Бас штаттар
679. Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға:
Бастилияның алынуы
680. 1789 ж. Француз революциясының басты саяси жетістігі:
Абсолюттік монархияның құлауы
681. Тарихта тұңғыш рет «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдаған республика:
Франция
682. 1792 ж. Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы одақ құру себебі:
Француз революциясын тұншықтыру үшін
683. 1792 ж. 22 қыркүйектегі Франция тарихындағы маңызды оқиға:
Францияның республика болып жариялануы
684. 1793 ж. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке келгендер:
Якобиншілдер
685. Францияда 1799ж. 9-қарашада болған оқиға:
Мемлекеттік төңкеріс
686. Француз буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:
Абсолюттік монархия жойылды
687. ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай:
Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан артта болды
688. Ресейдің болашақ астанасы – Санк-Петербург қаласының құрылысы басталған жыл:
1703 ж.
689. Солтүстік соғыста Ресейдің ұлы держава ретінде беделінің өсуіне ықпал еткен шайқас:
Полтава шайқасы
690. 1721 ж. Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі:
Ништад келісімі
691. Еуропалық ойлауды орыс дәстүрімен алғаш сабақтастыра білген орыс патшасы:
І Петр
692. 1703 ж. Ресейде шыға бастаған алғашқы жүйелі газет:
«Ведомости»
693. І Петр ұйымдастырған Петербургтегі алғашқы орыс мұражайы:
Кунсткамера
694. І Петр жүргізген үздіксіз соғыстардың жалпы ұлттық мақсаты:
Ресейдің теңізге шығу жолына ие болу
695. 1700 ж. 9 тамызда Ресей соғыс жариялаған мемлекет:
Швеция
696. Орыс тарихшысы В.О.Ключевскийдің 1725-1761 ж. аралығындағы Ресей тарихын атауы:
«Сарайлар төңкерісі дәуірі»
697. 1773-1775 жылдары Ресейде болған көтерілістің басшысы:
Е.Пугачев
698. 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрген және балаларға арналған ертегілер, педагогикалық ойлар, өмірбаяндық естеліктер жазған орыс патшасы:
ІІ Екатерина
699. І Петр Боярлар думасын таратып, орнына құрған мемлекеттік ұйым:
Сенат
700. 1700-1721 жылдары болған соғыс:
Солтүстік соғыс
701. ХVІІ ғ. алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет:
Дели сұлтандығы
702. ХVІ ғ. Солтүстік Үндістан мен Ауғанстанда Ұлы Моғолдар мемлекетін құрған қолбасшы:
Бабыр
703. Орта ғасырда Үндістандағы діни орындардың меншігіндегі жер:
Вакф
704. ХVІІІ ғ. ортасында Үндістанды отарлау үшін соғысқан мемлекеттер:
Англия мен Франция
705.ХІV-ХV ғ. Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтарды жаулап алған мемлекет:
Осман империясы
706. ХVІІ ғ. Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған басты жағдай:
Сипахилік жүйенің ыдырауы
707. 1730 ж. Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған:
Патрон Халил
708. ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Англия мен Францияның «осман мұрасын» бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі:
Ресейдің Балқан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенді
709. ХVІІІ ғ. Цин империясының ұстанған сыртқы саясаты:
Оқшаулану саясаты
710. 1628-1644 жы. Қытайдағы шаруалар көтерілісінің басшысы:
Ли Цзычэн
711. Цин империясы құлаған жыл:
1912 ж.
712. 1757 ж. бастап Қытай императоры Цяньлунның еуропалықтарға байланысты ұстанған саясаты:
Қытайға келуіне тыйым салды
713. Жоңғар хандығының негізі қаланған жыл:
1635 ж.
714. Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы:
Батыр сұлтан
715. ХVІІ ғ. Жапонияда билікті қолында ұстаған әскери адамдар:
Сегундар
716. ХVІІ ғ. аяғынан бастап билік құруда «шығыстық король», «батыстық техника» принципін ұстанған мемлекет:
Жапония
717. Аларих бастаған вестготтар Римді басып алған жыл:
410 жыл
718. 476 жылы Батыс Рим императорына қарсы шыққан қолбасшы:
Одоакр
719. Суассон қаласының маңындағы франктердің римдіктерді талқандау жылы:
486 жыл
720. Франк мемлекетінде салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы:
Король
721. Франк мемлекетінде толық иелік-аллодтың иелері:
Жасақ басшылары мен нөкерлер
722. 732 жылы араб әскерлерінің франктерден жеңілген жері:
Пуатье
723. Франк империясының королі Ұлы Карл билік еткен жылдар:
768-814 жылдар
724. Франк королі Ұлы Карл император болып жарияланған жыл:
800 жыл
725. Ұлы Карл өлгеннен кейін, 843 жылы құрылған мемлекеттер:
Франция, Германия, Италия
726. V-X ғасырлардағы византиялық императордың атағы:
Василевс
727. Император Юстиниан билік құрған кезең:
527-565 жылдар аралығы
728. VII ғасырдың 70- жылдары Византияның солтүстік-шығысында құрылған алғашқы славян мемлекеті:
Болгар патшалығы
729. 661-750 жылдары Араб халифатында Омейя әулеті тұсындағы әкімшілік бөлініс:
5 жергілікті аймақ
730. «Замана тарихы» атты 30 томдық тарихи-географиялық энциклопедияның авторы:
Әл-Масуди
731. Эфталит-ақ ғұндардың қазақ даласындағы көшпелі ғұндардан негізгі айырмашылығы:
Иран тілінде сөйлеуі
732. Эфталит тайпаларының бірігіп, ірі мемлекет құрған кезеңі:
V ғасыр
733. « Феод» сөзінің мағынасы:
Cыйға берілген жер үлесі
734. Феодалдық құрылыстың ең басты белгісі:
Жердің негізгі табыс пен байлық көзіне айналуы
735. Әскери іспен айналысатын феодалдар:
Рыцарьлар
736. Шаруалардың феодалдан алған жер үлестері үшін еңбекпен өтеу міндеткерлігі:
Барщина
737. Германияда калалардың пайда болып, өсе бастаған кезеңі:
X-XI ғасырлар
738. Реконкиста сөзінің мағынасы:
Арабтарға қарсы күрес
739. Испаниядағы әлеуметтік топтар өкілдерінің жиналысы:
Кортес
740. Ортағасырлық Италияда ірі феодалдардың атауы:
Гранттар
741. Чомпилер сөзінің мағынасы:
Жалдамалы жұмысшылар
742. XV ғасырда Еуропада ашылған университеттер саны:
65
743. XII ғасырдағы Русьтегі ең елеулі поэзиялық шығарма:
«Игорь жорығы туралы жыр»
744. Готикалық құрылыстар салынған кезең:
XII-XV ғасырлар
745. Алғаш христиан шіркеуін басқарған:
Рим епископы
746. Католик және православиелік шіркеулердің бөлінген жылы:
1054 жыл
747. 1095 жылы осы қалада II Урбан папа Иерусалимді мұсылмандардан азат етуге шақырды:
Клермон
748. Шығысқа жасалған крест жорықтарынын саны:
8
749. Кресшілердің Иерусалимді алған жылы:
1099 жыл
750. Жапонияда VII ғасырдан бастап барлық билік және барлық жер иелігін қолына алған:
Микадо
751. Жапонияның бірігуі аяқталды:
Токугава тұсында
752. Токугава әулеті сегундарының билік еткен мерзімі:
265 жыл
753. IV-V ғасырларда Қытайда кең тараған дін:
Будда
754. Пагода сөзінің мағынасы:
Бірнеше қабат биік будда діни мұнарасы
755. Ұлы Моғол империясын құрған адам:
Бабыр
756. Үнділердің киелі жануары:
Сиыр
757. Осман империясындағы мешіт иелігіндегі жер:
Вакуф
758. Ортағасырлық түрік әскерлерінің атауы:
Сипахилер
759. Түркияда жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері пайда болған кезең:
XIII ғасырда
760. «Гайдуктер» сөзінің мағынасы:
Болгар және серб партизандары
761. Хорезмшах мемлекетінің астанасы:
Үргеніш
762. Моңғол шапқыншылығы алдында (1200-1220 жылдары) Хорезмде билік еткен шах:
II Мұхаммед
763. XV ғасырда аспан әлемін бақылайтын орын- обсерватория- салынған қала:
Самарқан
764. «Шахнама» поэмасынын авторы:
Фирдоуси
765. Ж.Баласағұнидің атақты шығармасы:
«Құтадғу білік»
766. «Манас» поэмасын тұңғыш хатқа түсірген қазақ ғалымы:
Ш.Уәлиханов
767. Егіпет халқынын ислам дінін қабылдау кезеңі:
VII ғасырдың ортасында
768. XI ғасырда «Білім үйі» ашылған қала:
Каир
769. Киев Русінің ұсақ кінәздіктерге бөліну уақыты:
XII ғ.30-жылдары
770. Мәскеу қаласы салынған жыл:
1147 жыл
771. Францияда 1539 жылы мемлекеттік тіл ретінде француз тілін енгізген король:
I Франциск
772. 1485-1603 ж.ж. Англияда билік еткен әулет:
Тюдорлар
773. Германиядағы реформация көсемі:
М.Лютер
774. XVI ғасырда Еуропадағы реформациянын мазмұны:
Католик шіркеуіне қарсы қозғалыс.
775. XVII ғасырда Италияның Еуропадағы ең артта қалған мемлекет болуының басты себептері:
Саяси бытыраңқылық пен шет елдерге тәуелділігі
776. Инк тайпаларының елі:
Перу
777. Дүние жүзін айналып өткен тұңғыш саяхатшы:
Фернан Магеллан
778. «Кім көп еңбек етсе, сол адам бақытты болады»- сөздерінің авторы:
Леонардо да Винчи
779. Аса көрнекті суретші Рафаэль Сантидің картинасы:
«Сикст мадоннасы»
780. «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романының авторы:
Рабле Франсуа
781. «Аспан денелерінің айналысы туралы» еңбектің авторы:
Н.Коперник
782. Куликово шайқасы басталған күн:
8 қыркүйек 1380 жыл
783. Украинаның Ресей қосылған жылы:
1654 жылы
Достарыңызбен бөлісу: |