Дүние жүзі тарихы пәнінен тест сұрақтары



бет1/4
Дата02.07.2018
өлшемі63,34 Kb.
#45588
  1   2   3   4

http://kumarov.jimdo.com

Дүние жүзі тарихы пәнінен тест сұрақтары.

1. X ғасырда Ұлы Моравия мемлекетінің орнына құрылған мемлекет:

Чех мемлекеті

2. Еуропада кең тараған славян тайпаларының бөлінуі:

үш топқа

3. Орыс жерінде Киев Русі атты мемлекеттің құрылу кезеңі:

X ғасыр

4. Киев Русінде христиан дінін қабылдау жылы:



988 жыл

5. Орыс мемлекетінің нығайып, гүлденуіне негіз қалаған кінәз:

Ярослав Мудрый

6. Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуына түрткі болған оқиға:

«Ұзақ парламенттің» шақырылуы

7. Секуляризация дегеніміз................

Рухани және әлеуметтік өмірдің дін ықпалынан босауы

8. ХҮІІІ ғ. Индустриялық өркениеттің отаны:

Англия

9. Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:



Абсолютизм және феодалдық тәртіптер жойылды

10. ХҮІІ ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай:

Абсолютті монархия мен ескі феодалдық тәртіптер

11. Еуропалық отаршылдық саясатты тудырған тарихи жағдай:

Ұлы Географиялық ашулар

12. Англияда ХҮІ ғ. басталған қауымдық алқаптарды қоршаудың әлеуметтік-экономикалық салдары:

Жерден айырылған шаруалар қалаларға шоғырланды

13. Шіркеуді епископтар мен шіркеу соттары билігінен және құпиялықтардан тазартуды жақтаушылар:

Пуритандар

14. Ағылшын буржуазиялық революциясының нәтижесінде орныққан мемлекеттік басқару формасы:

Парламенттік монархия

15. 1639 ж. Ағылшын королі І Карлдың парламентті шақыру себебі:

Шотландиямен соғыстың басталуы

16. 1649 ж. диггерлер қозғалысында ұсынылған талаптар:

Жердің қоғамдастырылуын

17. 1653 ж. Англияда қабылданған жаңа конституция – «Басқару жоспарының» мәні:

Кромвель лорд-протектор болып тағайындалды

18. 1688 ж. Англияда орнаған мемлекеттік басқару жүйесі:

B) Парламентті монархия

19. ХVІІ ғ. қалыптасқан Ағартушылық көзқарастың мәні:

Қоршаған әлемді ғылым мен тәжірибе арқылы тану

20. Монарх өте сауатты, данышпан философ болуы керек деген қағиданы ұстанған ағартушы:

Франсуа Мари Аруэ

21. Атеистер – ..............

E) Құдайды жоққа шығарушы ағартушылар

22. Барлығы бірдей тең және ортақ мүлікке иелік ететін қоғам ең әділетті қоғам деп есептейтін француз ойшылы:

C) Жан Мелье

23. Шотландық экономист әрі философ Адам Смиттің экономикалық теориясының мәні:

Адам өзінің жеке мүддесін ойлай отырып қоғамды жақсарта түседі және байытады

24. ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда қоғамды қайта құруды насихаттағандар:

Ағартушылар

25. Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені:

Виргиния

26. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы болған жылдар:

1775-1783 ж.

27. Отары бар мемлекет:

Метрополия

28. АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның тарихта қалдырған еңбегі:

«Тәуелсіздік декларациясы»

29. 1778 ж. АҚШ-тың Франциямен одақтық келісім жасауға қол жеткізген дипломат:

Бенжамин Франклин

30. АҚШ-тың тұңғыш президенті:

Д.Вашингтон

31. 1783ж. АҚШ пен Англия арасындағы келісімшарттың басты нәтижесі:

Құрама Штаттар тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылды

32. 1787 ж. АҚШ Конституциясының толығымен демократиялық сипатта болмау себебі:

Қара түстілерді құлдыққа алудың заңдастырылуы

33. АҚШ Конституциясы қабылданған жыл:

1787 ж.

34. ХVІІ ғ. Франциядағы сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі:



Бас штаттар

35. Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға:

E) Бастилияның алынуы

36. 1789 ж. Француз революциясының басты саяси жетістігі:

Абсолюттік монархияның құлауы

37. Тарихта тұңғыш рет «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдаған республика:

Франция

38. 1792 ж. Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы одақ құру себебі:



Француз революциясын тұншықтыру үшін

39. 1792 ж. 22 қыркүйектегі Франция тарихындағы маңызды оқиға:

Францияның республика болып жариялануы

40. 1793 ж. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке келгендер:

Якобиншілдер

41. Француз буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:

Абсолюттік монархия жойылды

42. ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай:

Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан артта болды

43. Ресейдің болашақ астанасы – Санк-Петербург қаласының құрылысы басталған жыл:

1703 ж.

44. 1721 ж. Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі:

Ништад келісімі

45. Еуропалық ойлауды орыс дәстүрімен алғаш сабақтастыра білген орыс патшасы:

І Петр

46. І Петр ұйымдастырған Петербургтегі алғашқы орыс мұражайы:



Кунсткамера

47. І Петр жүргізген үздіксіз соғыстардың жалпы ұлттық мақсаты:

Ресейдің теңізге шығу жолына ие болу

48. 1700 ж. 9 тамызда Ресей соғыс жариялаған мемлекет:

Швеция

49. Орыс тарихшысы В.О.Ключевскийдің 1725-1761 ж. аралығындағы Ресей тарихын атауы:



«Сарайлар төңкерісі дәуірі»

50. 1773-1775 жылдары Ресейде болған көтерілістің басшысы:

Е.Пугачев

51. 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрген және балаларға арналған ертегілер, педагогикалық ойлар, өмірбаяндық естеліктер жазған орыс патшасы:

ІІ Екатерина

52. 1700-1721 жылдары болған соғыс:

Солтүстік соғыс

53. ХVІІ ғ. алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет:

Дели сұлтандығы

54. ХVІ ғ. Солтүстік Үндістан мен Ауғанстанда Ұлы Моғолдар мемлекетін құрған қолбасшы:

Бабыр

55. Орта ғасырда Үндістандағы діни орындардың меншігіндегі жер:



Вакф

56. ХVІІІ ғ. ортасында Үндістанды отарлау үшін соғысқан мемлекеттер:

Англия мен Франция

57. ХV ғ. Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтарды жаулап алған мемлекет:

Осман империясы

58. ХVІІ ғ. Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған басты жағдай:

Сипахилік жүйенің ыдырауы

59. 1730 ж. Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған:

Патрон Халил

60. ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Англия мен Францияның «осман мұрасын» бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі:

Ресейдің Балқан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенді

61. ХVІІІ ғ. Цин империясының ұстанған сыртқы саясаты:

Оқшаулану саясаты

62. 1628-1644 жы. Қытайдағы шаруалар көтерілісінің басшысы:

Ли Цзычэн

63. 1757 ж. бастап Қытай императоры Цяньлунның еуропалықтарға байланысты ұстанған саясаты:

Қытайға келуіне тыйым салды

64. Жоңғар хандығының негізі қаланған жыл:

1635 ж.

65. Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы:



Батыр қонтайшы

66. ХVІ ғ. соңында Жапонияда билікті қолында ұстаған әскери адамдар:

Сегундар

67. ХVІІ ғ. аяғынан бастап билік құруда «шығыстық король», «батыстық техника» принципін ұстанған мемлекет:

Жапония

68. ХVІІ-ХVІІІ ғ. араб әлемінде жүзеге аса бастаған саяси жағдай:



Капиталистік-отаршылдық жүйенің ықпалына түсе бастауы

69. ХVІІ ғасырда Иранды билеген әулет:

Сефевидтер әулеті

70. ХVІІ ғ. Ирандағы мемлекет меншігіндегі жер:

Дивани

71. 1795 ж. АҚШ-пен бейбітшілік және достық туралы шартқа қол қойған араб елі:



Алжир

72. 1869 ж. іске қосылған Суэц каналын салған мемлекет:

Франция

73. ХVІІІ ғ. Иран халқының ауғандарға қарсы күресін басқарған ......



Нәдір

74. ХVІІІ ғ. Иран шахы Нәдірдің саяси беделінің түсу себебі:

Үздіксіз жүргізген соғыстарының халыққа ауыр зардаптар әкелуі

75. Иранның Каджар әулеті тұсындағы астанасы:

Тегеран

76. Каджар әулеті тұсындағы Иран жерінің әкімшілік аймақтары:



Вилаеттер

77. ХVІІ ғ. Ирандағы отбасы меншігіндегі жер:

Хассэ

78. Мәдениет пен мемлекеттіліктің өзіндік дәстүрлерін бұрын жасаған елдер:



Шығыс елдері

79. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Еуропалық жаулап алушылар құрған сауда тірек пунктері:

Факториялар

80. ХVІІ ғ. басына қарай Батыс Еуропа елдерінің ішінде сауда және отарлық біріншілікті иемденген мемлекет:

Голландия

81. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Англияда «мемлекет ішіндегі мемлекет» атанған ерекше құрылым:

Ост-Үнді компаниясы

82. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Қытай, Жапония елдерінің шетелдік отаршылдарға елді тонатпау үшін ұстанған саясаты:

«Жабық есік»

83. Қытай рыногын жаулап алу жолындағы «апиын соғыстарының» бастамашысы болған мемлекет:

Англия

84. ХVІІІ-ХІХ ғ. Шығыс елдерінің экономикалық саяси және мәдени жағынан артта қалуының басты себебі:



Еуропалық отаршылдардың тонаушылық саясаты

85. Метрополия дегеніміз.....

Отар иемденген мемлекет

86. Экспансия саясатының мәні:

Мемлекеттің өзінің ықпалын басқа елдерге түрлі әдістермен тарату саясаты

87. Дүние жүзінде отаршылдық жүйенің негізін қалағандар:

Сауда компаниялары

88. Өздерінің бақытсыздығын машинадан көрген жұмысшылар:

Луддашылдар

89. 1819 ж. Англияда лорд Ливерпуль кабинетінің әлеуметтік заң шығару саласында жасаған маңызды қадамы:

9 жасқа дейінгі балаларды жұмысқа алуға тыйым салынды

90. 1764 ж. «Дженни» атты механикалық ұршықты ойлап тапқан инженер:

Дж. Харгривс

91. 1765ж. Бу машинасын ойлап тапқан:

Джеймс Уатт

92. Өнеркәсіп төңкерісінің мәні:

Өнеркәсіптің машиналық техникаға сүйенген фабрикалық жүйесіне өтуі

93. «Дүниежүзілік шеберхана» атанған мемлекет:

Англия

94. ХІХғ. 30-50 жылдары Англиядағы пролетариаттың бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы:



Чартизм

95. ХІХ ғ. Англияда ірі жер иеленушілердің, ірі кеме иелері мен саудагерлердің мүддесін қорғаған саяси партия:

Консерваторлар

96. ХІХ ғ. соңында ағылшын экономикасының даму қарқынының төмендеу себебі:

Шетелдерде ағылшын тауарларына жоғары салықтардың салынуы

97. 1804 ж. Рим папасы салтанатты түрде тәж кигізген император:

І Наполен

98. 1799 ж. 9 қарашадағы Франциядағы мемлекеттік төңкерістің нәтижесі:

Консулдық жүйе орнады

99. І Наполеонның өнеркәсіпке жасаған қолдауы:

Өнеркәсіпке мемлекеттік жәрдем ақша мен сыйлық беріп отырды

100. Англияны экономикалық тұрғыдан күйрету мақсатында Наполеонның жүргізген шарасы:

Құрлықты қоршауды жариялады

101. 1813 ж. 16-19 қазанда Лейпциг түбінде жарты млн. астам жауынгер қатысқан шайқас:

«Халықтар майданы»

102. 1815 ж. Ватерлоо түбіндегі шайқастың нәтижесі:

Наполеон жеңіліс тауып, Әулие Елена аралына жер аударылды

103. Францияда екінші республика жарияланған жыл:

1848 ж. 25 ақпан

104. Наполеон Бонапарттың келуімен Францияда орныққан әкімшілік жүйе:

Монархиялық жүйе

105. Франция-Пруссия соғысы басталған жыл:

1870 ж.

106. Францияда 1814 ж. тақ басына келген династия:

Бурбондар

107. 1870 ж. 19 шілдеде...........

Франция-Пруссия соғысы басталды

108. 1871 ж. Франция республикасының «герцогтер республикасы» деп аталу себебі:

Ұлттық жиналыс мүшелерінің көпшілігі монархияшылдар

109. 1871 ж. 21-28 мамыр аралығындағы күндердің «қанды апта» оқиғасы деп аталу себебі:

Париж Коммунарлары мен Версаль әскерлерінің арасындағы қырғын соғыстың болуы

110. 1848-1849 жылғы Германия революциясының қорытындысы:

Революция жеңіліспен аяқталды

111. 1848-1849 жылғы Италия революциясының нәтижесі:

Революция жеңіліспен аяқталды

112. ХІХ ғ. ортасында Италияда біртұтас ұлттық мемлекет құру жөнінде нақты жоспар ұсынған граф:

Камилло Бенсо Кавур

113. Біріккен Герман империясының бірінші канцлері:

Отто фон Бисмарк

114. ХІХ ғ. І жартысында Ресейдің экономикалық дамуының басты ерекшелігі:

Капиталистік қатынастың күшеюі

115. 1861 ж. Ресейде қабылданған реформаның мәні:

Басыбайлы құқықты жойды

116. 1880 ж. Ресейдегі марксизм идеясының ірі теоретигі:

Г.В.Плеханов

117. Ресейдегі бірінші орыс революциясы жүзеге асқан жылдар:

1905-1907 ж.

118. 1860 ж. теміржолдардың ұзындығы бойынша дүние жүзінде бірінші орынға жеткен мемлекет:

АҚШ

119. 1861 ж. АҚШ аумағындағы штаттың саны:



40

120. АҚШ-та қоныс аударушылардың жыртылмаған жерлерді өз бетімен басып алу тәсілі:

Контрабанда

121. ХІХ ғ. І ж. АҚШ азаматтарының «жоғары» өрлеуіне мүмкіндік жасаған жағдай:

Еуропадан иммигранттардың үздіксіз ағылып келуі

122. ХІХ ғ. ІІ ж. АҚШ -тың теміржол және болат құю зауытының қожасы :

Э.Карнеги

123. ХVІІІ-ХІХғ. АҚШ-тың оңтүстік аймағында үстемдік еткен шаруашылықтың түрі:

Плантациялық шаруашылық

124. 1793 ж. АҚШ-та мақта тазалайтын машина ойлап тапқан …….

Эли Уитни

125. ХVІІІ-ХІХғ. АҚШ экономикасының «королі» ретінде, шетке шығарылған басты тауар:

Мақта

126. Латын Америкасы елдеріндегі ірі жер иеліктері:



Латифундия
127. ХІХғ. І жартысында АҚШ өнеркәсібінің дамуына кедергі болған жағдай:

Плантациялық құлдық шаруашылықтың үстемдігі

128. 1803 ж. АҚШ-тың Франциядан сатып алған жері:

Луизиана


129. ХІХғ. басында АҚШ-тың Испаниядан тартып алған жері:

Флорида


130. АҚШ-тың Ресейден Алясканы сатып алған жылы:

1867 ж.


131. Томас Джефферсон мен оны жақтаушыларының есептеуінше АҚШ-тың гүлденуіне негіз болатын экономикалық саясат:

Ауыл шаруашылығын барынша қолдау

132. ХІХ ғ. ортасында АҚШ-тың саяси күресінде ең шиеленіскен мәселе:

Құлдық жүйенің сақталуы

133. АҚШ Президенттерінің ұзақ жылдар бойы құлдықты жоя алмау себептері:

Оңтүстік штаттардың одақтан шығамыз деп талап қоюларынан

134. ХІХ ғ. басында «Америкалық отарлар қоғамының» ұсынған идеясы:

Қара түстілерді Африкаға қайтару

135. АҚШ-та құлдықты жоюды жақтағандар:

Аболиционистер

136. Олигарх...........

Аз ғана топ ақсүйектердің, финанс алпауыттарының саяси және экономикалық үстемдігі

137. АҚШ-та азамат соғысы болған жылдар:

1861-1865 ж.

138. 1860 ж. АҚШ-та президенттік сайлауда бір-біріне қарсы тұрған партиялар:

Демократтар мен республикашылдар

139. 1860 ж. АҚШ президенті болып сайланған және құл иеленушілікті жоюды жақтаушы:

Авраам Линкольн

140. АҚШ тарихындағы ең қантөгісті соғыс:

Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы Азамат соғысы

141. 1861-1865 ж. АҚШ-тағы азамат соғысының басты тарихи маңызы:

Құлдық жойылды

142. Конкистадорлар..........

испан-португал басқыншылары


143. Латын Америкасы елдерінде құлдық жойылған ең алғашқы ел:

Гаити
144. ХVІІІ- ХІХ ғ. Латын Америкасы елдеріндегі буржуазиялық-демократиялық төңкерістердің басты мақсаты:


Тәуелсіздік алу
145. 1810 ж. Мексика ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы:

Мигель Идальго


146. 1826 ж. бастап бұл ел Аргентина деп аталады:

Біріккен Ла-Плата провинциялары


147. 1791 ж. Гаити аралындағы құлдар көтерілісінің басшысы:

Франсуа Доменик Туссен


148. 1825 ж. құрылған бұл мемлекет өзінің азат етушісінің құрметімен аталады, ол – ........

Боливия
149. ХІХ ғ. жаңа тәуелсіз Латын Америкасы мемлекеттерінде күшті экономикалық және саяси ұстанымын орнатуға мүмкіндік алған мемлекет:

АҚШ
150. 1823 ж. «Монро доктринасының» мәні:

АҚШ-тың америка ісіне державалардың араспауын талап еткен мәлімдемесі


151. Императорын Көк тәңірінің ұлы деп есептеген мемлекет:

Қытай
152. ХVІІІ-ХІХ ғ. Қытайдың дүние жүзі елдерінен дамуы жағынан артта қалу себебі:

Ешқандай елмен дипломатиялық не сауда байланысын жасамауынан
153. Бірінші апиын соғысы болған жылдар:

1840-1842 ж.


154. 1840-1842 ж. Англияның Қытайға соғыс жариялауының себебі:

Пекиннің ағылшындардың Қытайға апиын сатуына тыйым салуы


155. 1842 ж. Нанкин келісімшартында қабылданған шешім:

Қытай ағылшындар үшін бес порт ашуға және контрибуция төлеуге мәжбүр болды


156. 1850-1864 ж. аралығында Қытайдың экономикалық күйзелісі мен апиын қозғалысының зардаптарынан туған шаруалар соғысы:

Тайпиндер көтерілісі


157. Қытайда екінші апиын соғысы болған жылдар:

1856-1860 ж.


158. Англия мен Франция Пекинде өздерінің елшіліктерін ұстауға және өз азаматтарының Қытайда емін-еркін жүріп-тұруына мүмкіндік берген келісім:

Тяньцзинь келісімі


159. 1858 ж. Айгунь келісімі бойынша Ресей меншігі деп танылған аймақ:

Амур өзенінің сол жақ жағалауы


160. 1850-1864 ж. тайпиндер құрған мемлекеттің идеологиясы:

Ежелгі қытай дәстүрлерін сақтау, көне ережелерді құрметтеу


161. 1894-1895 ж. жапон-қытай соғысында күйреген Қытай саясаты:

«Өзін-өзі күшейту»

162. ХІХ ғ. Қытайды ауыр жағдайдан шығарудың жолын іздеген революциялық-демократиялық қозғалыстың көсемі:

Сунь Ятсен


163. 1894 ж. құрылған «Қытайды қайта өркендету қоғамының» басты мақсаты:

Қытай Республикасын құру


164. ХХ ғ. Қытайдағы «ашық есік» саясатының мәні:

Қытай рыногы үшін күресте барлық державаларға тең құқық


165. ХХ ғ. басында Қытай капитализмінің дамуына кедергі болған басты жағдай:

Шетелдіктердің отарлау саясаты


166. Сунь Ятсен тұжырымдаған үш принциптің бірі:

Монархиялық биліктен бас тарту


167. Қытайда Синьхай революциясы болған жылдар:

1911-1913 ж.


168. Қытай Республикасының тұңғыш президенті:

Сунь Ятсен


169. Қытайда маньчжур үстемдігі құлаған жыл:

1912 ж.
170. ХІХ ғ. «жабық есік» саясатын ұстанған, жері ірілі-ұсақты аралдардан тұратын мемлекет:

Жапония
171. ХVІ ғ. Жапонияға алғаш келген еуропалықтар:

Португалдар


172. ХVІІғ. Жапонияда шетелдіктердің кіруіне, жапондықтардың шығуына тыйым салған саясаты:

«Жабық есік»

173. 1867-1868 ж. Мэйдзи төңкерісінің мәні:

Императорлық билікті қайта қалпына келтіру

174. ХІХ ғ. Жапония императоры өз мемлекетінің дәстүрлеріне сәйкес келетін мемлекеттік құрылысты таңдау үшін қабылдаған шешімі:

Батыс елдерінің тәжірибесін үйрену үшін шетелге арнаулы делегация жіберді

175. Мэйдзи үкіметінің Жапония капитализмін дамыту үшін жүзеге асыра бастаған саясаты:

Жаңа шикізат көзін табу үшін басқыншылық саясатты жүзеге асырды

176. 1876 ж. Жапон экспансиясының алғашқы құрбаны болған мемлекет:

Корея


177. Жапонияда ұлттық қозғалыстың болмау себебі:

Бір ғана ұлттан тұрғандықтан

178. 1889 ж. құрылған жас түріктер партиясы:

«Бірлік және прогресс»

179. 1857-1859 ж. Үндістандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына түрткі болған оқиға:

Сипай әскерлерінің қару-жарақтарына қажетті оқ-дәріге байланысты болуы

180. 1857-1859 ж. сипайлар көтерілісінен кейінгі Англияның Үндістанда енгізген саяси өзгерістері:

Әкімшілік билік вице-корольге берілді

181. ХІХ ғ. І жартысында Үндістанды өзінің тауарларын өткізу рыногына және шикізат көзіне айналдырған мемлекет:

Англия


182. Үндістанда алғашқы тоқыма фабрикасы пайда болды................

1854 ж. Калькуттада

183. 1885 ж. Үндістанда құрылған жалпы-үнділік саяси партия:

Үнді Ұлттық Конгресі

184. ХІХ ғ. Үндістан радикалдарының ұлттық өнеркәсіпті бәсекелестіктен сақтап қалу үшін жасаған мәлімдемесі:

Ағылшын тауарларына бойкот жариялау

185. 1885 ж. құрылған Үнді Ұлттық Конгресінің радикалдық қанатының көсемі:

Б.Тилак


186. ХХ ғ. басында Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың аса белсенді ошағы болған аймақ:

Бенгалия


187. 1905 ж. Үндістандағы отаршыл өкіметтің Бенгалияны екіге бөлудегі мақсаты:

Үнділер мен мұсылмандар арасында діни алауыздықты тудыру

188. ХХ ғ. басындағы Үндістан халқын ағылшын отаршылдарына қарсы күреске шақырған үндеу:

«Өз тауарларымыз»

189. 1888 ж. билікке келген, өзін «мұсылмандардың қорғаушысымын» деп мәлімдеген германдық император:

ІІ Вильгельм

190. ХІХ ғ. Германияның Осман империясына орныққандығының белгісі:

Немістердің Берлин-Стамбул-Бағдат теміржолын салуы

191. 1889 ж. Стамбулда құрылған «Бірлік және прогресс» партиясының алға қойған мақсаты:

Конституциялық мемлекет құру

192. «Жас түріктер» революциясы басталған жыл:

1908 ж.


193. 1826 ж. янычар әскерлерінің көтеріліске шығу себебі:

Янычар әскерінің таратылуы

194. 1828-1829 ж. орыс-түрік соғысынан кейін өзін-өзі басқару құқығына ие болған князьдіктер:

Грекия, Сербия, Дунай

195. 1839 ж. Түркия тарихында басталған жаңа реформалық кезең:

Танзимат


196. Ресей патшасы І Николайдың түрік сұлтанына жолдаған ультиматумындағы талабы:

Осман империясы құрамындағы барлық православиелік халықтарға орыстардың ықпалын мойындауы

197. ХІХ ғ. Осман империясының сұлтаны ІІ Махмұдтың мемлекетті басқару ісіне енгізген өзгерістері:

Еуропалық үлгідегі министрліктер құрылды

198. 1856 ж. Осман империясының экономикасына шетелдік қаржының көптеп келуіне кең жол ашқан саясат:

Шетелдіктерге жеке меншік және қозғалмайтын мүлік алуға рұқсат беру

199. ХVІІІ-ХІХ ғ. Осман империясының иеліктерін жаулап алуға ұмтылған батыс еуропалық мемлекеттердің саясаты:

«Шығыс мәселесі»

200. 1865 ж. Стамбулда құрылған құпия ұйым:

«Жаңа османдар»

201. 1908 ж. «Жас түріктер» революциясынан кейінгі Осман империясында жүзеге асқан саяси өзгерістер:

Конституциялық монархия орнады

202. ХХ ғ. Осман империясы арқа сүйеген Батыс державасы:

Германия


203. 1796 ж. Тегеранға француз елшілерінің келу себебі:

Иран шахын Ресей мен Англияға қарсы айдап салу үшін

204. 1813ж. Гулистан келісіміне қол қойған мемлекеттер:

Ресей мен Иран

205. 1828 ж. Туркманчай бітімінде Ресей пайдасына қабылданған шешім:

Каспий теңізінде әскери флот ұстау құқы түпкілікті бекітілді

206. 1848-1852 ж. Иранда хандар мен шах өкіметінің билігіне наразылық білдірген халық көтерілісі:

Бабшылдар көтерілісі

207. ХІХ ғ. Иранды экономикалық жағынан тәуелді елге айналдыру бәсекелестігіне түскен елдер:

Англия мен Ресей

208. 1872 ж. Иранда 70 жыл мерзімге мұнай мен табиғи байлықтарды игеруге тиімді концессия алған ағылшын капиталисі:

Ю. Рейтер

209. Еуропада тұңғыш телескоп жасаған ғалым:

Галилео Галилей

210. Дүниежүзілік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым:

Исаак Ньютон

211. Еуропада есептеуіш машинаны ойлап тапқан ғалым:

Готфрид Вильгельм Лейбниц

212. Шіркеулік музыканың жан-жақты дамуына жол ашқан ұлы композитор:

И.С.Бах


213. Барлық білім тәжірибеден жинақталады деген пікірді ұстанған ағылшын философы:

Джон Локк

214. 1875 ж. Мысыр монархынан Суэц каналын сатып алған мемлекет:

Англия


215. 1897 ж. соңында герман империалистері өзінің ықпал ету аймағына айналдырған Қытай провинциясы:

Шаньдун


216. Франция мен Пруссия соғысында Франция айырылып қалған аймақтар:

Эльзас пен Лотарингия

217. 1895 ж. Масквеллдің электромагниттік толқындар теориясына сүйене отырып көзге көрінбейтін Х-сәулелерін ашқан герман физигі:

В.К.Рентген

218. «Париж ана құдайы ғибадатханасы» мен «Күлегеш адам» атты әйгілі романдардың авторы:

В.Гюго


219. Ірі неміс ақын-жазушысы Иоганн Вольфганг Гетенің өлеңмен жазған трагедиясы:

«Фауст»


220. Оның шығармасы би, славян ұлттық әуендері негізіне құрылған, оны «мазурка королі» деп атаған:

Ф.Шопен



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет