Табиғи газ ресурстары мен кен орны - Табиғи газдың әлемдік өндірілмек қоры 154,9 трлн. м3 бағаланады. Газ ресурстары қазіргі өңдеу жылдамдығына байланысты 63,1 жылға жетеді. Табиғи газдың өндірілмек қоры бойынша бірінші орынға Ресей ие – 31%. Оның қорының үштен бірі жақын орналасқан және орталық шығыс елдеріне ие, онда мұнаймен бірге өндіріледі: Иран (жалпыәлемдік қордан 14,9%-әлем бойынша 2-ші орын), Абу-Даби (4,0%), Сауд-Арабиясы (3,9%) және Кувейт (1,0%). Азия Тынықмұхиттық өңірде газ- ресурсының көбін Индонезия, Малайзия, Қытай ие. Біршама үлкен қорлар (7,2%) Африкада, Алжир (2,9%), Нигерия (2,2%) және Ливиада (0,9%). Америкалық континентте табиғи газ қорының 12,7% табылған, соның ішінде АҚШ-та – 3,1%, Венесуэлла – 2,7%, Канада- 1,1%. Батыс Еуропада 2,9%, соның ішінде Норвегияда 0,8%, Нидерландыда 1,1%,және Ұлыбританияда 0,5%.
- Ірі мұнайөндіретін елдер және мұнай өндіру динамикасы. Мұнайды өндіру көлемі бойынша әлемде 1-ші орынды 1974жылға дейін АҚШ алды, одан кейін 1989 жылға дейін бұрынғы КСРО, ал 1995-2000 жж. аралығында Сауд-Арабиясы. Ірі мұнай өндіру елдерінің ондығына Иран, Қытай, Норвегия, Венесуэлла, Мексика, Ирак, Ұлыбритания, Ливия, Канада және Нигерия кіреді. 2005ж бұрынғы КСРО кейбір елдеріндегі мұнай өндіру: Қазақстан - 61, Әзірбайжан- 22, Түркменстан – 9,5 құрады. Ресейдегі мұнай өндіру көлемі 2005ж 475 млн.т құрады. Табиғи газ өндіру өндірудің әлемдік өндірілмелік қоры 60 трлн. т м3 асады, болжанған қорлар 200 трлн. м3 бағалайды. Әлемнің газ өндіру елдеріне: ТМД және АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Алжир, Индонезия, Нидерланды, Иран, Норвегия, Мексика, Өзбекстан, Түркменстан кіреді. Ресейде 2005ж газ өндірісі 641 млрд.м3 жетті.
- Қазақстандағы болжанған және өндірілмек мұнай, газ қоры. Қазақстанның мемлекеттік балансында көмірсутекті шикізат кен орынның 214 бар, оның ішінде 84 өндірілуде. Қазақстандағы мұнайдың болжаулы қоры 13 млрд. т құрайды. Негізгі кен орындары батыстарында негізделген. Мұнайдың дәлелденген және өндірілмек қоры 4,3 млрд. т құрайды – әлемдегі жалпы қордың 3%. Қаз-ғы негізгі мұнай қоры 90% жуығы Кашаған, Тенгиз, Қарашағанақ, Өзен, Жетібай, Жаңа жол, Қаламқас, Кенқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Әлібекмола, Кенбай ірі кен орындарында негізделген.
- Олардың ішінде мұнай қорының жартысы екі ірі мұнай кен орнында негізделген: Қарашаған - 7 млрд. т және Тенгиз – млрд т . Барлық табиғи газ қоры (60% шамасы) және конденсат (80%) қорының көп бөлігі Қарашағанақ кен орнына ие – 1,2 млрд. т мұнай және 1,35 трлн м 3 табиғм газ. Газ құрамы: 57% метан, 9% этан, 20% күкірт сутектен және басқалары.
Достарыңызбен бөлісу: |