Тәрбие шарасының мақсаты: Адамзат –баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге
болмайтынын, сондықтан да барлық ананы, болашақ ана болар қыздарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу.
Қатысқандар: Мектеп директоры,Мектеп әкімшілігі 5-9 сынып оқушылары.
Жүргізуші:
- «Ана» деген сөзді естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Жұмақ ананың табанының астында дегенді қалай түсінесіңдер.
- «Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаң да,қарызын өтей алмайсың» дейді.Неліктен?
- «Әке қарғысы оң, ана қарғысы боқ» деген сөз сіздерге қандай ой салады?
- Анаңды соңғы рет қашан қуанттың?
- Анаңды қандай гүлге теңер едің
- Ана туралы әннің 1 шумағын кім орындап береді?
- Сіздің жанұяда неше бала бар? Көп балалы жанұяда неше бала болу керек деп
есептейсің?
Саған ұнай ма көпбалалы жанұя?
Жүргізуші:Олай болса,балалы үйдің базары ешқашан тарқамаған.Қазақ халқы жанұя бақыты балада деп есептеген.Сондай берекелі, мерекелі жанұялар біздің мектебімізде де, көптеп саналады.Көктемнің әсем мерекесі-Аналар күні-қарсаңында біз де 6, 7, 8 бала тәрбиелеп, бақытты ана аталып отырған аналарға қошемет көрсетейік!
Бүгін бізде қонақта: Ардақты ана, отбасының ұйытқысы, балаларының сүйікті анасы «Алтын алқа» иегері Тұрмағанбетова Жайнагүл Өндіргенқызы
Үлкен берекесі шаңырақтың ұйытқысы, кең пейілді, жарқын жүзді балаларының қамқоршы анасы, «Алтын алқа» иегері Саркулова Гүлжанат Хабарқызы
Үлгілі жанұяның қамқоршысы, үлкен жүректі ана, «Алтын алқа» иегері Мәметова Айгүл
Қазақ дәстүрін жалғастырушы, жас болса да өнегесі мөл, махаббаты мен бар жақсылығын балаларына сыйлаған аяулы ана Жапақова Жанаргүл Саянқызы