Дүние жүзі мен Қазақстанның мұнай – газ кешенінің қазіргі кездегі жағдайы



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі53,83 Kb.
#97512
  1   2   3
Байланысты:
лекция 1.

Дүние жүзі мен Қазақстанның мұнай – газ кешенінің қазіргі кездегі жағдайы

  • Өндірістің барлық салаларының негізгі дамуы болып отын - энергетикалық кешен табылады (ОЭК). ОЭК өнімді алу, тасымалдау, жанғыш қазбалалардың өңделуі, сонымен қатар энергия өндіру мен бөлімдеуімен айналысатын өндіріс салаларын қарастырады. ОЭК әлемдік экономиканың негізгісі болып табылады.
  • ОЭК даму дәрежесі қоғамдық, экономикалық ғылыми – техникалық прогрессті айқындайды және мемлекеттің саясатын анықтайды. ОЭК-ң экономикалық маңызды құрамды бөлігі болып мұнай – газ кешені табылады (МГК). МГК өндірістің мұнай-газ өндіру, мұнай-газ өңдеу, мұнай-газ химиясы салалары жатады, сонымен қатар мұнай, газ – конденсат, табиғи газ және олардан өңделген өнімдердің тасымалдану (құбырлы, теміржолдық, сулы, теңізді) салалары бар.
  • Мұнай және газ адамзаттың энергиямен қамтамасыз етілуінде, ерітіндіден коксқа дейінгі және техникалық көміртекке дейінгі әртүрлі бағыттағы өнімдердің, яғни өндірісті маыңызды шикізатпен қамтамасыз етуінде шешуші роль атқарады.
  • Мұнай ресурстары мен кен орындары. Әлемдік мұнайдың өндірілмелік қоры 141,3 млрд. т бағаланады. Әлемдік мұнайдың болжамалы қоры 300млрд. т шамасын құрайды. Өндірілмелік қоры мұнай қазіргі өндіру көлемі бойынша 42 жылға жетеді (жылына 3,331млрд т). Олардың ішінен 66,4% орталық шығыс және жақын орналасқан шығыс елдерінде шоғырланған. Бүл өңірлер үшін ерекше және үлкен (300млн-нан 1млрд т дейін) кенорындарында жоғары өнімділігімен болатын мұнай және концентрациясының зор қорының болуы сипатты. Бұл корсеткіш бойынша әлемде бірінші орынды Сауд Арабиясы алады, онда әлемдік мұнай қорының 4-ке жуығы қарастырылған. Осы өңірде мұнай қорының зор бөлігін Ирак, Иран, Кувейт және Абу-Даби араб елдері иемденеді, бұлардың әрбіреуі әлемдік қордың 10 бөлігіне ие. Әлем орындары бойынша 2-ші орынды Американдық континент алады, 14,5 пайыздің әлемдік өндірілмелік мұнай қорынан. Ірі мұнай қорына Венесуэлла, Мексика, АҚШ, Аргентина, Бразилия ие. Африкадағы өндірілмелік мұнай қоры 6,9%, Ливия – 2,9, Нигерия 2,3 және Алжир 0,9 пайыз. Батыс Еуропада мұнай және газдың үлкен кен орындары Солтүстік теңіз акваториясы мен (0,5 млрд. т) Норвегиялық территорияда (1.5млрд. т) орналасқан.
  • Азия- Тынықмұхиттық өңірде мұнай қорын Қытай (2,35%), Индонезия (0.5%), Үндістан, Малайзия және Австралия (1% бағасында) иеленді. Шығыс-Еуропа өңірлері 5,8% өнімділік қорына ие, соның ішінде Ресей (6,64 млрд т) -4,76%.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет