Дүние аналармен көрікті ғой (Көпбалалы жанұя аналарымен кездесу) Тәрбие шарасының мақсаты



бет3/4
Дата29.04.2024
өлшемі18,37 Kb.
#201519
1   2   3   4
Байланысты:
Аналармен кездесу

Күй: Орындайтын: 7-8 сынып
Жүргізуші:
Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар.Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды.Анаға осыдан артық тарту - таралғының керегі жоқ.

Сөз кезегін: Гүлжанат Хабарқызына береміз
Балаларының өнерлерін тамашалайық.
Қуандық;
Асыл Ана, ардақты Ана, жан Ана,
Сүйенішім алдымдағы сен ғана.
Баға жетпес байлығым да өзіңсің,
Бақытымсың өмірдегі сен дара.
Жандос;
Биіктесің, қымбаттымсың Анашым,
Сен мен үшін арқа сүйер панамсың.
Әрбір сөзің ұлағатты данасың,
Құрметтесін барлық адам Анасын.
Әлия;
Айналайын анашым,
Өмір берген данасың.
Мені өмірге әкелген,
Ақ дидарлы анашым.

Жүргізуші:
Құрметті де,аяулы аналар сіздер өз өмірлеріңіз туралы айтып берсеңіздер?
1. Балаларыңыздың қайсысын ерекше жақсы көресіз?
2.Бала тәрбиесінде кімнен үлгі аласыз?
3.Ана бақыты дегенді қалай түсінесіз?
4.Балаларыңызға ренжіген кезде сабаңызға қалай түсесіз?
5.Балаларыңыздың мінездері бір-біріне ұқсайма?
6.Алтын алқаны алған уақытта қандай көңіл күйде болдыңыздар?
7.Қыз балаға лайық мамандық деп қандай мамандықты ойлайсың?
8.Өзіңізді бақыттымын деп есептейсіз бе?Неліктен?
9.Қызыңыздың тағдыры өз тағдырыңызға ұқсағанын қалайсыз ба?
10.Өнердің қай түріне жақынсыз?
11.Балалық арманыңыз қандай еді?Орындалды ма?
12.Балаларыңыздың бәрі тәрбиелі, еті тірі, пысық.Кімге тартқан деп ойлайсың?
13.Атам қазақ о бастан ұлды , бір саты жоғары қойған.Дей тұрғанмен, «Ұлтты
қыз сақтайды» деген ұғым тағы бар.Ол неліктен?
Жүргізуші:

  1. Қай елде болмасын әйелдерді құрметтейді.Түркия Парламентінің шақыруымен Қазақстан Парламенті делегециясы ресми сапармен Стамбулға барған.Түркияда 350 депутаттың 14- і әйел екен.Әйел адамдарды «Баян» деп атайды.Әр мәжіліске кірген сайын 14 әйелді тұрып қарсы алады екен.

  2. Қазақ жазушыларының ішінде ана туралы көп жазған - Ғабит Мүсірепов.

Мұхтар Әуезов «Адамдықтың негізі - әйел» деген шығармасын 20 жыл жазған екен.

  1. Қазақта аты аңызға айналған әулие аналар, ақын, батыр қыздар аз болмаған, жазба, ауыз әдебиетімізде «Айша-Бибі», «Домалақ ана», «Қыз ана», кесенелері бар. Дүние жүзіне белгілі Байқоңыр ғарыш айлағы көріпкел әулие Қоңыр анамыздың атымен байланысты.

  2. Әйел тәңірі - Ұмай ананы бүкіл түркі халқы пір тұтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет