Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы мен арақатынасы



Дата07.02.2022
өлшемі13,63 Kb.
#90647
Байланысты:
Атыбай.А.Рефарат
Атыбай.А.Рефарат, 1 осож, СХА-4, Клиникалық-зертханалық зерттеу әдістері 4 курс Лабдиагностика, педиатрия кунделик, 6. Культ.отдых, КАПИТАЛИЗМ ЖӘНЕ АМЕРИКА, Ð»ÐµÐºÑ†Ð¸Ñ â„–3

Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы мен арақатынасы
Әлеументтанудың басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байлнысының екінші түрі, ол адам туралы, оның іс- әрекетінің қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырады. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманистік ғылымдарда кеңінен қолданылады.
Әлеуметтанудың басқа тғылымдармен байланысының үшінші негізгі түрі – ол нақтылы ғылымдармен тығыз жақындасып, байланысу арқылы, ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономика ғылыммен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыс пен процестерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканның арнаулы теориясы жасалды. Құқық ғылыммен бірігіп зерттеу жүргізідің нәтижесінде – құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен бірге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен біріге отырып, педагогикалық әлеуметтану; тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтану, көркем өнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары (барлығы 100-ге тарта) пайда болды.
Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік теориялар немесе орта деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың әлеуметтану мен тығыз байланысын олардың әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларын (жалпы ұғымдарын), қағидаларын, заңдарын, нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануын байқаймыз.
Екінші жағынан, әлеуметтану өзінің ой-пікірлерін, теорияларын, тұжырымдамалырын, т.б.толық дәлелдеу және одан әрі дамыту үшін нақтылы ғылымдардың фактіліріне, деректеріне, тұжырымдарына, т.б. сүйенеді, осылар арқылы ол жаңа қорытындылар жасап, орын алып отырған қайшылықтарды жұмсарту немесе жою жолдарын, жалпы қоғамның даму тенденцияларын анықтайды. Сөйтіп қоғамды басқарудың тиімділігін арттырыды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет