым, ақ гүлім,


Анам менің, бақытым мен шаттығым.
«Анашым» деп жыр арнаған балаңның,
Неге ғана естімейсің тәтті үнін.
Анам менің, кеудемдегі жүрегім,
Анам менің, өмірдегі тірегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет