Дүние жүзіндегі маңызды мəселелердің бірі — жұмыссыздық деңгейін төмендету жəне жұмыссыздарды жұмысқа тұрғызу. Бұл мәселе біздің елімізде де өзекті болып тұр. экономикалық өсуге жұмыссыздықтың тигізер əсері айтарлықтай деңгейде, яғни жұмыссыздық деңгейі жоғарылаған сайын елдің экономикалық жағдайы нашарлап, тұрақсызданады.
Жұмыссыздықтың себептері оның түрлеріне байланысты. Мысалы жасырын жұмыссыздық өндіріс немесе мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданғандықтан пайда болса, фрикциондық жұмыссыздық еңбек нарығындағы бос жұмыс күші туралы ақпараттың жоқтығы себебінен пайда болады. Ал жұмыс күші тек маусымдық кезеңде қолданылуы маусымдық жұмыссыздыққа әкелсе, технологиялық жұмыссыздық адамды машинамен ауыстыру себебінен туындайды.
2019 жылғы шілдеде Қазақстанда жұмыссыз жүрген 440,9 мың адам тіркелген, бұл жұмыс күші санының 4,8%-ын құрайды (маусымда 4,8%). Ал 2015 жылы бұл көресеткіш 5% ды құраған. Яғни 4 жыл ішінде 0,2 пайызға төмендеген.
Жұмыссыздық деңгейі кедейшілік деңгейін aрттырып қaнa қоймaйды, сонымен қaтaр психологиялық соққы болып есептеледі. Және де біздің Елбaсы Н.Ә. Нaзaрбaевтың «Қaзaқстaн-2050» Стрaтегиясындa және тaғы бaсқa стрaтегиялық құжaттaрындa жaстaр сaясaтының негізгі ерекшеліктері мен олaрдaн күтілетін нәтижелер aтaлғaн, сондaй-aқ дaмып келе жaтқaн Қaзaқстaнның бaзaлық ресурсы ретінде жaстaрғa үлкен сенім мен жaуaпкершілік aрттырылaды.
Бұл мәселені шешу үшін жекеменшік секторын қаржыландыру қажет, сонымен қатар жалпы кəсіпкерлік секторды инвестициялау қажет. Жұмыссыздық экономикалық әрі әлекметтік факторлардың бірі болғандықтан тез арада өз шешімін табу қажет.